М.Мұқатаев «Үш бақытым», Д.Әбілов «Туған тілім»

Алматы қаласы, Алмалы ауданы

№ 58 жалпы білім беретін мектептің

бастауыш сынып мұғалімі

Астемесова Назым Усеналиевна

Пәні: әдебиеттік оқу

Күні: 19.10.17ж

Сынып: 3 «Б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы М.Мұқатаев «Үш бақытым», Д.Әбілов «Туған тілім»
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары «Үш бақытым», «Туған тілім» өлеңдерімен таныстыру.Оқушыларды Мұағали Мақатаев пен Дихан Әбіловтың өмірімен таныстру;Оқушыларды туған жерін, елін қорғай білуге баулу.Патриоттық сезімдерін ояту және ой белсенділігін арттыру.
Сабақтың мақсаттары Барлығы:оқушылар өлеңді мәнерлеп оқуға жаттығады ,өлеңнің негізгі идеясын ашады

Көбі: Екі өлеңді салыстырып, айырмашылығын ажыратады, өз ойын білдіреді

Кейбірі: Жұппен, топпен бірлесіп жұмыс жасауға қалыптаса бастайды,ортақ шешім қабылдап, талқылауды үйренеді, өмірмен байланыстырады

Жетістік критерийлері
  • оқушылар өлеңді мәнерлеп оқуға жаттығады
  • өлеңнің негізгі идеясын ашады
  • Өлеңдегі үш бақытты салыстырып, айырмашылығын ажыратады
  • Өз ойын білдіреді
  • Жұппен, топпен бірлесіп жұмыс жасауға қалыптаса бастайды.
  • Ортақ шешім қабылдап, талқылауды үйренеді
Құндылықтарды дарыту ізденімпаздық, отанға, халыққа, тілге деген құрмет, елжандылық
Пәнаралық байланыс музыка,қазақ тілі
Қолданылыатын әдіс-тәсілдер АКТ, топтастыру, «Инсерт» түртіп алу, «Ортадағы қаламсап», Вен диаграммасы
АКТ қолдану дағдылары проектр
Көрнекіліктер Оқулық, «Даналық ағашы», үлестірмелер
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

Топқа бөлу

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылық-ты ояту

Психологиялық дайындық: от шашу (жарайсың сөзін қайталау арқылы балалардың көңіл күін көтеру)

Түсіне қарай жұлдыздар таңдап орындарына отырады

«Ортадағы қаламсап» әдісі

  1. Өлеңді мәнерлеп оқу
  2. Ақын тәуелсіз елдің балалары қандай болу керек дейді?
  3. Өлеңдегі жақсы-жаман әдеттерді ата
  4. «Халықтың кемеліне келіп өркендеуі үшін ең алдымен азаттық пен білім керек» -деген Шоқан Уәлихановтың сөздерін түсіндіріп көр

(оқушы мен мұғалім, оқушы мен оқушы арасындағы кері байланыс арқылы бағаланады)

Сергіту сәті

Бейне әуен көре отырып жаттығуларды қайталау

«Бақыт» дегенді өздері қалай түсінетінін айтқызу

орындарынан тұрып шапалақ ұру арқылы от шашу жасау

түрлі-түсті қағаздар

қаламсап белгісі,

топтамалар

Сабақтың ортасы

Білімдерін бекіту кезеңі

  • Тақырыппен таныстыру
  • «Даналық» ағашын толтыру арқылы авторлардың өмірбаянымен танысу
  • «Үш бақытым» өлеңін аудио жазбадан тыңдату
  • Талдау
  • «Еркін микрафон» әдісі арқылы халық, Отан , тіл сөздеріне түсінік беру (микрафон кімге беріледі сол оқушы сөйлейді)
  • «Инсерт түртіп алу» әдісі арқылы түсіндірме , сөздік жұмысын жүргізу
  • «Тілім менің» өлеңін оқушыға оқыту
  • Талдау
  • «Инсерт түртіп алу» әдісі арқылы түсіндірме , сөздік жұмысын жүргізу

Венн диаграммасы арқылы

( «спикер» сайланып басқа топқа апарып түсіндіреді, басқа топтар жауаптарына келіссе сол жерге белгі жабыстырады)

Бәйтеректің макеті

Оқулық, дәптерлер.

Үй тапсырмасы: Еркін тақырып ұнаған өлеңді жаттау
Сабақтың соңы

Кері байланыс

«Жетістік баспалдағы» бойынша

«Жетістік баспалдағы»

Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.Топпен жұмыста балаларда белсенділік, ұйымшылдық басым болып, сабақтың мақсатына жетуге ықпал етті

2. «Үш бақытым» өлеңін талдағанда «Еркін микрофон» тәсілін қолданғанда оқушылар емін – еркін өз ойларын ашық жеткізе білді, сабаққа деген қызығушылық басым болды

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Спикерлердің түсіндірулері келесі сабағымды жақсартуға ықпал етеді

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

АКТ
Құндылықтармен байланыс

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше