Темір және түсті металл кендері
Алматы қаласы, Алмалы ауданы № 58 жалпы білім беретін мектептің
бастауыш сынып мұғалімі Даулетбаева Кенжетай Желеуовна
| Пәні: дүниетану | Тексерілді: | Мектеп:№ 58 ЖББ мектеп | |||
| Күні: 20.10. 2017ж | Мұғалімнің аты-жөні:
Даулетбаева К.Ж. |
||||
| Сынып: 4 «Ә» | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | ||||
| Сабақ тақырыбы | Темір және түсті металл кендері | ||||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | Түсті металдардың қасиеттері мен түрлерін ажыратып,сипаттайды. Түсті металл кенін игеру жолдары және адамзатқа тигізер пайдасы туралы ойларын тұжырымдайды. | ||||
| Сабақ мақсаттары | Барлық оқушылар: пайдалы қазбалардың түрлерін біледі
Көптеген оқушылар: түсті металлдан не жасалатынын біледі, олардың қандай пайдасы бар екенін біледі Кейбір оқушылар: қандай кендер өндірілетінін, олар қалай өндіретінін, қайда жіберетінін біледі. |
||||
| Бағалау критерийлері |
|
||||
| Тілдік мақсаттар | Тілдік мақсаттарды, лексикамен тіркес мысалдарын қоса анықтаңыз
газ, мұнай, көмір, темір, алюминий, мыс, алтын, күміс, никель, қорғасын, ас тұзы, гранит, әктас, құм, сазбалшық, мәрмәр. |
||||
| Құндылықтарды дарыту |
|
||||
| АКТ қолдану дағдылары | суреттер, тапсырамалар | ||||
| Бастапқы білім | Пайдалы қазбалар туралы біледі | ||||
| Сабақ барысы | |||||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |||
Сабақтың басы
|
Ой сергіту: видеоролик «Көңілді күн»
Кенді пайдалы қазбалар түрлері бойынша топқа бөлу. Топтық тапсырма беру: Ι-топ Темір. ΙΙ-топ Алюминий. ІІІ – топ. Мыс. ІХ – топ Алтын. Х – топ. Күміс. Ассоциация жасау. Темір Алюминий Мыс Алтын Күміс 1. Пайдалы қазба деп нені айтады? 2. Қолданылуына қарай пайдалы қазбалар қандай топтарға бөлінеді? 3. Кен деп нені айтады? Кеннің қандай түрлерін білесің? 4. Темір кенін қандай әдіспен өндіреді? 5. Болатты қалай қорытып алады? Металлдардың шартты белгілері. |
||||
| Сабақтың ортасы
8-10 мин |
М.К. Кен қара және түсті металдар болып бөлінеді.Олар әртүрлі қасиеттерге ие. Қара металл рудасы табиғи темірден тұрады, сондықтан оны темір рудасы деп атайды. Түсті металл рудасында табиғи темір жоқ, ол түсімен ерекшеленеді және тот баспайды, өзінің қасиеттерін ұзақ сақтайды.
Темір рудасы – магниттік қасиетке ие, ауыр, қатты тас. Егер оған құбылнаманы жақындатсаң, оның магнит тілі темір кені бар жерге қарай бұрылады. Қазақстанда темір рудасының қоры өте көп. Картада ол қара үшбұрышпен белгіленген. І – топ. Темір кен орындары. ІІ – топ. Түсті металл кен орны. ІІІ – топ. Темір рудасы. ІХ – топ. Алюминий металы. Х – топ. Қорғасын, мырыш. Қара металл мен түсті металдың ұқсастығы мен айырмашылығы айта отыра венн диаграммасын жасау.
Топ басшысы өз топтарының мүшесін бағалайды Үйге тапсырма: мәтінді түсініп оқу,кескін картамен жұмыс, қосымша іздену Сергіту сәті Аспанға қарап ай көрдік, Төменге қарап жер көрдік Оңға, солға бұрылып Қазбаға бай ел көрдік. |
Бағдаршам | |||
| Сабақтың соңы
7-8 минут Үйге тапсырма |
1. Алюминий – қызғылт түсті жұмсақ металл (жоқ)
2. Мыс электр тоғын жақсы өткізбейді (жоқ) 3. Мыс телефон , телеграф байланысына кеңінен қолданылады.(иә) 4. Мыс басқа металдармен қосылып, қорытылмайды. (жоқ) 5. Жез алюминий мен мырыштың қосындысы (жоқ) 6. Мыстың қалайы, алюминий, никель және басқа металдармен қоспалары қола деп аталады.(иә) 7. Ежелгі дәуірде қоланы қару – жарақ жасауға пайдаланды.(иә) 8. Сондықтан ол кезең мыс дәуірі деп аталды. (жоқ) 9. Жезқазған, Қоңырат мыс кен орындары дүние жүзіне әйгілі (иә) 10.Алюминий – қара түсті ауыр металл (жоқ) 11. Алюминий бокситтен алынады. (иә) 12. Боксит Жезқазғаннан өндіріледі (жоқ) 13. Қорғасын – қоңыр түсті, өте жеңіл металл (жоқ) 14. Мырыш – сұрғылт түсті металл (жоқ) 15. Мырыш күнделікті тұрмыста қолданылмайды (жоқ) 16. Мырыш пен қорғасын қосылып, полиметалл кенін құрайды. (иә) 17. Полиметалл кенінде алтын, күмістің қоспасы жоқ (жоқ) 18. Полиметалл кені Алтай өлкесінде мол.(иә) |
Үш шапалақ | |||
| Мадақтау арқылы «Жарайсың» «Тамаша» Оқушылардың қателерін ескере отырып, өздеріне түзетуге мүмкіндік беру | Өзара бағалау және мұғалімнің бақылауы арқылы бағалаймын | Сергіту сәті | |||
