Ағылшын тілі пәні бойынша сыныптан тыс әзірлеме Интеллектуалды ойын “Understand me”
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
“Калинин жалпы білім беру орта мектебі” КММ
Ағылшын тілі пәні мұғалімі Хуанган Аягул
Сыныптан тыс әзірлеменің жоспары
Күні: 18.09.2015
Мақсаты: Оқушылардың ағылшын тілі пәніне деген қызығушылықтарын арттыру ,сөздік қорларын толықтыру, ұжымда жұмыс жасауға тәрбиелеу, әртістік қабілеттерін ашу, дамыту .
Қатысатын сыныптар: 7-9
Әдіс- тәсілі: ойын түрінде
Көрнекілік: интербелсенді тақта, суреттер, галстуктар
Әзірлеменің барысы:
Dear quests and pupils welcome to our game which is called “Understand me”. First I want to invite our participants the first command is “Blue ties”, the second command is “Green ties”. Now they are going to introduce themselves. Our competition has 3 tours. Introduce with the rules of game.
I .Команда мүшесіне жүргізуші бір сөзді айтады, ол жүргізуші айтқан сөзді өз тобына сол сөзді айтпай оның не екенін түсіндіруі керек, топтың мақсаты ол сөзді табу. 1-ші турға арналған сөздер.
(book, dog, house, apple, car, umbrella, phone, kangaroo, chair, TV, blackboard, shop, hand, doll, school )
II. Ойыншыларға 3 бөлім берілген топ мүшелері бір бөлімді таңдайды, топ мүшесі белсенді тақтада пайда болған суретке қарап оны іс-әрекет, қимыл арқылы жеткізіу қажет. Топ мүшелерінің мақсаты сөзді табу.
(ANIMALS: cow, fish, lion, monkey, bear, pig, chicken, cat
FAMOUS PEOPLE: Michael Jackson, Dima Bilan, Arnold Shwarsnegr, PSY, Jackie Chan, Jim Kerry, Kairat Nurtas,
PROFESSIONS: teacher, painter, photographer, driver, singer, cooker, hairdresser, waiter )
III. Топтан бір қатысушы алдыға шығады, оның артында интербелсенді тақтадан суреттер көрсетіліеді қатысушы суретке қарамайды, қалған топ мүшелеріне сұрақ қою арқылы қандай сөз жасырылғанын табу керек. (computer, China, boll, bee, eyes, the Earth, banana, bus)
Conclusion:
Thank you for competition. It was interesting and funny. The winner of ours competition is “Red ties” our congratulations. “Green” you were also good thank you.
7-9 «А», «Б» сыныптарында ағылшын тілі пәнінен
«Understand me» атты тақырыпта сыныптан тыс өткізілген сайысқа сараптама
Күні:18.09.2015
Өткізген ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Хуанган Аягүл
7-9 сыныптар оқушыларының қатысуымен ақпан айында ағылшын тілі апталығына орай «Understand me» сайысы өтті. Сайыстың мақсаты оқушылардың тілдік білімдерін қандай деңгейде екенін бақылау, басқа сыныптар оқушыларымен сөйлесу арқылы тілдерін жаттықтыру. Сайыстың бөлімдеріндегі тапсырмалар арқылы оқушылардың актерлік қырларын көрсету болды. Сайыс III бөлімнен тұрды. Оқушылар «Red ties», «Green ties» деп екі топқа бөлінді. I бөлімде жүргізіші яғни мұғалім бір сөзді жасырады қай топ бірінші болып жауап берсе сол топ жеңеді. II бөлімде интербелсенді тақтадан шыққан сурет арқылы әр топтан шыққан топ мүшесі қимыл, ишара арқылы өз тобына сол сөзді жасырды. III бөлімде топтың бір мүшесі ортаға шықты, топтағы қалған қатысушыларға интербелсенді тақтадан сурет көрсетілді алдыға шыққан оқушы ол суретті көрмейді ол топ мүшеліріне сұрақ қою арқылы жасырын сөзді тапты. Сайыс өте қызықты өтті оқушыларға жасырын сөзді тауып, сөзді жасырып тұрған адамды түсіну қажет болды.Қазылар алқасы ӘБ-тің басшысы Нашарова Толкын Жакановна, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тактанова Гулден Муратовна дұрыс жауаптарды санап жеңімпаз ретінде «Red ties» тобын таңдады.Сайыс сабағымда өз мақсатыма жеттім деп санаймын.
ӘБ-тің басшысы Нашарова Толкын Жакановна интеллектуалды ойын қызықты өтті. Оқушылардың ағылшын тілін жақсы меңгергендігі байқалды. Сөзді жасыру барысында оны түсіндіру үшін сөздік қорларының мол болуы түсінікті жағдай, олар оны көрсете білді.
Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Хуантай Амангүл
Маған ұнағаны ойынның оқушыларды жалықтырмағандығы, әр оқушы өзінің әртістік қабілеттерін көрсете білді. Осындай сайыстар арқылы мен ойынға қатысушы оқушыларды басқа қырларынан таныдым. Мұғалімге осындай дарынды оқушылардың қабілеттерін ары қарай дамыта беруіне тілектеспін.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Тактанова Гулден Муратовна
Ағылшын тілі пәні мұғалімі ретінде мен көбінесе оқушылардың айтылымдарының дұрыс болуларын және сөз тәртібін дұрыс қолдануларын қадағаладым. 7 «А»- сынып оқушысы Асетов Айбек үшінші жылы ағылшын тілін оқып жатқанына қарамастан оның ағылшын тіліндегі айтылымы жақсы болды. Ал 9 «Б» сынып оқушысы Козодой Юлия өзінің сөздік қорының молдығын көрсетті.
