«Менің отаным -Қазақстан»

Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы

“Калинин жалпы білім беру орта мектебі” КММ

Ағылшын тілі пәні мұғалімі Хуанган Аягул

«Балдырған» бөбекжайындағы жоғары топтағы тілдердің

үштұғырлығын дамыту сабағының жоспары

Күні:

Тақырыбы: «Менің отаным -Қазақстан »

Мақсат:

Білімділік: Балаларды Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерімен, елордасы Астана қаласымен таныстыру. Үш тілде атауларын білу,білімдерін толықтыру.

Дамытушылық:Балалардың дүниетанымын кеңейту, тіл байлығын, сөйлеу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Отансүйгіштікке, ҚР рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: Интерактивті тақта, слайдтар

Сабақ барысы:

1 этап.

Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар? (дети здороваются на трех языках)

Біз сіздерді шаттық шеңберіне шақырамыз. Өлең шумақтары арқылы, өз сезімімізді білдірейік.

(Балалар шаттық шеңберіне тұрады, мұғалімдермен бірге, өлең шумақтарын қайталайды).

Өс, өркенде сен гүлден,

Күн шуақты кең өлкем

Пой, расти и расцветай

Солнечный, прекрасный край

Sing, grow and bloom

Sunny, wonderful land

Мұғалім: Шеңберді бұзайық, кеңінен тұрайық. (Балалар орнына тұрады ).

Орыс тілінің мұғалімі: Вы слышите, что за звук?

Балалар: Ұшақ ұшып келе жатыр апай.

(Интербелсенді тақтамен жұмыс.Аудиожазба «Баймырза ауылының «Балдырған» әуежайына ТУ-154 ұшағы келіп қонды. »)

Мұғалім: Балалар сіздерді ұшқыш ағай қошеметтеп тұр.

(Интерактивті тақтадағы ұшқыш Сәлем! Привет! Hi! Деп айтады.)

Ұшқыш ағайдың бізге тосын сыйы бар екен. Қане оны көрейікші. Хаттың ішіне жасырыпты екен ғой.Сіздердің көмектеріңіз қажет. Хаттарымызды ашайық. Қане, бірінші хатты кім ашады?

(Хатта ҚР рәміздері: ән ұран,ту, елтаңба жасырылған, балалар мұғалімдердің соңынан үш тілде бұл сөздерді қайталайды)

2 этап Физминутка. Шаршадыңдар ма, балалар? Қане, барлықтарыңызды сергіту сәтіне шақырамыз.

(Орыс тілінің мұғалімі сергіту сәтін өткізеді, сергіту сәті көңілді әуенмен және интерактивті тақтада ұшақ видеосымен өтеді.Балалар орыс тілінің мұғалімімен бірге іс- қимылдарды және өлеңді қайталайды.)

Мы садимся в самолет

(Дети приседают)

Отправляемся в полет

(Заводят самолет, встают, говорят жж-жу)

Мы летим над облаками

(Руки в стороны)

Машем папе, машем маме

(По очереди обеими руками)

Видим как течет река

(Имитируют волну)

Видим в лодке рыбака

(Закидывают удочку)

Осторожнее: гора!

(Наклон в лево, в право)

Приземляться нам пора!

(Приседают)

Мұғалім: Балалар ұщқыш ағайдың тосын сыйына да , кезек келді. Тосын сыйды көрейік.

(Тақтадан отшашу анимациясы көрсетіледі.)

3 этап

Рефлексия.

  • Балалар сіздерге сабақ ұнады ма?
  • Сендер ұшақпен ұшқыларын келеді ма?
  • Кім өскенде ұшқыш болғысы келеді?

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше