Сілтеу есімдігінің түрленуі
Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы
Р. Исетов атындағы № 20 жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Отарбаева Фатима Тоқтасынқызы
| Сабақтыңатауы | Сілтеу есімдігінің түрленуі | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сілтеме | Қазақ тілі мен әдебиеті, мектеп жұрналы, ғаламтор | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Жалпымақсаты |
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Оқушы үшіноқунәтижелері | Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін артады.Тапсырмаларды орындау барысында шапшаңдыққа үйренеді, сөйлемге талдау жасау қабілеттері артады. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сабақтатуындағаннегізгіидеялар | Қазақ тілінің сөздік қорының молдығы, әр сөздің мағыналық түсінігінің кеңдігі. | ||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Тапсырмалар |
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
| Сабақ бойынша жазбалары:
Сабақтың барысы. І.Мотивация(Ұйымдастыру) кезеңі: І.І.Оқушылармен сәлемдесу,түгендеу. І.ІІ.Оқушы зейінін толық сабаққа аудару. І.ІІІ. Оқушыларды топқа бөлу, топ басшысын сайлату. І.V. Бағалау парағын тарқату, түсіндіру. ІІ. Өткен тақырыпты пысықтау.
Әр топқа өтілген тақырыптан үлестірмелі қағаз тарқатылады , топ мүшелері үлестірмелі кеспелерде жазылған тақырыпты негізге ала отырып 10 сұрақ жазады. Дайындаған сұрақтарды топтар бір –біріне қояды.Сұрақтар арқылы үй тапсырмасы пысықталады. 1. Зат есім. 2. Сан есім. 3. Сын есім.
Оқушыларға ақындардың өлеңдерінен үзінді оқылады, ішінен есімдіктерді және өлеңнің авторын табуы керек.(өлеңдер слайд арқылы көрсетіледі және әр топқа қағазға жазылып беріледі) І топ Шығамын тірі болсам адам болып, Жүрмеймін бұл жаһанда жаман болып, Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе, Жүргенше өмір сүріп , надан болып?! Мен балаң жарық күнде сәуле қуған Алуға күнді барып белді буған, Жұлдыз болып, көрмеймін елдің бетін, Болмасам толған Айдай балқып туған. (С. Торайғыров «Шығамын тірі болсам адам болып») ІІ топ Соқтығып әркімге бір ұсынады, Сиырдың тентек болған танасындай. Сондай жанның ешкімге сүйкімі жоқ, Жылқының қотыр болған аласындай. Жақсы болар баланың жүзі жақсы , Орыстың күймей піскен бөлкесіндей. Жақсыға үлкен-кіші бәрі жақсы , Жасынан бірге өскен еркесіндей. (С.Аронұлы «Жақсы мен жаман адамның қасиеттері») ІІІ топ Жаңғыртып кең даланы , Салдым күшті дауыспен ән! Әніме қосылды : кең дала, Аққулы – қазды шалқар көл, Қамысты –құрақты көк өзен. Қосылды бәрі шуласып Қосылды бәрі шаттанып . Сендерге ,қарындастар . Сендерге , інілер Сендерге арналады бұл әндер! (С. Сейфуллин «Далада») (Дұрыс жауабы слайд арқылы тексеріледі) ІІІ. Жаңа сабақ. Сілтеу есімдігінің түрленуі.Сіздің мынауыңыз менің анама қатты ұнайды. Мен осыған қатты таңырқадым ( Балалардың өздеріне сөйлемдердегі сілтеу есімдіктеріне жалғанған қосымша жалғаудың қай түрі екенін таптыру.) Сілтеу есімдіктері зат есімнің орнына жүріп, зат есімше тәуелденеді және септеледі. Сілтеу есімдіктерінің тәуелдену үлгісі
Сілтеу есімдіктерінің септелу үлгісі
Оқулықпен жұмыс.
97-жаттығу. Мәтіннен жіктеу, сілтеу есімдіктерін тауып жазу. Маған, осы, осының, сол, мынаны, осыны,бұл,оған,содан.
Мақал – мәтелдерден қалып қойған сөзді орнына қою, оны үш тілге аудару. Татулық табылмас … . ( бақыт) Тіліңмен жүгірме , …. жүгір. (біліммен) Есептескен ….. болмас. (дос) ….. етсең емерсің. (еңбек) ….. білекте емес жүректе.(ерлік) …. қылыштан өткір.(тіл)
Бақыт- Біліммен- Дос- Еңбек- Ерлік- Тіл –
Сөйлемдегі сөздерді сөз құрамына талдау жасаңыз. 1.Осы маңайда мал жайылымы бар. 2.Бұл жарыста біз жеңеміз. 3. Мына көк қақпа –Құрмаш үйінің қақпасы. Үлгі: осы- есімдік маңай- зат есім -да – жұрнақ мал-зат есім жайылым- зат есім ы- жалғау бар- көмекші етістік ІV. Сабақты қорыту.
Ребусты шешу. V. Бағалау. Бағалау парағы арқылы көрші отырған топ бірін-бірі бағалағандарына сүйене отырып , бағалаймын.Бағалау парағыCыныбы: 7 ВТоп басшысы: |
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
