Ашық сабақ тақырыбы: «Анашым»
Атырау облысы, Атырау қаласы
№ 21 «Алтын кілт» балабақшасының саз жетекшісі
Айтжанова Құралай Бекболқызы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Тобы ортанғы №4 Күні, айы, жылы 12.02.2017ж
Білім беру саласы Шығармашылық
Оқу іс-әрекеті Музыка
Тақырыбы: «Анашым»
Мақсаты:
Білімділігі: музыка арқылы отбасы мушелерімен таныстыру. Дамытушылығы: Әнді көңілді орындау, жанр түрлерін ажырату қабілеттерін дамыту: Тәрбиелігі: ән арқылы сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері:таныстыру, тыңдату, орындату
Көрнекілігі: Баян,слайд, жүрек, таратпа материялдар.
Полилингвальді компанент ана – мама –mother
| Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Мотивациялық қозғаушы бөлім | Залда «Маматенка» әуені орындалып тұрады.балалар залға жетекші бастауымен кіріп шеңбер бойына орналасады.
Әуенмен амандасады. -Саламатсыздарма балалар?! Шеңбер бойында ырғақтық жаттығулар орындау 1 марш 2 аяқ ұшы 3 өкше Бізге қарап елжіреп, … Сүйсе беттен күнім деп, Құшақ ашса келші деп, Жүгіреміз күлімдеп. -Балалар өлең жолдары кім туралы айтылған? Мына жүрекшені алып бір-бірімізге береміз. Әуен аяқталғанда кімнің қолында жүрекше қалса сол бала анасы туралы жылы сөзін айтады. |
Балалар залға әуенмен кіріп шеңбер бойында орналасып, жетекшімен амандасады.
-Саламатсызба?! Балалар жетекшімен ырғақтық жаттығулар орындады.
Балалар жүрекпен аналары туралы айтып өтеді. |
| Ұйымдастырушы-ізденуші бөлім | Аллдын ала дайындалған орындықтарға балалар әуен ырғағымен жайғасады.
-балалар жерде жүрген құмырсқадан, ұшқан құсқа дейін бәрінің анасы бар. Сізде жана аналарңыз туралы неше түрлі сөздер айтып өттіңіздер. Біз анмен баланың дауысын ажырата аламызба? Ана даусы орташа биіктікте болса, бала даусы жоғарғы биіктікте болады. Ана даусы орташа немесе жай екпінде келсе, бала даусы тез және көңілді келеді. Алдарыңызада сурет берілген, дауыс тембрне сай кезекпен кезек бояу тапсырылады.ал бір бала тақтамызға шығып сыйқырлы қалам көмегімен бойайды. Ән тыңдау. «Құс және балапан» Дауыс жаттығуы. «ууу-ууу-ууу» Тақтада жұлдызша салынған бет ашылады.бала сол жұлдыза бойымен жүре отырып дауыс жаттығуын орындау. Ән айту «құттықтаймын мама» Ән алдын ала жетекші орындауында таныстырылады. Балаларға сөзі кейін әуені үйретіледі. Әнді махаббатпен көңілді орындау үйретіледі. Музыкалық дидактикалық ойын. «Үйде не болып жатыр» балаларға 3 жанрдағы әуен ұсынылады. 1 би 2 ән 3 марш Жанрға сайкес карточкалармен белгілеу. 3 бала тақтадан орындас, қалған балалар орындарынан орындайды. |
Балалар жетекші таныстырған слайдпен танысып, ана туралы білімдерін бекіте түседі.
3 биіктікті Жай Орташа Тез 2 көңіл-күйді Көңілді Көңілсіз атап өтеді. «Құс және балапан» тапсырмасын әуенді тыңдай отырып ажыратады. Дауысқа жаттығу орындайды. Жаңа әнмен танысып, сөзімен әуенін үйренеді. «Үйде не болып жатыр» дидактикалық ойыннын карточкаларды қою арқылы белгіледі. |
| Рефлексивті- коррекциялаушы бөлім | Балалар әуенмен шеңберге орналастырып
«өз өздеріне массаж» әуен ырғағымен саусақ ұшымен дене бойына жүріп отырып массаж орындату. Жетекші балалармен алған әсерлерін бөлісіп, қоштасады. |
Балалар көңілді массаж орындады.
Жетекшімен алған әсерлерін бөлісіп залдан әуен ырғағымен шығады. |
Білуі: ән арқылы анаға өз махаббаттарын, сыйластығын жеткізу жолдарын білді.
Ұғынуы: әуен тембрн, жанрн ұғымдарымен танысып ұғынды.
Жасай алуы: әуенге сәйкес ырғықтық қимылдар жасай алды.
