Ортақ іс табысы

Жамбыл облысы, Талас ауданы,

Шона Сымаханұлы атындағы орта мектептің

өзін-өзі тану пән мұғалімі Аманбаева Гүлжан

Мерзімі: 12.12.2017жыл

Тақырып: Ортақ іс табысы.

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттер: Қамқорлық , мейірімділік, бірлік

Мұғалiм: Аманбаева Г.

Сынып: 4 ә

Сабақ мақсаты: Оқушылардың «еңбек» , «сыйластық» «ынтымақ» құндылықтары

туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Білімділік: Қамқорлық,бірліктің адам өміріндегі маңызын түсіндіру;

Дамытушылық– Оқушылардыізгі істерге жетелейтін мейірімділік қасиеттерін

дамыту;

Тәрбиелік: Мейірімді ,ықыласты ,бірлікте болуға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Суреттер,үнтаспа, оқулық ,қаламсап

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл-күйін сұрау, сабаққа қатысуын тексеру.

2.Тыныштық сәтi. -Балалар ,денелеріңді түзу ұстап,бастарыңды жоғары көтеріп,ыңғайланып отырыңдар.Көздеріңді жұмыңдар.Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар.Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап,бақытқа,махаббат пен тыныштыққа толы таза,шипалы ауаның тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.Ал енді көздеріңді ашуға болады.

3.Үй тапсырмасын тексеру.

«Мақтаншақ жолбарыс» әңгімесін түсініп оқып келі

1.Жолбарыс пен бұлбұл әрекеттері туралы не айтар едіңдер?

2.Жолбарыс бұлбұлдан не үшін кешірім сұрады?

Оқушылардың жауаптары тыңдаймыз

5,Оқиға айту «Аққу.шортан hәм шаян» (Крыловтың мысалы .Аударған :А.Байтұрсынов)

Жүк алды Аққу,Шаян, Шортан бір күн.Жегіліп тартты үшеуі дүркін-дүркін.Тартады Аққу көкке Шаян кейін.жұлқиды суға қарай Шортан шіркін.Бұлардың машаққаты аз болмады.Жұмысы орнына кеп мәз болмады.Тарта да бар күштерін аямай ақ,асылы жүк орнына қозғалмады.Оншада ол жүк артық ауыр емес құр сырттан пәлен деуде тәуір емес.Жүк бірақ әлі күнге орнын да тұр,бірыңғай тартпаған соң бәрі тегіс.Жігіттер мұнан ғибрат алмай болмас әуелі бірлік керек болсақ жолдас.Біріңнің айтқаныңа бірің көнбей,істеген ынтымақсыз ісің оңбас.

Сұрақ :

1.Жүкті кімдер тартты?

2.Олар жүкті қалай тартты ?(Үшеуі үш жаққа )

3.Жүкті неліктен орнынан қозғалта алмады?(Өйткені олар бірігіп жұмыс істемеді.)

5.Әңгiмелеу « Көп біріксе береке» мәтінін оқу

Сұрақ:

1.Ортақ іс дегенді қалай түсінесіңдер?

2.Асар деген сөздің мағынасы қалай?

«Адам өз ортасына сыйлы,ортақ істерді жүзеге асыруда адал болса еңбегі нәтижелі болады» деген халқымыз

6.Шығармашылық жұмыс.

Ойын -жаттығу

Айтылған ойды бекіту үшін «Күш -бірлікте» атты ойын-жаттығу ұйымдастырылады.

Достықтың мәнін түсіндіру және балалардың денесін бір сәт сергіту үшін сергіту сәті ұйымдастырылады.Мына өлең жолдары,қимылдарымен екі рет қайталанады:

Санайық жаңаша: (Орындарынан тұрады.)

Бір,екі,үш….. (Екі қолын алға,жоғары,екі жанына созады.)

Желбіре жалауша!(Қолдарын жоғары көтеріп,әрі-бері бұлғайды.)

Достықта біздің күш!(Қолдарын ішке қарай бүгеді.)

Оқулықта берілген суретке қарап әңгіме құрастыру.

7. Дәптермен жұмыс:

Дәптерде берілген ребусты шешу.

7.Топпен ән айту.

Оқушыларменбірге шеңберге жиналып бәріміз қосылып «Дос болайық бәріміз!» әнін айтамыз.

8.Үй тапсырмасы. Төле би туралы аңызды оқу.
9. Қорытындылау, соңғы тыныштық сәтi.

«Бірлік түбі – береке» дегенді қалай түсінесіңдер?

Олар бірліктің нәтижесінде неге қол жеткізді?

Шаттық шеңберін құру. «Білуге құштармыз» деген өлең жолдарын кезекпен оқу.

Білуге құштармыз,

Қаламды ұстармыз.

Ұшатын ұядан,

Балапан құстармыз.

Тезірек өсеміз,

Сөйлеуге шешенбіз.

Жұмбақты жасырып,

Жұмбақты шешеміз.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше