Топтық ұйымшылдықты жоғарылату тренингі
Рахимова Асия Гарифуллаевна
Жетіген ауылы №11 орта мектеп психологы
Алматы облысы Іле ауданы
Тақырыбы: Топтық ұйымшылдықты жоғарылату тренингі
Мақсаты: Топтық шиеленісті төмендету үшін және топтық ұйымшылдықты жоғарылатуға бағытталған. Сонымен қатар қатысушыларға бір іс-әрекет түрінен екінші іс-әрекет түріне тез ауысуға көмектеседі.
Қатысушылар саны: 15 адам
Бағдарлама ұзақтығы: 1 күн
Жұмыстың ұзақтығы: 1,5 сағат
Қатысушылар жасы 14-18 жас
Нұсқау: Топқа бөлу үшін жүргізуші ортаға себетпен (қызыл,сары,жасыл түстегі ) конфеттер алып шығып қатысушыларға ұсынады. Қатысушылар қалаған түстегі конфетті алады.
Психолог қатысушыларға осы түстер бойынша топқа бөлінуін сұрайды.
Сергіту сәтін ұйымдастыру. Мақсаты: осы жаттығу арқылы топтағыларға жылы эмоционалды байланыс орнату , өзара сенімділік орнату.
Топтарға тапсырма беріледі: әрбір топ бейнелеуге қиын болатын сөздерді ойластырады.Содан кейін басқа топтағы қатысушыны шақырып құлағына сол сөзді сыбырлап айтады да,сол қатысушы өз тобына сол сөзді вербалды емес түрде көрсету қажет.Солай әр кезек-кезек қатысушы осы тапсырманы орындайды.
Жаттығу«Инвалидтер үйі»
Топтарға әрқайсысы ролге бөлінеді :бірінші-«мылқау және соқыр», екінші-«паралитик және саңырау», үшіншісі-«саңырау және мылқау». Барлық топқа бір нәрсе айтылады. Олар өздері берілген тапсырманы қалай шешетінін өзара келісіп,шешімдерін басқаға айту керек.Содан кейін әр топқа бөлек ситуация беріледі. Бірінші топқа-сіздер теңізге демалуға барасыздар,сізге теңізге қалай баратындарынды,қалай шомыласыздар және т.б.с.с. шешуіңіз қажет. Екінші топқа-сіздер дачаға картоп қазуға баруларың қажет.Үшінші топқа-Сіздер бейтаныс қалаға баруларыңыз қажет. Соқырлар көздерін жұмады,саңыраулар естімейтін сияқты болады,паралитиктер қолдарымен қимылдамайды. Содан кейін олар өзара шешім қабылдап әр- бір топ барлығына көрсетеді.
Жаттығу«Зоопарк»
Отырып және тұрып ойауға болады. Әрбір қатысушы өзі қандай жануар болатынын таңдап, сол жануарды дыбыспен және жестермен бейнелеп беруі қажет. Барлық ойыншы бейнелеп көрсеткеннен кейін ойын басталады: бір ойыншы өзін көрсетіп сол уақытта басқа біреуді көрсетулері қажет. Сол өзін және басқаны бейнелеп көрсетеді.
Жаттығу: « Жиын»
Барлық қатысушы шеңбер байымен тұрады. Тренер әрбірінің құлағына ол болатын жануардың атын сыбырлап айтады. Жануарлардың бір түрін таңдаған жөн.Мысалы,тек құстарды.Жануарлардың саны қатысушылардың санымен таңдалынады.Содан кейін қатысушыларға тапсырма беріледі:сөзсіз,дыбыссыз және вербалды емес түрде өзіне тренер айтқан жануарды көрсету қажет.Мысалы,тренер құлаққа былай деп сыбырлайды:сен-үйрексің,сен-тауықсың,сен-бүркітсің, ал сен-қарғасың.Содан соң басынан-үйрек,тауық,бүркіт,қарға.Кейін команда бойынша барлығы қанаты барлар бір жиынға жиналуы қажет.Ойын аяқталғаннан кейін қатысушылар өз жиынын қалай тапқанын айтады.
Жаттығу: Урал таулардағы қақтығыс»
Ойында барлық топ қатысады.
Нұсқау: « Сіздер барлығыңыз Урал тауларының бойымен ұшып келе жатқан самолеттің адамдары. Сіздердің самолеттеріңіз кенеттен басқа сіз білмейтін жаққа бағыттап , құлайды.
ұшақшы қайтты, самолет жанып кетті, сіздер барлығыңыз тірі қалдыңыз. Барлығыңыз қысқы киімде; тегіс алаңға келіп түстіңіз. Ауа райы температурасы -4 С қар жауып тұр.
Самолеттен үлгеріп алған заттарыңыз:
- 6 жылы одеял
- бір винтовка жіне сегіз патрон
- бір жұп шаңғы
- космостық айна
- бір үлкен шам
- 20 пакет бутерброд әр пакетте екі бутербродтан
- полиэтилендік пленка 4*6
- электрлі фонарь
- пышақ
- авиациялық крата
- 6 жұп күнге қарсы көзілдірік
- 4 коробка сіріңке
Сіздердің келесі іс-әрекеттеріңіз қандай болады. Қазір бұл ситуациядан шығу жолдарын ойластырасыздар.
Топта екі вариант бар: Лагер құрып сол жерде көмекті күтіп отыру немесе біреуі шаңғы киіп жүру.
Дұрыс жауап- Көмекті күтіп отыру яғни лагерь салып және анда-санда разведкаға барып отыру.
Жағдаяттарды бірлесіп шешу
Үш топқа жеке-жеке тапсырма беріледі.
1 топ. Ұжымдағы өзара сыйластыққа қалай қол жеткізуге болады?
2топ. Егер сыныпта бір оқушы үнемі басқалармен өзара келісімге келе алмай дауласып, кикілжің тудыра берсе……………
3топ. Дүкенде сыныптас балалар құрбыларының туған күніне сыйлық таңдап жүр. Өзара келісімге келіп сыйлықты таңдау қиынға түсуде………….
Әр топ өздеріне берілген осы жағдаятты рөлге боліп шешімін тауып ойнап шығады
Рефлекция
Психолог: Кәнекей біз осы топтың неғұрлым ынтымақтастықта болуы үшін не сыйласақ болады, ойланып көрейік?
Әрқайсымыз өз тілегіміз арқылы сый жасайық. Мен мысалы сіздерге оптимизм және өзара сенімділікті сыйға тартқым келеді. Ары қарай әр қатысушы өз тілегімен бөліседі.
«Ал енді өзімізге қол шапалақтап қояйық!
Барлықтарыңыз топ болып жұмыс жасауда белсенділік таныттыңыздар!
Барлықтарыңызға қатысқандарыңызға рахмет!
