Оқушылар шығармашылығы
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Баймырза ауылы
«Калинин жалпы білім беру орта мектебі» КММ
Жетекшісі: Мырзаканова Тогжан Мейиржановна
Оқушылар тізімі:
- Жақан Бексұлтан
- Шаймұханова Айгерим
- Саутхан Айгерим
- Жанболат Мақпал
«Калинин жалпы білім беру орта мектебі» КММ
11 – сынып оқушысы Жақан Бексұлтан
Мектеп өмірі
«Мектеп өмірі» осы бір сөзді естігенде, әр адамның ойына балалық шағы, қызыққа толы мектептегі оқушы кезім есіме түседі. Мектеп кезінде достарыммен бірге алысып, шулағаны, талай мәрте мұғалімдерден сөгіс естіп, ұялғаның есіңе түссе, енді біреулерде басқаша жағдайлар болуы мүмкін. Осы бір кезең өміріңде мәңгі өшпейтін кезең болып ойыңда сақталады. Сол жылдарды есіңе алсаң, қайтып барғың келеді де тұрады. Осынау өмірде ең бақытты шақ – мектеп өмірінде гой!. Шіркін, осы өмірде оқушы болып қалсаң ғой! Бірге оқыған балалармен сабақтан алысып қайтқанға не жетсін?!
Биыл міне соңғы жыл. Мектепті аяқтап, балалық өмірмен қоштасып, үлкен өмірге қадам басамыз. Осыдан кейін сыныптастардың басы бір жерде қосылады ма, қосылмайды ма? Белгісіз. Бұл әрине болашақтың еншісінде.
Қандай жағдай болмасын мен сыныптастарыммен хабарласып, мүмкіндік болса, кездесіп тұрамын. Мен мектепті, сыныптастарымды, білім нәрімен сусындатқан мұғалімдерімді сағынатын боламын.
«Калинин жалпы білім беру орта мектебі» КММ
11 – сынып оқушысы Шаймұханова Айгерім
Достық
Достық дегеніміз не? Достық деген – ол екі адамның немесе бірнеше адамның бір – біріне деген сыйластығы, құрметі, сенімділігі, сүйіспеншілігі. Менің ойымша нағыз достар бір – бірін сөзсіз – ақ түсіну керек. Менің ең жаныма жақын жалғыз құрбым бар. Қазіргі уақытта бір – бірімізден алшақтамыз, себебі, ол қалада басқа мектепте оқиды. Бұл кедергі арамыздағы достықты мүлдем бұзбайды. Ол үйіне келіп тұрған кезде біз кездесіп, сыр шертіп, сағынышымызды басамыз. Маған көмек керек болған кезде, әрдайым қол ұшын береді. Мен де өз тарапымнан көмегімді аямаймын. Біз әрдайым барлық жерде бірге жүре бермейміз, біз жай ғана бір – бірімздің бар екенін білеміз.
Егер осындай қатынасты достық деп атауға болмаса, мен онда достық дегеннің не екенін білмегенім…
«Калинин жалпы білім беру орта мектебі» КММ
11 – сынып оқушысы Саутхан Айгерім
Мектептегі соңғы күндерім
Мен биылғы 2018 жылдың түлегімін. Мен үшін мектепте өткізіп жатқан әрбір сәтім қымбат. Себебі, осы уақыттар мектептегі соңғы күндерім. Мен осы мектептен өзіме жақын достар таптым, білім нәрімен сусындадым. Қалам ұстап, жазуды да осы мектептен үйрендім. Балалық шағымның қызықты сәттері осы мектеп қабырғасында өтті. Маған сыныптастарыммен жарыса оқитын кездерім, қызықты әңгімелер айтқан кездерді сағынатын боламын. Кеше ғана осы мектепке келген кішкентай ғана бүлдіршін едім, енді міне есейіп бой жетіп, түлек атанып отырмын. Мен мектебімдегі білім берген барлық ұстаздарға, мектебіме алғысым шексіз. Мен ешқашан білім нәрін берген білім ордамды ұмытпаймын!
«Калинин жалпы білім беру орта мектебі» КММ
11 – сынып оқушысы Жанболат Мақпал
Достық
Әрбір адамда өзінің жанына жақын досы болады. Ол досымен өзінің сырын бөлісіп, ақылын сұрап, бір – біріне үнемі көмектесуге дайын тұрады. Достық ол екі немесе одан да көп адамдардың бір – біріне деген адал қасиеті. Жақын дос басыңа қиын күн туғанда көмектесетін адам. Достардың мінездері ұқсас болуы мүмкін және керісінше де болып жатады. Бастысы екеуінің көзқарасы бірдей болғаны. Бұл дос болуға кедергі жасамайды. Ең негізгісі достар бір – біріне адал болып, әрдайым жаныңнан табылса болды.
