Табу сөздерінің тәрбиелік мәні. Ғылыми жоба жұмы сы

Алматы облысы, Қапшағай қаласы,

Заречный ауылындағы

№12 орта мектеп оқушысы

6 «А» сынып оқушысы Оразақын Нұрзат

Жетекшісі: қазақ тілі пән мұғалімі:

Молдабаева Эльмира Жаненовна

КІРІСПЕ

Тіл қаруы сөз, сөз қаруы – ой. Ақылды ой, алғыр сөз –адамның ең жоғарғы қасиеті. Мұралардың ең – қымбаты сөз. Сөз күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады. Асылы адам да, нәрсе де тозады., жоғалады. Асыл сөз мәңгі жасайды. Көшпелі өмір сүріп көшіп жүрген кездің өзінде –ақ ,ауызекі үлгі –өнеге ретінде ертегі, мысал әңгімелермен, ұлағатты ырым – тыйымдармен де баланы алғырлыққа, әдептілікке,еңбекқорлыққа үйретіп отырған.Балаларға жақсы тәрбие, үлгі –өнеге беруде табу сөздерінің атқаратын ролі зор.

Қызыл шоқтай қарыған,

Қазаққа тіл дарыған.

Бір сөзге ол семіріп,

Бір сөзден ол арыған.

Сипақтама, терлеме,

Сөйле, қане, ұшыңдар,

Тілді бізге бермеген,

Тістеп жүру үшін құр.

Келер пәле басыңа,

Кемел сөзге мін тақсаң.

Қастың өзі досыңа,

Айналады тіл тапсаң.

Жарлымын деп қаймықпа,

Намыс болса қасыңда.

Байлық деген байлық па,

Тіл байлығы жанында,- деп ақын Қ. Мырза – Әли

жырлағандай , бүгінгі менің сіздерге ұсынғалы отырған тақырыбым- сөз құдіретін терең түсініп, орынды қолдана білуге, шапшаңдыққа, іскерлікке және туысқан арасындағы қарым – қатынасының берік болуына тәрбиелеу мақсатында жұмсалатын ТАБУ сөздер.

Табу (индонезия “тыйым салу”) – әртүрлі наным-сенімнен, ырымдардан туындаған.

ТАБУ негізінен этнографиялық ұғыммен байланысты. Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөздер тіл білімінде табу деп аталынады. Мұндай тыйым салынған сөздер дүние жүзіндегі халықтардың көпшілігінде кездеседі. Бұл әдет әсіресе, түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының тұрмысында көп тараған. Табу – ескі наным-сенім, мифтік ұғым бойынша атын атауға тыйым салынған сөздер. Табу сөздер төмендегідей негізде қалыптасқан:

1) Табиғаттың дүлей күшіне байланысты тұрмыс-тіршілікке қауіпті сөздердің атын атауға тыйым салынған. Мысалы, жай түсті десе, адамға қырсығы тиеді деген сеніммен жай сөзін жасыл сөзімен алмастырып қолданған;

2) Адам өміріне қауіп-қатер төндіретін жыртқыш аңдар мен жәндіктердің атын атамай басқа сөзбен ауыстырып қолданған. Мысалы, қасқырдың атын тура атаса, малға шабады деген қорқыныштан қасқыр сөзін ит-құс, ұлыма деген сөздермен алмастырып қолданған;

3) Адамды опат қылатын ауру аттарын да атауға тыйым салынған. Мысалы, шешек ауруының атын атамай, оны қорасан деген сөзбен ауыстырып айтқан;

4) Қазақтың әдет-ғұрпы бойынша жаңа түскен келін қайын жұртындағы адамдардың атын тура атамай, олардың бойындағы, мінез-құлқындағы ерекшелігіне орай әрқайсысына ат қойған. Мысалы, қыздарға, әйел адамдарға Ақылдас, Ерке қыз, Еркем, Шырайлым, Айнамкөз, т.б. десе, ер балаларға, ер адамдарға Шырақ. Мырза жігіт, Төре бала, Би аға, т.б.

Осы ретпен абысын-ажын, қайын-қайнаға, ата-ене, нағашы-жиен, тіпті жиеншарға дейін ат қойып шыққан. Бұл қазақ халқының тапқырлығы мен озық ойлылығын білдіреді.

Қазақ тіліндегі табу сөздер біртіндеп жойылып бара жатыр десек те болады. Себебі, қазіргі таңда жас келіндер қайын-жұртының аты-жөнін тергеп жатпайды.

Табиғаттың дүлей күшіне байланысты тұрмыс-тіршілікке қауіпті сөздер,адам өміріне қауіп-қатер төндіретін жыртқыш аңдар мен жәндіктердің атын атамай басқа сөзбен ауыстырып қолданатын сөздер, адамды опат қылатын ауру аттарын да атауға тыйым салынған сөздер де сұйылып бара жатқандай

Ұрпақ санасына ұлттық қасиеттерді қалыптастыру тіл мен дін, салт пен сана,ұлттық дәстүр арқылы жүзеге асырылады. Халқымыздың бай тәжірибесінің дәлелі ретіндегі табу сөздердің ұрпақ тәрбиесінде қазір де мәні жойылған жоқ.Бәле-жала кесапаттан сақтандыратын тыйымдардың тәрбиелік мәні өте зор.Табу сөздер халқымыздың әлеуметтік өмірінде, тұрмыс-тіршілігінде жас буын тарапынан бұлжымай орындалып отырған.Табусөздерді заң ретінде қабылдаған.Табу сөздер қоғамдағы үлгі-өнеге, әдептіліктің негізгі қағидасы болып қалыптасқан. .Сондықтан қазіргі біздің ортамызда олқы соғып отырған имандылықтың,сұйылып бара жатқан адамгершіліктің негізі болып саналатын табу сөздер кесел мен кесапат атаулыдан, жүгенсіздік, тәртіпсіздіктен сақтандырушы қалқан,инабаттылық пен ізгіліктің қайнары деп білемін.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

Ұрпақ санасында ұлттық қасиеттерді қалыптастыру тіл мен дін, салт пен сана ұлттық дәстүр арқылы жүзеге асады. Халқымыздың бай тәжірибесінің дәлелі ретіндегі табу сөздердің ұрпақ тәжірбиесінде қазір де мәнінің жойылмауы керек.

Бәле -жала , кесапаттан сақтандыратын табу сөздердің тәрбиелік мәні өте зор. Табу сөздер халқымыздың әлеуметтік өмірінде, тұрмыс-тіршілігінде жас буын тарапынан бұлжымай орындалып отырған. Халық осындай табу сөздерді заң ретінде қабылдаған.Егер осы мәселеге тереңірек көз салсақ , табу сөздер құқықтық норма деңгейінде қолданылғанын аңғарамыз. Әлеуметтік өмірдегі түрліше қарым-қатынаста адамдардың әрекеті үстінде көрсететін мінез-құлқын анықтайтын жалпыға міндетті ережелердің жиынтығы ретінде танылады. Міне, осындай деңгейде табу сөздерді халқымыз пайдаланып, баршаға бірдей, міндетті түрде орындатқан. Табу сөздер қоғамдағы үлгі-өнеге, әдептіліктің негізгі қағидасы болып қалыптасқан. Сондықтан қазіргі біздің ортамызда олқы соғып отырғын имандылықтың, сұйылып бара жатқан адамгершіліктің негізі болып саналатын табу сөздер кесел мен кесапат атаулыдан , жүгенсіздік, тәртіпсіздіктен сақтандырушы қалқан, сыйластық пен сыпайлылық, инабаттылық пен ізгіліктің қайнары. Ата-бабаларымыз кей әректтерден жамандық шақырады деп тыйым салады. Байыптай қарасақ, бұл тәрбиелілік пен сыпайлылықтың жарқын бейнесі.

Табу сөздер жағымсыз, келеңсіз әрекетті тоқтатуға арналған. Жат пиғылдан, орынсыз қылықтан, теріс мінезден сақтандыруға бағыттала қолданылған. Адамдардың бойындағы адамгершілік , имандылық қасиеттерінің өлшеміндей деңгейде пайдаланылған. Бұл табу сөздердің мән-мағынасының тәрбиелік мәнінің терңдігін аңғартады. Қоғамның барлық жағдайында да табу сөздер аса қажет. Тіршілік болған соң, күнгейі мен көлеңкісінсіз болмайды. Сол кереғарлықты реттеп отыру үшін нанымдық , сенімдік, моральдық-этикалық, құқықтық нормалар сияқты табу сөздер де әлеуметтік ортаға зор пайдасын тигізер мақсаттарға бағыттап, адамдар арасындағы үйлесімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік туады.

Табу сөздердің мағынасына үңілсек, тәрбиенің әр саласын қамтитынын аңғарамыз. Оларды шартты түрде былай бөлуге болады:

  • біріншіден, адамның түрлі қарым-қатынасына байланысты пайда болған;
  • екіншіден , табиғаттағы тылсым күштердің киесі ұрудан;

  • үшіншіден, түрлі ауру – сырқаудың көбейіп кетуінен сақтану.

Біздің былай бөлуіміз қолданылу үстіндегі мазмұнын жіктеуден туған. Адамдардың өзара қарым-қатынасына байланысты туған үлкен – кішінің арасындағы , әсіресе келінге байланысты айтылған табу сөздердің мәні ерекше.

Осыған байланысты ел арасында мынанадай әңгіме бар . Баяғыда бір Алпысбай деген кісінің келіні болыпты. Келіні өзінің тапқырлығы, шешендігі, ақылдылығымен көзге түсіпті. Ел қалаулысы бола білген кіші келінді абысын-ажындары көре алмапты. Қалт еткен жағдайда келінді барынша мұқатуға тырысады екен.Келін өзінің ақылдылығының арқасында кез келген қиыншылықтарды тапқырлықпен шешеіп, абысын-ажындарының ойлаған қастандықтарының іске асуына жол бермепті. Бірде келіндеріне атасы ақшасын санап беруін өтінеді екен. Кез келген оңтайлы сәтті пайдаланып қалуды көздеген абысындар бұл сәтті жіберіп алмас үшін ақша санауға кіші келінді ұсынады. Ондағы мақсаттары алпыс санын айтқызып, аталарының атын келінге айтқызып , масқара қылмақшы еді. Сөйтіп олардың ойластырған кезекті кедергілері жақындайды. Атасы да сүйікті келінінің ағаттық жіберіп, өзінің атын атап қоюынан қауіптенеді. Келіні елу жеті-елу сегіз деген кезде атасы қипақтай бастайды. Абысындары сол сәтті тағатсыздана күтуде. Дегенмен ешқашан жаңылысып көрмеген келін елу тоғыз, атам, атам бір, атам екі деп жалғастырып кеткен екен.

Міне, мұндай өнегелі, мейірімді сезімге, адами құндылыққа үйрететін сөздердің айтылуы қиындау болғанымен жас буынның жанына төгер шуағы мол, нұрлы.

Халық даналығы балаларды еңбексүйгіштікке, алды –артын аңдып сөйлейтін сақтыққа, адамгершілік асыл қасиеттерге баулиды. Табу сөздер жағымсыз,келеңсіз әрекетті тоқтатуға арналған.Жат пиғылдан, орынсыз қылықтан,теріс мінезден сақтандыруға бағыттала қолданылған.Адамдардың бойындағы адамгершілік,имандылық қасиеттерінің өлшеміндей деңгейде пайдаланылған.Бұл табу сөздердің мән-мағынасының, тәрбиелік мәнінің тереңдігін аңғартады.Табу сөздер балалардың есі кірген кезден-ақ қолданылғандықтан,ойы айқын,жас ерекшелігіне сай түсінікті,нақты тұжырымдарды білдіреді.Балаларды ертеден-ақ жаман әдет, жат қылықтан сақтандырады.Бұрынғы заманда табу сөздер ,әсіресе, қыз балалардың есі жаңа кірген кезден басталып ержеткенге дейін құлағында жүріп,жүрегінен орын алған . Мұндай өнегелі,мейірімді сезімге,адами құндылыққа үйрететін сөздердің естілуі қиындау болғанымен, жас баланың жанына төгер шуағы мол,нұрлы.Қысқа да нұсқа, айтылу екпіні де ерекше тіркестер шоғыры жас адамды сол айтылғанды орындауға еріксіз мойын ұсындырғандай. Өйткені ойлы,мағынасы тәрбиеге терең бұл сөздер баланың өмірлік есте сақтауына да жеңіл. Оны үлкендердің ұрпағына сөзсіз орындатуы халықтың бала тәрбиесіндегі ұстанымы болған.Атаның тілін бала қайтаруы,айтқанын орындамауы адамшылықты жолдан таюмен тең саналған.Мұны көргенсіздік,шектен шыққандық деп білген.Қоғамның барлық жағдайында да табу сөздер аса қажет.Тіршілік болған соң күңгейі мен көлеңкесінсіз болмайды. Сол кереғарлықты реттеп отыру үшін нанымдық, сенімдік, құқықтық нормалар сияқты табу сөздер де әлеуметтік ортаны реттеп отырады.Бұл сыйласымдылықтың ең жоғарғы деңгейі болып табылады.

ТАБУ негізінен этнографиялық ұғыммен байланысты. Мифтік ескі наным бойынша атын тура айтуға тыйым салынған сөздер тіл білімінде табу деп аталынады. Мұндай тыйым салынған сөздер дүние жүзіндегі халықтардың көпшілігінде кездеседі. Бұл әдет әсіресе, түркі халықтарының, оның ішінде қазақ халқының тұрмысында көп тараған.

Табудың түрлері:

  1. Қазақтың ескі әдет – ғұрпы бойынша келін болып түскен қыз күйеуінің туған – туыстарын өз атымен атамайтын болған. Мысалы: шырайлым, кенже бала, мырза жігіт, ата, ене, қайын аға, т. б
  • Қазақ тіліндегі табудың ендігі бір түрі қатал табиғи құбылыстарға, жыртқыш аңдар мен қауіпті жәндіктерге, түрлі ауруларға байланысты қалыптасқан. Мысалы: жай, найзағайды – жасыл, шешек ауруын – қаарасан, қасқырды – ұлыма деген, т. б.

  • Қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік, саяси және жана технологиялық өзгерістерден, ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыстардан білім мен тәрбие жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру қажеттілігі туындап отырғаны мәлім. Осыған орай, бүгінгі таңда қоғамның ұлттық мәдени тұрғыдан кемелденуі жас ұрпақты өз халқының рухани қазынасымен, ұлттық тәрбиенің озық, өнегелі дәстүрлерімен тереңірек таныстыру, соның негізінде жеке тұлғаны қалыптастырып, оның шығармашылық, рухани мүмкіндіктерін дамыту көзделеді. Өйткені, еліміздің болашағы, оның материалдық және рухани дамуы жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің деңгейіне байланысты.

    Әр жасөспірімнің қалыптасып дамуына өзі күнбе-күн өмірден сезінетін, еститін, көретін заттары мен құбылыстары, оқиғалары үлкен орын алады. Соның ең негізгісі – қазақ халқының ұлттық-мәдени құндылықтары.

    Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз-ертегілері, жұмбақ, мақал-мәтел, өлең-жырлары, ұлттық ойындары ерекше тәрбиелік мәні бар, баға жетпес асыл қазына.Қазақ халқының өте әрідегі ата – бабаларының өмір сүрген кезінен бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне жарап келе жатқан рухани мұраның бірі – халықтық салт-дәстүріміз. Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім – тәрбиенің белгілі жүйесінде жас буын жадына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиісті тәсілдерде болған. Мәселен мақал-мәтелдерде адамгершілік, имандылық тәрбиесіне байланысты әдет-ғұрыптар насихатталса, жұмбақтар мен айтыстарда – ақыл-ой тәрбиесі, өлең жыр дастандарда – әсемдік тәрибесі, ал табу сөздер – халықтық тәрбиенің сан алуан мәселелерін қозғайтын тәлімдік материал ретінде пайдаланылған. Демек, халықтық педагогика-тәлім-тәрбиелік ой-пікірдің алғашқы бастауы, халықтың рухани мұрасы.

    Қазақ халқының тәлімдік мәні зор өмір тәжірибесінде табу сөздер көптеп кездескен.Бұл қазақ елінің ақылдылығы мен үлкенді құрметтей білуінің жемісі. Мұндағы ұрпақ тәрбиесінің негізгі түйіні-адамгершілік-имандылық, ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тәрбиесіне байланысты мәселелерге келіп тіреледі.

    Атап айтар болсам, қазақ тілі сабағында апайымыз табу сөздерге байланысты мысалдарды көбірек айтып, оның мағынасын ашу мақсатында оқушылардың ой-пікірлерін тыңдап және табу сөздерді жинақтауға тапсырма береді. Сабағында табу сөздерді таспаға жазып әкеліп тыңдатады. Бұл біздің қызығушылығымызды тудырады. Ата-бабамыздың жоғалып бара жатқан мұндай тәрбиелі сөздерін білмек тұрмақ, өз ана тілінде әрең сөйлеп отырған сыныптастарым үшін бұл еңбек деп ойлаймын.

    Сабақ барысында халықтық педагогиканы пайдалана отырып, сабақты қызықты, тартымды етіп өткізу оқушылардың белсенділігін арттыра түсетіні сөзсіз.Кейде апайымыз табу сөздер туралы алдын ала тапсырма береді, мәселен, ата-апаларың мен туған туыстарыңнан табу сөздер жинап келіңдер дейді. Оқушылар мұндай шығармашылық жұмыстарды қызығушылықпен атқарады. Сынып сағаттарында да қазақ халқының табу сөздері мен тыйым сөздері тақырыбында сайыс ұйымдастырды. Мен балалардың ізденімпаздығына таң қалдым. Өйткені оқушылар өте көп мәлімет алып келді.

    Мысалы бір оқушы менің үлкен атамның аты Күрішбай. Апам күріш деген сөзді айтпас үшін палау деп айтады десе, бір оқушы менің апам кіші атасын “Қаңылтыр жәкем” дейді, себебі атамның аты “Темірхан” деп бәрімізді ду күлдірді. Міне, осындай тәсілдерді мұғалімдер өз сабағында пайдаланса, Елбасымыздың жолдауында айтылған білімге қатысты мәселелер өз шешімін табар еді, – деп ойлаймын.

    Балаларды халықтық педагогика негізінде тәрбиелеген дұрыс. Себебі, тәрбие-қалып. Егер қалып қисық болса, ол сол қалыпқа салған затың да қисық болады. Сондықтан тәрбиеде ұсақ, мағынасыз бөлшек жоқ. Әсіресе, балаларға айтқан, көрсеткен нәрсенің барлығы шындық, сұлу, әдемі, үйлесімді болуы шарт. Сонда ғана бала балғын талдан биік бәйтерекке айналады.

    Аталарымыздан аманат болған сөз мәйегі мақал-мәтелдер – халық даналығының қазына байлығы. Олар ғасырлар бойы қалыптасып, сол халықпен мәңгі бақи бірге жасап кеткен дүние. Сондықтан да оны жұртшылық жадына сақтап, өзінің күнделікті өмірінде, өзара қарым-қатынасында пайдаланады. Табу сөздер – әр халықтың өз даму тарихында басынан кешкен алуан түрлі оқиғалары, өзі аңғарған табиғат құбылыстары, қоғам мүшелерінің өзара қарым-қатынасы, мінез-құлқы, тұжырымдарының түйіні, өмір тәжірибесінен жинақталған философиялық ойлардың ұтқыр да ұтымды көркем көрінісі. Ол бір ғана емес ертеден бері қалыптасқан ой дәлдігімен, мазмұнының тереңдігімен ерекшеленетін ауыз әдебиетінің бір түрі.

    4.Қорытынды бөлім

    Табу сөздерді білудің бала тәрбиесіндегі алатын орны да айрықша. Мұнда оқу мен еңбек, ойын мен өнер, сондай – ақ адамның жақсы-жаман қасиеттері, елін, жерін сүю, ата-ананы құрметтеу, үлкенді сыйлау т.б. үлгі – өнегелер бала санасына біртіндеп құйыла береді. Сонымен табу сөздер ойға ой қосатын, тілге икемді, сөз ұтқырлығы. Халқымыз «Баланы-жастан» деген мәтелді тектен-текке айтпаған.Табу сөздер біздей балалардың ұғымын кеңейтіп,өмірге,айналаға ойлана қарауға үйретеді.Табу сөздердің сыры мол дүние туралы білімнің жиынтығы, халықтың энциклопедиясы ғана емес, ұстаздың, тәлімгерлік рөлін де атқарады. Мұндағы ақыл-кеңестер қысқа да нұсқа әрі тұжырымды болады.

    Табу сөздер – ауыз әдебиетінің ең байырғы, ең көне түрі. Ол – ғасырлар бойы халқымыздың ұқыптап сақтап келген тәжірибесінің жиынтығы, ой-пікірінің түйіні, аңсаған асыл арманының арнасы, өмір тіршілігінің айнасы, көнеден жаңаға, атадан балаға қалдырып келе жатқан тозбайтын,

    тот баспайтын, өмірлік өшпес мұра.

    Табу сөздер көркемдік бейнелі сөз айшықтарымен әсерлі. Олардың айтуға оралымдылығы, тілге үйіріле кететіндігі, ойдың өткірлігі, ұшқырлығы,

    тереңдігі табу сөздердің сапаларын анықтайды. Табу сөздер адамды сөз қадірін білуге, жақсы мен жаманды, қас пен досты айыра білуге, айналадағыларға мейірбан, кеңпейіл болуға, сезімтал болуға, халық шығармашылығының інжу-маржанын бағалай білуге баулиды.

    Мен – оқушымын, өмір тәжірибем аз. Өзім сияқты балалардың, достарымның

    бойында мәдениет, адами қасиеттер қалыптастыру мақсатында айтыла

    тын әрі әсерлі, әрі ойда сақталып қалатындай мәнді мақал-мәтелдер, ақыл-насихат, өнеге-өсиет төл әдебиетімізден көптеп табылатынына көзім жетті. Біз қоғамның қамын ойлайтын азамат болып өсуіміз керек. Осындай игі істе біздің таптырмас көмекшіміз халық даналығы болып табылады. Себебі халық даналығы – сарқылмайтын теңіз, ал халқымыз – дана ұстаз. Демек, өткен замандарда жасаған серілер мен ақылмандарымыз бізге қалдырған ой-парасат мирасы даңғыл жол сияқты екен! Біз бұрынғылардың ақыл-кеңесіне құлақ тоссақ, адаспай – абыржымай, жаңылмай, жаза баспай, арман-тілегімізге неғұрлым тезірек жетуімізге жол табылады. Халқымыздың сөз мәйегі мақал-мәтелдер бізді ізгілікке, имандылыққа, адамгершілікке, адалдыққа, еңбексүйгіштікке, ұлтжандылыққа, отаншылдыққа тәрбиелейді. «Мақал – сөздің атасы» дегендей, өмірде мақал-мәтелдің қажеттілігін түсіне отырып, санамыздың өсуіне ықпал ететін ұлттық мұраның сақталуы біздің қолымызда. Халық педагогикасының қағидалары қатарына қосылатын туған халқымыздың кез келген мақал-мәтелімен сусындап өссек, жемісіміз молығады, толығады. «Дұрыс қанаттанған түзу ұшады» деген халқымыз тәрбиенің түпкі мақсатын, жемісін меңзеп отыр. «Үлгілі үйдің ұл-қызы ұялтпайды» деп келеді халқымыздың бір даналығы. Олар адам баласының қарым-қатынас, әдет-ғұрып, салт-сана тәлім-тәрбиесі, бір сөзбен айтқанда, тұтас адамгершілік қағидалардың дастаны тәрізді. Оларды сусындап оқысақ, өмірде ұшырасатын оқиғалардың бәріне де лайықты жауап табамыз.

    Осы зерттеу жұмысының қорытындысы ретінде өркениетті елдердің өрге тартқан көшінде, алға тартқан легінде халқымыздың мерейін көтеруге, қажыр-қайрат жұмсауға, қасиетті қызыл тіліміздің үстемдігін көтеруге үлес қоссам деген тұжырымға келдім.

    Пайдаланылған әдебиеттер:

    1. “Қазақ тілі” оқулығы 5-сынып
  • М. Әлімбаев. «Халық – қапысыз тәрбиеші». Алматы – 1976

  • Б. Адамбаев. «Халық даналығы». Алматы – 1976

  • С. Ұзақбаева. «Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру».

  • Алматы – 1988

    3.С.Қалиев. «Халық педагогикасы хақында бірер сөз».

    Алматы – 2000.

    1. Ж.Алтаев. «Ежелгі рухани таным және қазақ философиясы».

    Алматы – 1999

    1. Қ.Жарықбаев., С.Қалиев. «Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы»

    Алматы – 1994

    1. М. Әлімбаев. «Халқымыз қандай тәлімгер!».

    «Мұрагер» журналы №1, 1992

    1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы №5, 2004
  • «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы №4, 2004

  • «Қазақ тілі мен әдебиеті» журналы №1, 2005

  • Табу сөздерінің тәрбиелік мәні атты ғылыми жоба жұмысына

    ПІКІР

    Алматы облысы Қапшағай қаласы Заречный ауылындағы № 12 орта мектептің 6 «А» сынып оқушысы Оразақын Нұрзаттың «табу сөздерінің тәрбиелік мәні» атты жұмысы бастапқы деңгейдегі ғылыми жұмысқа жатады.

    Жұмыстың мазмұны қазақ халқының байырғы, ғасырлар бойы ұқыптап, сақтап келген асыл мұрасын дәріптейтін-табу сөздеріне талдау жасалған.

    Жұмыста халқымыздың інжу-маржаны, ой-пікірінің түйіні,сыйласымдылықтың, шешендік өнердің жоғарғы деңгейде дамуына шолу жасайды.Табу сөздерін саралап, өзінше түйін жасап, ойын қорытындылаған. Сонымен қатар жобаның әдістерін ұтымды қолдана білген.Жобаның мақсаты зерттеу міндеттеріне сәйкес келеді. Жұмыстың тілі жатық, түсінікті.Автордың ойы тұщымды, тұжырымды.Оқушы осы жұмыс барысында көптеген деректермен, ақпараттармен жұмыс жасап,өзінің ізденушілік қабілеті, әдебиеттермен жұмыс жасау қабілеті бойынша көзге түсті.

    Жалпы, ғылыми жұмыс жоба талаптарына толықтай сәйкес келеді.Ғылыми жұмыс сауатты жазылған.Жұмыс тақырыбына сәйкес кішігірім түсіндірме слайд жасалған.Ол жұмыс мазмұнын ашуға үлкен үлес қосады.Ғылыми жобаға ұсынылған Оразақын Нұрзаттың «табу сөздерінің тәрбиелік мәні» атты зерттеу жұмысын жоба талаптарына сәйкес орындалған жұмыс ретінде бағалап, қорғауға ұсынуға болады деп есептейміз.

    Ответить

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

    Больше на

    Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

    Читать дальше