Іс-әрекетті зерттеудің – тиімді оқытудың кепілі ө зімнің іс -тәжірибемде

Астана қаласы №40 Әлкей Марғұлан мектебінің
бастауыш сынып мұғалімі
Абдығалиева Айнагүл Сайлаубековна

Іс-әрекеттің негізгі төрт түрі : еңбек, оқу, ойын, қарым-қатынас екені белгілі. Олардың әрқайсына көптеген психологиялық зерттеулер арналған. Аталған іс-әрекеттердің барлығы бастауыш үшін тиімді. Ең маңызды ерекшеліктеріне кішкене тоқтала кетейін.

Еңбек әрекетінің мәні — өнім (материалды не рухани) өндіруде нәтижеге жету.

Оқу әрекеті – тұлғаның жалпымен қабылданған білім, дағды, іскерлікті арнаулы ұйымдасқан, белсенді түрде игеруі. Бұл мұғалім мен оқушы қатынасындағы оқыту процесінің бір қыры. Бұл өз-өзін өзгертуге бағытталған оқушы әрекеті, яғни оның пәні – оқу әрекетінің субъектісі.

Ойын әрекетінде шынайы өмірді белгілер арқылы бейнелеу, үлгі ету атқарылатыны белгілі. Сонымен қатар, ойынның түрткісі әрекет нәтижесі емес, қолданылуы мен әрекет ету процесі болады.

Әрекет дегеніміз түрлі қажеттерді өтеуге байланысты белгілі мақсатқа жетуге бағытталған процесс. “Әрекетіміз дүрыс болу үшін,— дейді Әл-Фараби, — біздің соған баратын жолымыз қандай болу керек екенін …анықтап алуға тиіспіз”. Адамды іс-әрекетке итермелейтін түрлі қажеттер . Адам іс-әрекеті — күрделі процесс. Оның құрамына жеке амалдар мен қозғалыстардың әрекеттердің жүйесі кіреді. Іс-әрекет (деятельность) үғымынан әрекет (действие) үғымын ажырату қажет.

Адам үшін іс-әрекетінің қашан да қоғамдық әлеуметтік мәні зор. Іс-әрекеттің саналылығы мен мақсаттылығы, жоспарлылығы мен жүйелілігі оның ең басты белгілері болса, алда тұрған міндетті шешу, яғни ойлаған істен бір нәтиже шығару — оның екінші бір басты белгісі болып табылады. Адамның сана-сезімі өскен сайын оның әрекеті де жаңа мазмұнға ие болып отырады.Адам әрекеті сан алуан. Бұлардың барлығына тән ортақ қасиет белгілі қажетке байланысты туып отыратындығы. Сондай-ақ жас мөлшерінің әр кезеңінде түрліше көрінетіндігінде.

Іс-әрекеттің сипатталған төрт түрі де өмірде маңызды. Мәселен, кәсіпкер-футолшы үшін футбол ойын емес- еңбек. Дәл осыны, шығармашылық пен репродукцияны, қарым-қатынас пен білімді біріктірген, актерлік «ойынға» қатысты да айтуға болады.

Адам әрекеттерінің барлығы бір мақсатқа, бір мүддеге саналы түрде бағытталып отырады. Адам алдына бір мақсат қойып, содан бір нәтиже шығаруға тырысады.

Мен жоғарыда аталған жұмыс зерттеу барысындағы жұмысымды айта көргенді жөн көрдім. Менің сыныбымда 29 бала. А және В деңгейдегі оқушы қатары арта түсті. Айта,кетейін дегенім С деңгейдегі оқушымен жүгізген жұмысым. А есімді оқушы былтыр маған сыныбыма жаңадан келді.Ол оқушымен сабақ өткізу маған өте қиын болды.Жазуы мен қазақша сөйлеу деңгейі төмен. Баланың сөздік қоры жас ерекшелігіне сай емес болғандықтан, мен өзіме баланың тілдік дамуын арттыру үшін онымен жеке жұмыс жасауға мақсат қойдым.

Мен баланың деңгейін зерттеп арнайы тапсысырмалар дайындап күнделікті сабақ соңында алып қалып отырдым. Біріншіден баланың әкесі қазақ,анасы орыс ұлт өкілі. Екіншіден бізге тіл мәселесі бірінші қиындық туғызды (бір-бірімізді түсінуіміз қиынға соқты).

Үшіншіден бала төл әріптерді білмейді(қ,ғ,ұ,ү,ә,і,ң,т.с.с)

Төл әріптердің дыбысталуын білгенімен жазылуын шатастыратын. Баланың проблемасын шешу үшін мен төмендегідей іс- әрекетке көштім.

Алдымен бір,екі буынды сөздік диктант жаздық.Әдебиет пәніне келгенде шағын мәтіндерді оқи бастадық.Сол мәтіннің алғашқы бес-алты сөйлемін жаттатқыздым, оның мағынасын түсініп айтуға үйреттім. Көбінесе өлеңнің бір шумағын жаттатқызып, мәнерлеп айтқызуға үйрете бастадым. Кейін бұл тапсырмаларымды күннен күнге күрделендіріп отырдым. Кітапханадан шағын ертегі кітаптар алғыздым.Нәтижесінде С деңгейдегі оқуышының динамикасы айтарлықтай жақсы өзгерістер көрсетті. Бұл оқушы үлгерімі төмен оқушылардың қатарында еді,енді ол тізімнен алып тастадым. Өйткені жыл басындағы дәптердегі тапсырмалар мен желтоқсандағы орындаған тапсырмалардағы айырмашылық ерекше орын алады.Осындай жұмыс жүргізудің арқасында С деңгейіңдегі оқушымның білім сапасы тұрақталды және оқуға деген көзқарасы да өзгерді. Сынып оқушыларымен еркін қазақ тілінде сөйлей бастады ,әр сабаққа жауапкершілікпен, дайындықпен келетін болды.

Қорыта айтатын болсам. Осы өткізілген жұмыс барысында менің қолданылған методикаларым мен арнайы түзілген тапсырмалар сабаққа үлгерімі төмен балаға жақсы көмек беріп жоғары нәтиже шығарды. Осы әдіс-тәсілдер арқылы оқушыларымның оқуға деген ынталарын арттыруға,ойларын сыни тұрғыдан қарап талдауға,өз ойларын еркін білдіруге,топтық жұмыстар арқылы достыққа, ынтымақтастыққа, өзге адамның пікірін сыйлауға үйрете білдім.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше