Тәуелсіздік-тірегім!
Тәуелсіздік таңы атты, қазағыма,
Ояндық шаттанып, азат таңда
Қан төкті бабаларым жер үшін,
Жетемін деп бейбітшілік азат таңға.
Ағын суға қарсы күресіп,келе жатқан қазақ елі тәуелсіздік алу мақсатын 1986 жылы он алтыншы желтоқсанда болған үлкен қозғалыс үстінде өткізді. Бұл қозғалыста өз ерліктерімен қаншама қазақ жастары тәуелсіздігіміздің құрбаны болды.
Желтоқсанда бір сыр бар,
Жел соқсын,мейлі,жаусын қар.
Ұмытылмас ешқашан,
Қайрат, Ләззат қыршындар.
Осындай ұл-қыздарымыздың арқасында қазақ халқы 1991 жылы он алтыншы желтоқсанда тәуелсіздігіміздің туын жоғары көтеріп егеменді ел болды.
Тәуелсіздігімізді алу Қазақстан халқы үшін оңайға түскен жоқ.Қаншама ғасырлар бойы ата-бабаларымыз азаттық таңын армандай күтті! Қаншама рет бастарына қасірет бұлты төніп, бейкүнә қан төгілді?Мұның бәрі бізге тарихтан жақсы мәлім,сөйте тұра,шаңырағын шайқалтпай өз ұрпағын қиын шақтардан аман алып шыға білген аталарымыз бен аналарымыздың рухы қандай биік десеңізші! Қазақ елінің тарихына өз іздерін қалдырған хандар мен билер талай күрес жүргізді Осындай азапты күндерді басынан өткізіп намысты да арлы,қайратты да жігерлі қазақ атанған елдің еңсесі биікке самғай бастады.
Ата-бабамыздың ғасырлар бойым аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізгенімізге де жиырма алты жыл болды.Осы жиырма алты жыл ішінде біз қандай жетістіктерге жеттік? анығын айтсақ,ең әуелі Қазақстан өзінің Атазаңы бар, Әнұраны, Елтаңбасы, Туы бар күшті мемлекетке айналды. Шетелдердермен өзі қарым қатынас жасап Біріккен Ұлттар ұйымына мүше болды сонымен қатар 2012 жылдың жиырма алтыншы қарашасында Парижде халықаралық көрменің Штаб пәтерінде келесі «ЭКСПО-2017»-ні өткізу үшін жасырын дауыспен Астана қаласы таңдалды, соған сай қалаға «Болашақтың энергиясы» деген тақырып ұсынылды «ЭКСПО-2017»-ні Қазақстанда өткізу зор жауапкершілік болды және де сенімімізде ақталды.
Тәуелсіз еліміз ширек ғасырға жуық уақыт ішінде қаржы дағдарыстарының қиындықтарына қарсы тұра білді,тұрақты даму жолына түсіп, биік белестерді бағындырды,толағай жетістіктерге қол жеткізді, әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енді, ендігі кезекте дамыған отыз мемлекеттің қатарына енеміз деген сенімдемін!
Өз ойымды қорыта келгенде, ел-бақыты тәуелсіздікті сақтап, әрі қарай дамыту жас ұрпақтар мына біздердің міндетіміз.
БОЛАШАҚ- ЖАСТАРДЫҢ ҚОЛЫНДА!
ОҚО Мақтарал ауданы
Абай ауылдық округі
Ю.А.«Гагарин» ЖОМ. К ММ нің
11 «Ә» сынып Сәрсенбек Мадина
