Оқушы шығармашылығы
«Калинин жалпы білім беру орта мектебі» КММ
5 «А» сынып оқушысы
Мәтен Есхан
Жеңіс күні
Әр қазақтар тойлайды жеңіс күнін,
Он алтыншы желтоқсан тәуелсіздік алған күн
Көп тер төгіп соғысқан қазақ елі,
Осынау бір тәуелсіздік күні үшін.
Қазақ жерінің түкпір – түкпірінен тойлайды,
Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаған
Тәуелсіздік біздікі деп тойлаған.
«Калинин жалпы білім беру орта мектебі» КММ
5«А» сынып оқушысы
Мақсут Хәжар
Тәуелсіздік күні
Бүгінгі күн тамаша күн
Тәуелсіздік күні деп,
Барлық қазақ қуанып,
Тәуелсіздік күніне
Барлық баба соғысып,
Тәуелсіздік алған күн.
«Калинин жалпы білім беру орта мектебі» КММ
5«А» сынып оқушысы
Қарсыбай Рамазан
Табиғатпен сырласу
Жазық дала, таулы өлке, жасыл орман – айналым,
Сұлулығын кең өлкемнің – көзбен қарап тоймағам.
Қандай ғажап туған жерім, қандай ғажап, мән берсең
Сұлулығын табиғаттың – жүрек қалап тоймаған.
Сылдырлаған өзенім мен шайдай ашық көк аспан,
Таудың биік шынарлары аспанменен таласқан.
Жан – жануар мекені мен өсімдіктер әлемі
Екі аққу көл бетінде бір – біріне жарасқан.
«Калинин жалпы білім беру орта мектебі» КММ
6«А» сынып оқушысы
Абатов Төлежан
Отбасым
Күн сияқты, күлімдеп шашқан нұрын-
Анам менің жайдары, көңілі ашық.
Әкемнің мінезіндей соқса құйын,
Бір ойнақтап, бір тұрып, тұра қашып,
Ағам менің сабырлы, бұлттай көшкен,
Желмен ұшып, аспанды талай ескен.
Бауырым соғар дауылдай бұрқыратып,
Саябырлап, бір мезетте желдей ескен.
Көкте күнім жарқырап,
Бұлттар көшіп барады.
Дауыл да соғар бұрқырап.
Ал мен жүрем өзендей-
Ақырын ғана сарқырап.
«Калинин жалпы білім беру орта мектебі» КММ
6«А» сынып оқушысы
Коман Карина
Білемін
Білемін, өмір – өзен, ағып өтер.
Білемін, жақсылардың көбі кетер.
Білемін, менменсінген надандардың-
Әйтеуір, қазақтың бір түбіне жетер.
Білемін, заман басқа, адам басқа.
Білемін, ақша ойлаған надан басқа.
Білесің, мал мен дүниеге бәрі бекер,
Халықты ойла одан да, текке шашпа.
Білемін, білмегенде қайтейін енді,
Біліп жүр, сен де достым, жүрмей босқа.
