Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесі
Атырау облысы, Атырау қаласы
Амангелді атындағы орта мектеп КММ
Каберова Ақмарал Игпаровна
Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Көксерек» әңгімесі
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқыта отырып оқушы еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру, өзіндік пікір айтуға машықтандыру. Дамытушылық: Шығармашылыққа баулу. Оқушылардың тақырыпқа қызығушылығын ояту, шығармашылыққа баулу, мағынаны танып білуге, ажыратуға, ой толғауға іскерлік дағдысын қалыптастыру, ойларын еркін жеткізе білуге баулу. Тәрбиелік: Табиғатты қорғай білуге, табиғат заңдылығын бұзбауға, адамгершілікке баулу.
Сабақтың түрі: Шығармашылық.
Сабақтың әдісі: СТО жобасы
Көрнекілігі: М.Әуезов шығармалары, интеративті тақта, слайд.
Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру. Оқушыларды түстер арқылы топқа бөлу.
Қызығушылықты ояту.
«Серпілген сауал» әдісі арқылы топтық жұмыс. (Оқушылар сұрақ жазып бүктелген қағазды бір – біріне лақтыру арқылы топтарға сұрақ қойып, жауап береді). Өтілген тапсырма еске түсіріледі.
- Табиғат дегеніміз не?
- «Көксерек» сөзі сендерге қалай таныс?
- «Көксерек» кімнің шығармасы?
- Жазушы неліктен шығармасының тақырыбын «Көксерек» деп атады?
- Әңгіменің идеясы не?
- Адамдардың бөлтірікке жасаған іс-әрекеттеріне қалай қарайсыңдар?
- Көксеректі жауыздыққа баулыған не?
- Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен неге тез бауырласты?
- Құрмаштың өліміне кім кінәлі?
- Табиғатқа шабуыл жасау, оның тылсым тыныштығын бұзу дұрыс па?
Мағынаны тану.
«Фишбоун» немесе «Балық қаңқасы» әдісі бойынша жұмыс жүргізу.
І. Проблемалық сұрақ. Адамдардың қателігі табиғат тепе-теңдігін бұзды ма?
ІІ. Шығу жолдары:
- Адамдардың қасқырдың апанын бұзып, бөлтіріктерін өлтіруі.
- Құрмаштың бөлтірікті асырап алуы, Қараадыр тұрғындарының қобалжуы.
- Көксеректің өзіне мейірім көрсеткен Құрмашқа бауыр баспай, ақ қасқырмен жақындасуы.
ІІІ. Дәлел:
- Қасқырлардың қорадағы малдарды жиі-жиі тартып кетуі.
- Көксеректің өсіп дамуының барысында түз тағысына тән әрекеттердің көрінуі.
- Қасқыр – дала тағысы. Киелі саналатын көкбөрі тұқымына қатысты бір дерек, ол – оның отбасына беріктігі. Қасқыр бір ғана отбасына ие және ол бөлтірік тәрбиесін толықтай өз мойнына алған хайуан.
ІV. Қорытынды: Қасқырдың болмысы адам тәрбиесіне көнбейді екен, түз тағысы да өмір сүруге қақылы. Адамдар табиғат заңдылығын бұзса, ол өзіне қатер төндіреді.
Өз пікірлерін ортаға салып, жинақтайды (постермен жұмыс).
Күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын ұясы, талбесігі – табиғатты аялау.
Семантикалық картамен жұмыс. Әрі қарай сабағымызды семантикалық картамен жалғастырамыз. (Экраннан көрсетіледі) Кейіпкер сөзі кімдікі?
| Кейіпкер сөзі | Ауыл адамдары | Жұмаш | Құрмаштың әжесі | Бейсембай |
| Қуарған-ай, неңді алып ем? Не жазып ем? | ||||
| Кәпір қырыс, неме, кеудесін бермейді, жасымайды. | ||||
| Мына кәпірдің екі көзі жап-жасыл болып кетіпті, тұқымын сезген екен, мұны өлтіріп, терісін алайық. | ||||
| Қасқырың болса қайтейін, менің қара ала төбетім бір-ақ соғады. Арашалай алмасаң, әлдеқашан өлтіріп тастар еді. | ||||
| Іздегендеріңнің өзі – сол, бәрін істеп жүрген сол. Енді соны бір қолға берсе-ау! |
Ойтоғаныс кезеңі.
«Адам және табиғат» тақырыбында эссе жазу. Топтық жұмыс.
Ата-бабамыз қасқырды «Көк бөрі» деп атап қадір-қасиет тұтқан. Оның атын атамай, «ұлыма», «итқұс», «жаманауыз» деп атаған. Оны орман санитары деп те атайды, ол – түз тағысы, ол еш уақытта цирк ареналарына шықпайды, қолға үйренбейді.
Әңгімедегі бейкүнә бала Құмаштың өлімі – табиғаттың адамға берген жауабы секілді, екі паяқты пенделер, біздер, табиғат заңдылығын бұзуға хақымыз жоқ. Себебі, адаммен табиғат арасындағы тығыз байланыс бар. Ендеше, балалар, табиғатты зорлықпен, күшпен бағындыру мүмкін емес!
Үйге тапсырма: «Менің әңгімеден алған әсерім»т тақырыбында эссе жазу.
Бағалау парағы бойынша оқушыларды бағалау.
