Мен білімді баламын

Атырау қаласы

Амангелді орта мектеп КММ

Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі : Измуханова Гулнара

Білім беру саласы :Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту

Тақырыбы: Мен білімді баламын.

Мақсат- міндеттері: Білім әлемі туралы түсінік беру. Саяхат жасау арқылы балалардың білімге деген құштарлықтарын арттырып, қиялдарын дамыту.Ұжымды достық қарым — қатынасқа тәрбиелеу.

Құралдар: әліппе- дәптер, мектепке, балабақшаға кетіп бара жатқан балалардың суреттері.

Іс- әрекет кезендері Мұғалімнің іс- әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивация

лық –қозғаушы кезең

Шаттық шеңбері

Балалар шеңбер құрып, дөңгелене тұрады.

— Балалар, біз дөңгелене тұрып, бір — біріміздің жүзімізді көреміз, бір — бірімізге жымиямыз, жылы лебіздер айтамыз, осылайша қуанышқа бөленеміз.— Армысың асыл күн,

армысың жан досым.

Жылуыма жылу қос,

міне, менің қолым.

— Балалар, бір — бірлеріңнің алақандарыңды ұстап тұрып, нені сезіндіңдер?

— Жылылық, қуаныш, т.б.

Тәрбиеші балаларға «Білім» еліне саяхатқа шығатындарын, алдарында қызықты тапсырмалар күтіп тұрғандығын айтады. Оқу қызметі барысында бірнеше аялдама болатындығын, әр аялдамада сұрақтарға жауап беретіндіктерін, тапсырмаларды орындайтындықтарын және дыбыстар мен әріптер, сандар жайлы мәліметтер алатындықтарын хабарлайды.

Балалар орындарына отырып, оқулықтарын алады
Ұйымдастырушылық –ізденушілік кезең 1. «Әдебиет әлемінде» аялдамасы.

Бұл аялдамада өлең — тақпақтар, жұмбақ — жаңылтпаш, ертегілер, қызықты әңгімелер жайлы қысқаша мағлұмат беріледі.

— Қандай өлең немесе ертегі білесіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалады, болашақта көркем әдебиет арқылы қызықты әңгіме, ертегілерді оқып, өлең — тақпақ, жаңылтпаштар жаттайтындарын айтады.

Әліппе дәптерімен жұмыс

2. «Әріптер әлемінде» аялдамасы.

— Дыбысты айтамыз, естиміз.

— Әріп — дыбыстың таңбасы. Әріпті жазамыз.

— Балалар, әрқайсысың есімдеріңнің қай дыбыстан басталатынын айтыңдар.

— Менің атым — Жандос. Менің атым ж дыбысынан басталады.

«Дұрыс айт» дидактикалық ойыны.

Тәрбиеші дауысты а дыбысының әртүрлі интонациямен айтылатынын мысалдар арқылы айтып көрсетеді. Сонан соң балалар бірнеше рет қайталайды.

1. Дәрігерге келген бала ауызын кең ашып: «А — а — а», — деп айтады.

2. Қыз бала: «А — а — а», — деп әндетеді.

3. Анасы сәбиін: «А — а — а — а», — деп әлдилейді.

Осындай жұмыстардан кейін болашақта сөз, сөйлем, буын, дыбыс, әріп ұғымдарын меңгеретіндігін айтып түсіндіру.

3. «Математика әлемі» аялдамасында математикалық ұғымдармен, таңбалармен, геометриялық пішіндермен танысады.

Сергіту сәті

Ал балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып,

Бой сергітіп алайық.

1. Балалар онға дейін санайды.

2. Тәрбиеші геометриялық фигуралардың суретін көрсетеді, балалар айтады. Мысалы: үшбұрыш, төртбұрыш, т.б.

3. Математикалық есеп шығарады. Мысалы:

Ағаш бұтағына 3 торғай қонып отыр. Бір торғай ұшып кеттi. Бұтақта неше торғай қалды?

Математика арқылы қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырып, бұл бағыттағы санау мен есеп шығару тәсілдерін игеруге бағытталатындығы айтылады.

— Балалар, «Білім» елі сендерге ұнады ма? «Білім — сарқылмас қазына» дейді. Өмірде тек білімді ғана емес, қайырымды, мейірімді болу керек. Білімді, тәрбиелі адам Отанының өсіп — өркендеуіне үлесін қосады.

Жаңа материал бойынша оқулықтағы тапсырмаларды орындайды

Сурет бойынша тапсырманы орындайды

а) Мереке, білім, мектеп, оқушы, мұғалім, қоңырау деген тірек сөздерді пайдаланып және жетекші сұрақтар арқылы әңгіме құрастыру. Сурет бойынша қойылатын сұрақтар:

1. Балабақшада не үйрендіңдер?

2. Балалар мектепке не үшін барады?

3. Мектепте оқитын баланы кім деп атайды?

4. Мектепте қоңырау не үшін соғылады?

Оқу құралдарымен таныстыру. Осыдан кейін дәптерлеріндегі сөмкеге қажетті оқу құралдарын сызықпен сызып көрсетеді.

Сергіту жаттығуын жасайды

10 ға дейін санайды

Пішіндерді атайды

Жауабы: 2 торғай қалды

Дәптерде берілген мақал — мәтелдің мағынасын түсіндіру, жаттату

Рефлексивті –түзетуші кезең Балаларға жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойылады.

Сабаққа белсенді қатысқан балалар мақталып, мадақталады

Күтілетін нәтиже:

  • балалар сабақта өтілген ұғымдар жайлы білу керек
  • оқулықтағы тапсырмаларды дұрыс орындау

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше