«3» цифрымен таныстыру
Атырау облысы, Атырау қаласы.
№ 23 «Ынтымақ» балабақшасының
тәрбиешісі Нұрымова Гүлжиһан Ғибадатқызы
Ортаңғы «Қарлығаш» тобы. Білім беру саласы: «Таным»
Ұйымдастырылған оқу қызметі.: «ҚМТҚ»
Өтпелі тақырып: «Өсімдіктер әлемі»
Апта тақырыбы: «Аулада нелер өседі»
Тақырыбы: «3» цифрымен таныстыру. Цифрды заттың санымен сәйкестендіру. Күз мезгілінің ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету.
Дамытушылығы: Балалардың жыл мезгілдері (күз) туралы білімдерін дамыту.Кеше, бүгін, ертең ұғымдары.
Тәрбиелігі: Өсімдіктерге басқа да тіршілік иелеріне қамқорлық сезімге тәрбиелеу.
Алдын-ала жұмыс: Әңгімелеу. Жұмбақ шешу
Әдіс-тәсілі: Көрсету.Түсіндіру. Сұрақ-жауап.Ойындар. Ғажайып сәт.
Көрнекілігі: Бейнетақта, үлестірмелі материалдар.
Сөздік жұмыс: Өсімдіктер, аула.
Қостілділік компонент:Өсімдік-растение, күз-осень, үш-три.
Ұйымдастыру кезеңі. Тәрбиеші балаларды шаттық шеңберіне тұрғызады. (слайд) Үлкенге де сіз. Кішіге де сіз. Апайларды құрметтеп. Бас иеміз біз. Балалар тәрбиешімен бірге шаттық шеңберіне тұрып, музыка әуенімен қимылдар жасап, қайталайды. Тәрбиеші: Кәзір жылдың қай мезгілі? Күз мезгілінде неше ай бар? Кәзір қай ай? Ай аттарын атайық.Орыс және қазақ тілінде. Балалар сұрақтарға жауап береді.Күз ерекшеліктерін айтады. (слайд) Тәрбиеші: Күз туралы қандай тақпақтар білеміз? Балалар үш тілде күз туралы тақпақтар айтады. Тәрбиеші: Өте жақсы балалар ! Өткен оқу қызметінде қандай санмен таныстық? Балалар: екі санымен таныстық. (слайд) Тәрбиеші: Дұрыс, екі саны неше бірліктен тұрады? Қай саннан кейін тұрады? Балалардың жауабы: Екі саны екі бірліктен тұрады. Бір санынан кейін тұрады. Тәрбиеші: Тағы қандай сандармен таныстық? Балалар: 0,1,2 сандарымен таныстық. (слайд) Тақтаға үш күлтелі гүлдің суреті ілінеді. Тәрбиеші: Гүліміз әдемі болу үшін оған тағы бір күлте қосайық. Енді осы гүлдің күлтелерін бірлесе санап көрейік. Балалар тәрбиешімен бірге санайды. 1,2,3. Тәрбиеші: Гүлдер қайда өседі? Балалар: Далада, аулада, бөлмеде өседі. Тәрбиеші: Дұрыс, аулада тағы нелер өседі? Балалар: Ағаштар, шөптер, өсімдіктер өседі. Тәрбиеші.Өте жақсы! Гүлдерді, өсімдіктерді күтіп,баптауымыз керек, сонда олар әдемі болып өседі. Яғни, біздің гүліміздің күлтесі үшеу болды. Балалардың назарын соңғы санға аудару. Балаларды үш санымен таныстыру.(слайд) Бұл 3 саны. 3 саны үш бірліктен тұрады.3 саны 2 санынан кейін тұрады. Слайд арқылы балаларға көрсетіп, түсіндіру. Екіден кейін қараңдар. Үш саны шықты жарандар. Үшінші орын тұрағым. Үш бірлікті қосып тұрамын.
Жұмбақ. Күндіз-түні жанамын. Дабыл беріп бәріне. Үш түрлі түсім бар. Белгілі жұрттың бәріне. Балалар жұмбақтың шешуін табады. (бағдаршам) Тәрбиеші:Дұрыс.Бағдаршамның неше көзі бар? Түстері қандай?Пішіндері қандай? Қызыл түсі жанғанда не істейді? Сары түсі жанғанда не істейді? Жасыл түсі жанғанда не істейді? Балалар сұрақтарға жауап береді. Бағдаршамның үш көзі бар.1-көзі қызыл түсті, 2-көзі сары түсті, 3-көзі жасыл түсті. Пішіндері дөңгелек. Қызыл түсі жанғанда көліктер жүреді. Сары түсі жанғанда көліктер дайындалады. Жасыл түсі жанғанда жаяу адамдар жүреді. Тәрбиеші:Өте жақсы. Түстерді,пішіндерді жақсы біледі екенсіңдер. «Кеше»,«бүгін», «ертең» ұғымдарымен таныстыру.
Ғажайып сәт. Мақтақыз бен мысық келеді.Мысық: мяу-мяу ,Мақтақыз апа құйрығымды берші. Мақтақыз:Бермеймін ,бірінші менің тапсырмаларымды орында, сосын беремін. Мысық:Мяу ,ол тапсырмаларды қалай орындаймын, қиын ғой.Балалар, маған көмектесіңдерші, Тәрбиеші:Балалар, мысыққа көмектесеміз бе?Әйтпесе, Мақтақыз мысықтың құйрығын бермейді. Балалар:Иә, көмектесеміз.
1-тапсырма: Сұрақ. Не нәрсе бір-бірден,не нәрсе екі-екіден? Балалардың жауабы:Күн, ай, аспан, ана, әке,бас,ауыз олар бір-бірден.Екі қол,екі аяқ, екі көз, екі құлақ олар екеуден. Тәрбиеші: Ал 3 саны көп.Үш санына байланысты қандай ертегі,заттар білесіңдер? Балалардың жауабы: «Үш аю» «Үш торай» Бағдаршамның үш көзі болады. Тәрбиеші: Өте жақсы! 2-тапсырма:Үлестірмелі материалдар таратылады. Алдымыздағы жолақшасы бар ақ қағаздың үстіңгі бөлігіне бір дөңгелек, астыңғы бөлігіне екі шаршы қойыңдар. Балалар тапсырмаларды орындайды. Енді дөңгелекті шаршымен сәйкестендіріңдер,яғни,теңестіріңдер. Ол үшін не істеу керек? Балалардың жауабы:Ол үшін жолақшаның үстіңгі бөлігіне тағы бір дөңгелек қою керек.Балалар тағы бір дөңгелек қояды,санайды Тәрбиеші:Енді дөңгелек пен шаршының саны қандай болды,неше дөңгелек, неше шаршы? Балалар: Екеуі тең болды. Екі дөңгелек, екі шаршы болды. Тәрбиеші:Өте жақсы, дұрыс! Сергіту сәті.(музыка әуенімен) Балалар тәрбиешімен бірге қимылмен сергіту сәтін жасайды. 3 тапсырма:Үстелдің үстіндегі сандарды тақтаға ретімен қой,сана және неше бірліктен тұратынын айт. Балалар тақтаға шығып,тапсырмаларды орындайды,санайды, неше бірліктен тұратынын айтады. 0,1,2,3. 1 саны бір бірліктен тұрады,2 саны екі бірліктен тұрады,3 саны үш бірліктен тұрады,ал 0 санында бірлік жоқ.
4-тапсырма:Логикалық тапсырма. Қоянның туған күніне қонақтар келді.Оған 1-түлкі, 2-қасқыр,3-аю келді. Сұрақ: Қоянның туған күніне неше қонақ келд ? 1- қай аң 2-қай аң, 3-қай аң келді? Балалар логикалық есептерді орындайды. 5-тапсырма: Кеше немен айналыстыңдар, бүгін не істедіңдер, ертең не істейтіндеріңді әңгімелеп, айтып беріңдер. Жанерке: Кеше анаммен бірге қалаға бардым, бүгін балабақшаға келдім, ертең нағашымның үйіне барамын. Тәрбиеші: Дұрыс, өте жақсы. Нұрай, сен кеше не істедің, бүгін ше, ертең не істейсің? Нұрай :Кеше бөпемді бақтым, бүгін балабақшаға келдім, ертең достарыммен ойнаймын. Тәрбиеші. Мысық, көрдің бе,біздің балалар өте білімді. Олар Мақтақыздың барлық тапсырмаларын орындады. Мақтақыз бен мысық: Балалар, өте білімді екенсіңдер, сендерге көп-көп рахмет! Мысық: Мақтақыз апа енді менің құйрығымды берші.Балалардың көмегімен тапсырмалар орындалды ғой. Мақтақыз мысықтың құйрығын береді,екеуі достасып, балалармен қоштасып,шығып кетеді 1. Д/ойын: «Бұл қандай пішін?»(слайд) Балалар тақтаға шығып,пішіндерді атайды және олардың түстерін, неге ұқсайтындарын айтады. 2.Д/ойын: «Жасырынған санды тап» (слайд)Балалар жасырынған санды табады, атайды. 3.Д/ойын: «Не артық?» (слайд)Балалар суреттердің ішінен артық суретті табады. Қостілділік компонент:күз-осень,өсімдік-растение,үш-три. Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды. Балаларға сұрақтар қою арқылы оқу қызметін қорытындылау.Балаларды бағалап, оқу қызметіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау.
Күтілетін нәтиже: Біледі: 3 цифрын, кеше,бүгін, ертең ұғымдарын дұрыс қолданып,сөйлем құрастыруды.Жыл мезгілдерін(күз)ажыратуды. Игереді: 3-ке дейінгі сандарды ретімен орналастыруды және неше бірліктен тұратынын атауды. Меңгереді: Тапсырмаларды мұқият орындауды ,сұрақтарға толық жауап беруді.№23 «Ынтымақ» балабақшасы.
