«Нан дастарханға қалай келеді?/Бауырсақ»

Атырау облысы,Атырау қаласы

№ 23 «Ынтымақ» балабақшасы.

Ортаңғы«Қарлығаш» тобының тәрбиешісі

Садықова Гүлдана Ұзақбайқызы

Ашық оқу қызметі.

Білім саласы: Таным/Шығармашылық

Ұйымдастырылған оқу қызмет:Жаратылыстану/Жапсыру

Блок тақырыбы: «Заттар әлемі»

Апта тақырыбы: «Ас атасы-нан»

Тақырыбы: «Нан дастарханға қалай келеді?/Бауырсақ»

Мақсаты:

Білімділігі:Нанның дастарханға қалай келетінін,оған көптеген

адамдардың еңбек ететінін түсіндіру.

Дамытушылығы:Балаларды әңгімелету ,мақал-мәтел айтқыздыру арқылы

сөздік қорларын дамыту,түрлі түсті қағазды ажыратып

пайдалана алуды қалыптастыру.

Тәрбиелігі:Еңбек адамын сыйлай білуге,қасиеттті нанды қадірлеуге,

жұмысты ұқыпта жаза жасауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсіл: Көрсету,сұрақ-жауап,ғажайып сәт,ойын ойнату,Кубизм,ой қозғау

Алдын ала жұмыс: 1.Слайд көрсету,түсіндіру.

2.Сурет бойынша әңгімелету.

3.Тапсырмалар орындату

  1. Мақал айтқыздыру

5.Жапсырту

6.Қортындылау

Көрнекілігі: Нан туралы суреттер,слайд,түрлі түсті қағаз,желім

Полингвальды компонент:Нан-хлеб-bread,ұн-мука-flouer,

бидай-зерно-wheat,

Әрекет кезең Тәрбиешінің іс-әрекеті: Баланың іс-әрекеті:
Мотивациялық-

қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Арайлап таң атты!

Алтын сәуле таратты

Жарқырайды күніміз

Жарқырайды даламыз

Қайырлы таң балалар!

Қайырлы таң капайлар!

-Балалар қараңдаршы бізге көптеген апайлар қонаққа келіпті.

-Балалар олай болса біздің оқу қызметке деген көңіл күйіміз қандай?

Балалар шатттық шеңберге тұрып,өлең жолдарын айтады.

-Жақсы

Ұйымдастырушылық-ізденістік Жыл мезгіліне байланысты сұрақтар қойып кету:

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі еді?

-Күздің неше айы болатын еді?

-Күзде табиғатта қандай өзгерістер болатын еді?

-Күзде нелер пісетін еді?

Ой қозғау әдісі:

-Балалар қараңдаршы тақтадағы ненің суреті деп ойлайсыңдар?

-Дұрыс бұл бидай екен.

-Бидайдан не аламыз екен?

-Жарайсыңдар балалар олай болса біздің бүгін оқу қызметімізде күнделікті дастарханымыздағы жейтін нанның дастарханға қандай еңбекпен келетіні туралы білетін боламыз.

Балаларға бейне ролик көрсету.

-Балалар қараңдаршы көктем түсіп күн жылына Диқаншы жерді трактормен жыртып,оған тұқым себеді екен,оны жаз бойы күтіп баптайды екен.Күзде тұқымнан бидай өсіп шығады .Бидайды комбайнмен жинап, арнайы жүк көлігіне тиеп дирменге жеткізеді. Дирменнен бидайды уатып ұн дайындайды.Ұнды наубайханаға апарды.Наубайханада апаларымыз ұнды илеп,одан тәтті тоқаш,нан дайындап пешке пісіреді екен.Наубайханада пісіріліп дайын болған нанды дүкендерге апарылады екен.Ал біз дүкеннен алып күнделікті тағамымызбен бірге жейді екенбіз.

-Балалар қараңдаршы көррдіңдерме нан оңай келмейді ,оған көптеген еңбек жұмсалады екен.

Полингвальды компонент:

Нан-хлеб-bread,

ұн-мука-flouer,

бидай-зерно-wheat,

Ғажайып сәт:Топқа жүгіріп Тышқан келеді.

Тәрбиеші: -Тышқан саған не болды не іздедің?

-Күз мезгілі

-Үш айы болады

-Күн суытып,ағаш жапырақтары сарғайып,құстар жылы жаққа ұшады,адамдар жылы киімдерін киеді.

-Бидайдың

-Нан

Балалар слайдты тамашалап,тәрбиешінің айтқандарын ұйып тыңдайды.

Балалар сөздерді тәрбиешімен қайталап жаттайды.

Балалар Тышқанға қарап аң таң болады.

Тышқан:-Балалар сендер Әтешті

Көрдіңдерме?Ол маған дәннен бауырсақ пісіріп берем деген шамасы өзі жеп алып жатырған болар а?

Тәрбиеші:Қой Тышқан Әтеш туралы олай ойлама,сен нанның және бауырсақтың қандай еңбекпен дайын болатынын білмейсің,солайма балалар?Бауырсақ дайын болу үшін бірнеше кезеңнен өту керек,ал сол кезеңнің бірнеше тапсырмалары бар соны балалармен бірге орындайық.

1-тапсырма. Дидактикалық ойын: « Бұл не?»

Тақтада бірнеше ұннан жасалған тағам суреттері бар,сол суреттің артында сұрақтар бар сол сұраққа жауап беруіміз керек.

Балаларды тақтаға шығарып сұрақтар бойынша орындату.

-Жарайсыңдар балалар.

Тышқан: Енді бауырсақ дайын болдыма?

-Жоқ Тышқан әлі де тапсырмалар бар.

2-ші тапсырма:Кубизм әдісі бойынша текшенің әр қабырғасындағы сөздер бойынша әңгімелеу.

1.Сипаттау

2.Салыстыру

3.Зерттеу

4.Қолдану

Тышқан:-Енді бауырсақ дайын болдыма?

-Тәрбиеші:–Жоқ әлі тапсырмамыз бар.

3-тапсырма:Сергіту сәті:

Тышқан:-Енді бауырсақ дайын болдыма?

Тәрбиеші:4-ші тапсырма:

-Жоқ енді алдымыздағы ақ қағазға түрлі түсті қағаздан жолда келе жатқан бауырсақ суретін жапсырамыз.

-Балалар бауырсақтың түсі қандай болатын еді?

-Бауырсақтың пішіні қандай?

-Балалар үлгі бойынша түрлі түсті қағазды пайдаланады екенбіз.

Балалардың«Бауырсақты»жапсырғандар-ын қадағалау,үлгермегендерге көмектесу.

Тәрбиеші:-Иә міне бауырсақ дайын.

-Иа міне біздің бауырсағымыз дайын болдды

Балалар тәрбиешімен бірге Тышқанға тапсырманы орндауын өтінеді.

Балалар 1-ші тапсырма бойынша тақтадағы суреттер бойынша жауап береді.

2-ші тапсырма бойынша текше қабырғасындағы сұрақтарға жауап береді.

Балалар шеңберге тұрып қимыл жасап,өлең жоладарын айтады.

Балалар суретті жапсырады.

Тышқан:-Енді бауырсақ дайын болдыма?

Тәрбиеші:-Иә міне бауырсақ дайын.

Тышқан: ой балалар нан оңайлықпен дайын болмайды екенғо.

Сол кезде дайын тәтті бауырсақ алып Әтеш келеді.

Әтеш:-Балалар мен сендерді сырттарыңнан тыңдап тұрдым,сендер білімді,еңбекқор екенсіңдер,мына жалқау тышқанға көп еңбек еткіздіңдер,тышқан міне көрдіңбе Тышқан мына балалар қандай еңбекқор,білімді.

Тышқан:Әтеш достым,балалар,апай мені кешіріңдер мен еңбек етпей дайын нан жегім келген екен.

Тәрбиеші:-Балалар Тышқанға қандай мақал айтамыз?

Әтеш пен Тыгшқан балаларға рахметін айтып қоштасып кетеді.

Балалар Әтештің сөзін тыңдайды.

Балалар Тышқанға қарап «Еңбек»туралы мақал айтады.

Балалар Тышқанмен ,Әтешпен қоштасады.

Рефлексиялық-түзетушілік Оқу қызметті қортындылау:

-Балалар біз бүгін не туралы білдік?

-Нан қандай еңбекпен келеді екен?

-Балалар қазағымызда нан туралы мынадай нақыл сөздер бар екен,осы сөздерді есімізден шығармайық

Нақыл сөздер:

1.Нан қиқымын баспа

2.Нанды бір қолмен үзбе

3.Нанды жерге тастама

-Ендеше балалар нанды қадірлеуіміз керек,нансыз адам өмір сүре алмайды екен.

-Балалар оқу қызметіміз ұнады ма?

Нанда өмірдің иісі мен дәні бар,

Нада адамның еңбегі мен ары бар.

Нан өмірдің ана сүті арқауы,

Нансыз жерде қай өмірдің сәні бар.-деп оқу қызметімізді аяқтайымыз.

Балаларды мадақтау.

-Нан туралы

-Үлкен еңбекпен келеді екен.

Балалар тәрбиешімен бірге «Нан»туралы нақыл сөздерді айтады.

-Иа

Балалар қуанады.

Күтілетін нәтиже:

1.Біледі:Балалар наның дастарханға қандай еңбекпен келетінін

2.Түсінеді:Үлкендер еңбегін бағалауды

3.Меңгереді:Нанды қадірлеуді,ұнаннан жасалған тағамдарды олардың қасиеті туралы

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше