Табиғат-менің өз үйім. Ү дыбысы мен әрпі.

Атырау облысы, Атырау қаласы.

Амангелді атындағы орта мектеп КММ

Мектепалды даярлық топ тәбиешісі

Жұмаева Гүлмекен

Сауат ашу МАД «Г» сыныбы.

Сабақтың тақырыбы: Табиғат-менің өз үйім. Ү дыбысы мен әрпі.

Мақсаты:

1) Табиғатты аялауға,әсемдікті көре білуге,сезінуге тәрбиелеу.

2) Сөйлеу барысында дауыс ырғағын сақтап, вербалды емес қарым-қатынас құралдарын ым,ишара,қимыл сөздерді кешіріңіз,тыңдаңызшы т.б қолдану.Жазу бетін бағдарлау , жазу жолын, жоларалық кеңістікті ажырату, тор көз дәптерге кең сызықтар, әріп элементтерін жазу.

3) Ү дыбысы және оның әріп таңбасымен таныстыру.Ү дыбысы бар сөз ойлап табу, жұмбақ шешу,сөздерді буынға бөлу.Білімдерін дамыту.Дамыту ойындарын пайдаланып, еңбектенуге, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Табиғат көрінісі туралы суреттер, кеспе әріптер, үй,үйрек суреттері.

Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап,ұжымдық оқыту,ой қозғау.

Оқу- іс әрекетінің барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

Шаттық шеңбері

Табиғатқа қамқор боп,

Байлығын біз қорғайық.

Әдепті де, тәртіпті боп,

Жақсылығын қолдайық.

II. Үй тапсырмасын тексеру. (ауызша қайталау жүргізу).

Ой шақыру: «сөз ойла, тез ойла» ойыны білемін, айта аламын ауада жаза аламын.

1.Бұрынғы сабақтарда қандай сабақтармен таныстық?

2.Дыбыс дегеніміз не?

3.Әріп дегеніміз не?

4.Дыбыстар нешеге бөлінеді?

5.Ішінде К дыбысына келетін сөздерді ата.

Тақтадағы әріптермен жаттығу жасап, өткен сабақта өткен ең соңғы әріп К әрпіне тоқталу.

-К дыбысы қандай дыбыс?

Ой қозғау «Жұмбақ»

1)Қолыңмен тиме,

Үсті толған ине. (Кірпі)

2) Қоймасын қыс ақтарып,

Жерді жапты ақ мамық. (Қар)

3) Қолы менен қаламы жоқ,

Бірақ сурет салады көп. (Аяз)

4)Мінсем,төменге зу етем,

Өрлесем,оны өзім сүйретем. (Шана)

5) Қыста ғана болады

Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)

III. Жаңа сабақ.

Табиғат-менің өз үйім. Ү дыбысының баспа,жазба әрпімен таныстыру.Ү-жіңішке дауысты дыбыс, қызыл текшемен белгілейміз.

IV. Оқулықпен жұмыс.

1-тапсырма: Үркітпе,атпа,абай бол сөздерін пайдаланып,сурет бойынша әңгімелеу.

2-тапсырма: Дыбыстарды ым-ишарамен бейнелеп, дауыс ырғағымен айту. Суреттен Ү дыбысы бар сөздерді табу.

«Түк-түк-түк!» «Ү-ү-ү!» «Қар-қар-қар!» «Тырау-тырау!» «Бақ-бақ» «Барқ-барқ!»

3-тапсырма: Ү әрпін ермексаздан жасау.

4-тапсырма: Таяқшалардан ү әрпін құрастыру.

Сергіту сәті

V. Жоқ әріптерді табу

«Жоқ әріптерді тап» ойыны

Г…л, к…н, …йрек, …й, …кі, б…үркіт.

VI. Сабақты бекіту.

-Ү дыбысы қандай дыбыс?

Оқушыларды мадақтау.

Жұлдызшалар тарату.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше