Қазағымның тілін біл

Ерубаева Сауле Аменовна
«Т.Көбдіков атындығы жалпы білім беретін орта
мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
кітапханашысы

Тақырыбы: Қазағымның тілін біл.
Мақсаты: Балалардың ана тіліне деген сүйіспеншілігін арттыру, өз тілін құрметтеуге
және өзге тілдерді де білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: ақын-жазушылардың қазақ тілі туралы нақыл сөздері, «Қазақтың тілі-қазыналы тіл» атты кітап көрмесі.
Кітапханашы: Қымбатты ұстаздар, балалар! Кітапханамызда 6-7 сыныптар арасында өткізіліп отырған «Қазағымның тілін біл» тақырыбындағы зияткерлік-танымдық ойынымызға қош келдіңіздер!
«Тілден асқан асқар жоқ,
Тілден асқан байлық жоқ,
Тілден асқан теңіз жоқ» дей отырып бүгінгі сайысқа қатысатын оқушыларды ортаға шақырсақ.
Сайысымыз бес кезеңнен тұрады.
I кезең: «Әдебиет айдынында»
Сұрақтар қазақ әдебиетіне байланысты беріледі.
1. «Абай жолы» роман-эпопеясының авторы кім?
(М.Әуезов) 10ұпай.
2. Абай Құнанбайұлының шын аты кім?
(Ибраһим) 10 ұпай.
3.«Менің атым-Қожа» шығармасының авторы
(Б.Соқпақбаев) 10 ұпай
4. Абай Құнанбайұлы қарасөздерінің саны
(45) 10 ұпай
5. Мұғалімнің сөмкесіне бақа салатын кім?
(Қожа) 10 ұпай
6. Гүлбаршын қай батырдың жары?
(Алпамыс) 10ұпай
7. «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңінің авторы кім?
(Абай) 20 ұпай
8. «Шоқпардай кекілі бар, қамыс құлақ» өлеңінің авторы кім?
(Абай) 20 ұпай
9. «Даудың басы-Дайрабайдың көк сиыры» шығармасының авторы
(Бейімбет Майлин) 20ұпай
10. Қазақ хандығында дана ана кім?
(Қарашаш) 20 ұпай

  1. қазақ хандығында шешен кім?
    (Жиренше) 20 ұпай
  2. Қазақ тілі білімінің негізін қалаушы
    (Ахмет Байтұрсынов) 30ұпай
  3. «О,Ақтан жас, Ақтан жас» өлеңінің авторы кім?
    Д.Бабатайұлы) 20ұпай
  4. Ақтамақ, Әмірқан қай шығарманың кейіпкері?
    (Ж.Аймауытов «Әнші» 30ұпай
  5. «Бір адамға өлеңінің авторы кім?
    (С.Торайғыров) 30 ұпай
  6. «Жүз жылдық жара» шығармасының авторы кім?
    (ш. Мұртаза) 30 ұпай
  7. «Толқын», «Сүйемін», «Сағындым» өлеңдерінің авторы кім?
    (М.Жұмабаев) 30 ұпай
    2- кезең: «Бабалардан қалған асыл сөз»
    Сауалнама- әңгімеміз қарт ата мен жас жігіт арасында болған әңгіме түрінде өтеді: яғни қарияның жігітке қойған сауалына жігіттің жауап беруі және қарияның ол пікірді толықтырып өз ойын айтып беруін көрсетеміз.
    Бабалар сөзі –кешкгі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен-билерден,ақын-жыраулар мен сал-серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы.
    Мың жылда бір көрінетін кометалардай сыры да, сезімі де терең., тұңғиық дана тұлғаларымыз фәни өмірден баз кешіп, бақилық болып жатыр. Әйтседе Баубек пен Бауыржан, Әлия мен Мәншүк ерлігі, Қаныш пен Әлкей білімі, Мұхтар мен Ғабит, Ғабидендер үні, Дінмұхамед парасаты-бүгінгі ұрпаққа өнеге. Олардың даналық болжамы, ғибрат аларлық сөздері мен пайымдаулары бүгінде халықпен қайта қауышып жүрегімізден орын алуда.
    Біздің ата-бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай , тамаша тәлім-тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар.
    1-бала:-Арман деген не? –депті қария.
    -Ата, арман дегеніміз-ақыл-ойдың шындығы. Құс «Ұшсам» дейді, бала «Өссем» дейді, қыз « Көрікті болсам» дейді, жігіт «бақытыт болсам» дейді, қарт «Жұзге жетсем « дейді, ұстаз «шәкіртіме үлгі» болсам дейді.

– Арманына адаспаған жетеді, адасқан арманына жете алмайды.
Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді,-депті қария.
2-бала: Бақыты болу оңай ма? –депті қария.
-Ата , жары жақсы болса, бақыты жанында,-депті жігіт.
-Жоқ, балам, ақыл басында болса, бақыт жаныңда болады. Ақыл адамды азаптан да, мазақтан да құтқарады. Өмірде шын бақытты боламын десең ақылдылықты үйрен, не ақылды қызға үйлен.
3-бала: -Дос табу оңай ма? –депті қария.
-Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.
-Жоқ балам, өмірде дос табу ақылға қиын, ақымаққа оңай. Ақылдыңың досы аз, қасы көп, ақымақтың досы көп болғанымен жақсылығы жоқ. Жақсылығы жоқ достың қастығы аяқ астында жатады. Есіңде болсын: досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың,-депті қария.
4-бала: -Өмірде не жетім?-депті қария.
-Ата-анасы жоқ бала жетім, -депті жігіт.
-Дұрыс, балам. Өмірде ата-анасы жоқ болса бала –тірі жетім. Өмірде тоғыз жетім бар. Халқына сенімсіз болса хан –жетім. Ханы ақылсыз болса халқы-жетім, кеңесшісі ақылсыз болса әкім-жетім, суы жоқ құдық-жетім, ұлы жоқ әке-жетім. Қызы жетесіз болса ана-жетім, досы жоқ жігіт-жетім, шәкіртсіз ұстаз-жетім.
5-бала: -Өмір сүру үшін не қажет?-депті қария.
-Ата өмір сүру үшін алтын, нан, мал қажет, -депті.
-Жоқ балам, адамның өмір сүруі үшін су, от, тұз, ақыл қыз қажет. Су тіршіліктің нәрін береді, от өмірдің сәнін береді, тұз астың дімін келтіреді, қыз көңілдің сәнін келтіреді, ақыл өмірдің мәнін береді. Адам ақылмен ағайынды табады, ақылсыз адам ағайыннан безеді,-депті қария.
6-бала: -Шындықты не бұзады? –депті қария.
-Ата, шындықты тіл бұзады,-депті жігіт.
– Дұрыс, балам, шындықты тіл бұзса өкініші көбейеді, не өсек көбейеді. Шындықты білу қиын. Адал адам шындықты білсе өсек қылады. Өсек ерді бұзады. Өсекті көп айтқан шындықты білмейді, шындықты білген өсекшіге ере бермейді. Өмірде шындықты өсек бұзады ,-депті қария.
7-бала: – Адамға ақыл беретін кімдер? –депті қарт.
-Ата, ана тілі ғой ақыл беретін,- депті жігіт.
– Жоқ балам, ана тілі ойды өсіреді. Адамға ақыл беретін ата-ана, ұстаз. Досы екенін ұмытпа. Ата-ана ақылын баласы мен қызына айтады. Жақсы ақыл адамды тез есейтеді. Адамға ақыл беретін –адал дос. Адал дос- ақылшың, ақылшы дос- жақының. Досы көптің табысы көп, табысы көптің жақыны көп. Достың көзі ақылдан басталады,-депті қария.
– Міне, балалр, көрдіңдер ме, дос табу үшін, елде кімнің қадірлі екенін, өмір сүру үшін не қажет екенін, шындықты бұзатын, достықты нығайтатын нен екенін таныстық және осындай ғибрат аларлық сөздерді есте сақтау керектігін ұмытпаңдар.
III. кезең: «Шешендік шиырлары»
Ортаға үш би шығады.
Төле би: уа халқым, сөз қадірін білетін, сөз таныған жастарға 10 түрлі жұмбағым бар.
Айтсам жұмбағым мынау: 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.
Қазыбек би: Би аға, бұл жұмбақты мен шешіп көрейін, рұқсат етіңіз.
Төле би: Рұқсат, Қаз даусты Қазыбегім.
Қазыбек би:
Бір дегенің-бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегенің-егесіп өткен ер жаман.
Үш дегенің-үш бұтақты шідерден шошыған ат жаман.
Төрт дегенің –төсектен безген жас жаман.
Бес дегенің –белсеніп шыққан жау жаман. Алты дегенің- жас келіншек жесір қалса сол жаман.
Сегіз дегенің-серпілмеген қайғы жаман.
Тоғыз дегенің –торқалы той, топырақты өлімге бас көтертпесе сол жаман.
Он дегенің – кәрілікке дауа болмас.
Төле би: Рахмет, дәл тауып шештің, ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым менің.
Қазыбек би: Ал, Әйтеке, халқыңа сен не айтасың?
Әйтеке би:
Уа, халайық!
Көсіліп шабар жерің бар,
Тау көтерген елің бар,
Атадан қалған сара жолың бар.
Тіл қадірін біліңдер!

IҮ. кезең:»Тіл деп соққан жүректері»
Қазақ жазушыларының ана тілі туралы өлеңдері, қанатты сөздері.
1- оқушы: Егемендік алғалы дара жолдың жалғасып келе жатқаны –шындық. Бұл қазақ халқын бар әлемге паш еткен ұлы Абайдың, қазақ әліпбиінің атасы Ахметтің, сырлы да сұлу шығармаларымен күллі әлемге танымал болған Мұхатардың тілі.
2- оқушы: Мұхтар Әуезов «Кімде-кім қазіргі уақытта ана тілін, өзінің әдебиетін сыйламаса,сырлы да сұлу шығармаларымен күллі әлемге танымал болмағ Мұхтардың тілі.
3- оқушы: Алтай мен Атыраудың, Арқа мен Алатаудың арасындағы сахараны менендеген қазақтың Әлихан Бөкейхан, Мұстафа Шоқай, Ахмет байтұрсынұлы сынды бір туар ұлдары ХХ ғасырдың өзінде тәуелсіз Алаш мемлекетін құруға бекер белсене кіріспеген болар.
Мағжан Жұмабаевтың « Ана тілі» атты өлеңінде
«Ерлік, елдік, бірлік, бақ, ардың
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз белгі боп,
Нұрлы жұлдыз – бабам тілі, сен қалдың!» деп жырлаған.
4-оқушы: Адамды мұратқа жеткізетін-ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз-ана тілі. Ана тілі-ар өлшемі. Осы орайда ақын Қадыр Мырзаәлидің
«Ана тілің –арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте» деген өлең жолдары еріксіз ойымызға оралады.
Кітапханашы: Қазіргі кезде ана тілімізге жаны ашып жүрген –ақын ағамыз Мұхтар Шаханов. Ақын «Тілін сыйлаған адам ұлтын сыйлауға қабілетсіз, Тіл-әр ұлттың ең ұлы анасы. Әлемдегі өркениетті дамыған елу мемлекеттің құрамына ену идеясын біз де қуаттаймыз, қолдаймыз. Бірақ елуінші емес, бірінші нөмірлі мемлекетке айналсақ та тіліміз бен рухымыздан айрылсақ, ол біз үшін өліммен тең» деген екен.
Кітапханашы: Қазақ тілі-Қазақстан мәртебесі, мақтанышы. Тіліміз мемлекеттік мәртебеге ие болды. Енді осы ана тіліміздің өрісін кеңейту, қолданыс аясын барынша ұлғайту-біздің міндетіміз.

Тақырыбы.docx 333.docx

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше