Жаңа жыл
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы
«Калинин жалпы білім беру орта мектебі» КММ.
6 «А» сынып оқушысы Мейрамбек Сұлушаш
Жетекшісі: Мырзаканова Тогжан
Жаңа жыл – отбасылық мереке. Бұл өте қызық мереке. Біз жаңа жылда отшашу атамыз. Мен әлі күнге дейін, аяз атаға сенемін. Мен аяз атаға хат жазып, шыршаның асытна қойып қойдым. Мен кішкентай кезімнен бастап, хат жазатынмын, ол жазған хаттарым әлі күнге дейін орындалып келеді.
Біз сосын үйді безендіріп, дастархан жаямыз. Келе жатқан жыл – ит жылы. Мен ит жылында туылғанмын, осы жылы мүшелге кіремін. мен енді есейдім. Жаңа жылда біз бір-бірімізге сыйлықтар жасаймыз. Осы мерекені қатты жақсы көремін. Баршаңызға осы ит жылы тек жақсылық тілеймін. Еліміз аман, Елбасымыз аман болсын! Жаңа жыл құтты болсын!
