Туған тіл. Ана- тілі
Ақтөбе қаласы № 61 жалпы білім беретін
мектептің 3 «А» –класс оқушысы
Бердібай Айгерім
Класс жетекшісі: Айтжанова А.И.
Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдіретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы–әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Ана тілі–ең басты байлығымыз. Ана тілі–ең ұлы мен тамаша тіл. Менің ана тілім – қазақ тілі. Қазақ тілі- мемлекеттік тіл. Бұл–ауыр тіл, бірақ әрбір құрметті азаматқа оны білу керек.Тіл тағдыры–ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білу және мемлекеттік тілін меңгеру міндетті.
Ақтөбе қаласы №61 жалпы білім беретін
мектептің 3 «А» –класс оқушысы
Тұңғышбайқызы Әмина
Класс жетекшісі: Айтжанова А.И.
Ана тілі – бәріміздің анамыз,
Өйткені ол-ұлтымыздың анасы.
Тіл -халықтың алтын діңгегі. Өзін-өзі білетін әр халық алдымен өзінің туған тілін сыйлап,мақтан тұта білуі керек. Өткені халықтың даналығы, жырлары , шежіресі сол халықтың тілінде жазылады.Тіл –қай ұлтта болса да қастерлі,құдіретті ұғым. Ол әр адамның бойына ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады.Тіл- халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті,болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі. Әр халықтың, ұлттың құрмет тұтар өз ана тілі бар. Менің ана тілім –қасиетті қазақ тілі. Қазақ тілі түркі тілдердің ішіндегі ең таза әрі бай тілдерге жатады. Қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі . Ана тілі – халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы өсіп-өніп түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі.
