«Қаржылық есеп » пәнінен « Негізгі құралдардың амортизациясын есептеу әдістері және есебі» тақ ырыбындағы ашық сабақтың әдістемелік әзірлемес і
Жамбыл экономика және ақпараттық технологиялар
колледжінің бөлім меңгерушісі
арнайы пәндер оқытушысы
Н.Т.Қуандықова
Кәсіптік білім экономикаға қажетті мамандықтар мен кәсіптерге, үнемі өзгеретін еңбек нарығының қажеттіліктеріне қарай жедел бейімделуі тиіс. Осы талаптарға нақты еңбек әрекеті үшін қажетті анықтамаларға, дағдыларға негізделетін оқыту, яғни құзыреттілікке негізделетін оқыту жауап береді.Оқу үрдісінде модульдік технологияны негізге ала отырып, «Қаржылық есеп» пәнін оқыту сабағында білімгерлердің белсенділігін, пәнге деген қызығушылығын арттырумақсатында құзырлылыққа негізделген дәстүрлі емес сабақтар жүргізіп, сабақ барысында өндіріс жағдайларын бейнелеп, ойын элементтерін және келесі оқыту әдістерін қолданудамын. Осындай әдістердің бірі – кейс стади әдісі.
