Математика сабағында ақпараттық технологиялар арқылы білім беру

Астана қаласы, № 51 мектеп – гимназиясының
математика пәнінің мұғалімі
Молдағалиева Гульмира Амирхановна

Жалпы білім беретін мектеп оқушылардың тиянақты білім алуын мақсат ете отырып, оларды өз бетінше білімдерін толықтыру, жаңа білімдерді алу тәсілдерімен құралдандыру, алған білімдері теориялық және практикалық мәселелерді шешуге сапалы түрде қолдана білу сияқты ақыл-ой белсенділігін дамыту қажет. Ендігі жерде білім беру жүйесінен шығармашыл, техникада, экономика мен басқаруда жаңа жолдар мен әдістерді таба алатын, батыл да жаңашыл, ақыл-ойы дамыған адамдарды даярлау талап етіледі. Сондықтан математиканы оқыту процесін жетілдіру оқушылардың танымдық белсенділігі мен іздемпаздығын арттыруға негізделген. Оқу-танымдық қызметі барысында оқушылар қажетті көлемдегі білімді игеріп қана қоймастан, танымдық қабілеті мен шығармашылық ойлауы да дамытылады.
Білім беру жүйесін ақпараттандыру дегеніміз – берілетін білім сапасын арттыру жүзеге асыруға бағытталған процесс, яғни еліміздің ұлттық білім жүйесінің барлық түрлерінде кәдімгі технологияларды тиімді жаңа компьютерлік ақпараттандыру технологияларына алмастыру, оларды сүйемелдеу және дамыту, нақты жүзеге асыру шаралары.
Білімді кемелдендіруде үлкен рөл атқаратын компьютерлендіруді әрбір оқушының танып меңгере білуіне үлкен мән беруіміз керек. Оқытудың электрондық (ЭО) жүйесіне көшу төрт кезеңнен тұрады: зерделеу, игеру, ендіру және дамыту.
Әр кезеңде төмендегідей міндеттер мен орындау шаралары қамтамасыз етіледі.
1. Зерделеу кезеңіндегі тактикалық міндеттер: электрондық оқытудың(ЭО) технологиясын зерделеп,оны оқу процесінде сынау.
Ұйымдастыру және орындау іс – қимылдары:
1)Жаңа ұйымдастыру формаларын енгізу 2)Семинарлар өткізу
2. Игеру кезеңіндегі тактикалық міндеттер:
ЭО жүйесі бойынша педагогикалық процесті ұйымдастыру:
1) Мұғалімдерді шығармашылыққа тарту
2) Математика курсын қайта құрылымдау
3) ЭО жүйесіне сәйкес мақсат көздеу білігін мұғалімдерде қалыптастыру
Ұйымдастыру және орындау іс – қимылдары:
1)Нысананы көздеу.Қайта құрылымдау.Оқушы үшін өз бетімен жұмыс ұйымдастыру 2)Жаңа ұйымдастыру формаларын зерттеу
3)Оқушылар үшін жұмыс тапсырмаларын құрастыру
3. Енгізу кезеңіндегі тактикалық міндеттер:
1) ЭО жүйесін 10-11 сыныптар оқу процесіне ендіру
2) ЭО жүйесін шығармашыл мұғалімдер көмегімен басқа сыныптарға ендіру
3) ЭО жүйесін 7-8 сыныптарға ендіруді дайындау
Ұйымдастыру және орындау іс – қимылдары:
1)Оқыту жүйесінің технологиясы тақырыбындағы семинарларға қатысу
2)Пікір алысу,кеңесу
4. Дамыту кезеңіндегі тактикалық міндеттер:1) Қорытындылау,тәжірибені жалпылау 2) ЭО жүйесін әрі қарай дамыту 3) Өз бетімен жұмыс тапсырмаларын пәндермен сыныптар бойынша жеке құралдар дайындау
Ұйымдастыру және орындау іс – қимылдары: 1)Оқыту семинарларын өткізу 2)Пікір алысу,кеңесу,тәжірибе алмасу
Өзектілігі мұғалімге мектептегі оқу процесінің құрылымын түбегейлі озгертуге, оқытудағы пәнаралық байланыстарды күшейте отырып, оқушылардың дүниетанымдарын кеңейтуге және қабілеттерін, көре біліп, оны дамытуға толық жағдай жасауы.
Мақсаты қоғам өзгерістерін тереңірек зерттеп,нақты шешімдер қабылдауға бейімділіктерін дамытып,ақпараттық технологияларды қолдану.
Ақпараттық технологиялар арқылы әрбір оқушы өзінің білімін бағалауға, бақылауға және тексеруге мүмкіндік алады, материалды меңгеру жылдамдығын арттыруға болады.
ЭО жүйесінің негізін ақпараттық технологиялар құрайды. Енді оқытудың ақпараттық технологияларын мәнін ашып көрсетейік.
1) Компьютерлік және ақпараттық сауаттылық. Бұл ақпаратты алудың, қайта жасаудың, жеткізудің, сақтаудың және пайдаланудың негізгі ережелерін білуді көздейді;
2) Электрондың оқулықтарды пайдалану. Ол оқу ақпаратын тасымалдаудың жаңа құралы болып табылады. Онда оқу ақпараты толық мазмұндалып, әр түрлі қосымшалар, анықтамалық материалдар, бақылау тапсырмалары, ұсынылатын әдебиетттер тізімі және тақырыпттық ресурстарға сілтемелер беріледі;
3) Компьютерлік оқыту бағдарламалары. Олар интерактивті тәртіппен комьютер арқылы пәнді оқып – үйренуді көздейді. Бұл бағдарламаларда теориялық материал мен блоктар болады, олар мұғалімдердің берілген білім көлемін меңгеруінің сапасын анықтауға мүмкіндік береді.
Жаңа технологияларды меңгермейінше, оны ұлттық менталитетпен
үйлесімді етіп ұйымдастыра білмейінше болашақ үшін құзырлы, шебер маман даярлау мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің кәсіптік, рухани, адамгершілік, т.б. кісілік келбетінің қалыптасуына мол септігін тигізеді, әрі тұтас педагогикалық үрдісті үйлесімді ұйымдастыруға қол жеткізеді. Әрбір педагог өзін қызықтыратын кез – келген сұраққа жауап ала алатын, рухани қажеттілігін қанағаттандыратын, кәсіби шеберлігін шыңдау жолдарын жетілдіретін кәсіптік шығармашылықты дамыту зертханасы болуы керек.
Мектеп реформасында көрсетілгендей, математика пәнінің оқытылуы болашақта жаңа мазмұн мен сапаға түбегейлі бет бұрғанын аңғаруға болады. Математиканың қайнар көзі – практика. Әрбір сабаққа жан – жақты ізденудің нәтижесінде ғана баланың алғыр ойын ұстаз алға жетелейді. Ал сабақты тартымды өткізу, уақытты тиімді пайдалана білу – мұғалім шеберлігі. 11-сыныпта алгебра пәнінен өтілетін сабақ жоспарын ұсынамын.. Бұл сабақта оқушылар сабақтан тыс материал жөнінде молынан түсінік алады.
Сабақтың тақырыбы: Логарифмдік теңдеулерді шешудің негізгі тәсілдері
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Оқушылардың логарифмдік теңдеулер бойынша алған білімдерін тереңдету, оның тәсілдерін есептер шығарғанда қолдана білуге үйрету.
2. Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, шығармашылықпен жұмыс істеуге ынталандыру, білімге деген талпыныс, ізденістерін арттыру, оқушыларды еңбекке баулу, мақсатқа жете білуге тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: Деңгейлеп оқыту технологиясы бойынша оқушылардың сөз, ойлау, еске түсіру қабілеттерін дамыту, байқағыштық қабілеттерін қалыптастыру. Әр деңгейлік тапсырмалар арқылы оқушылардың білімдерін саралау.
Сабақтың түрі: білімді қорытындылап, жүйеге келтіру сабағы.
Әдіс тәсілдері: әңгімелеу, баяндау, талдау (деңгейлік оқыту әдісі)
Пән аралық байланыс: информатика, бейнелеу, геометрия
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайд ( бағалау
үшін)

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру.
ІІ. Қайталау (ауызша). Жалпы сыныппен жұмыс интерактивті тақтамен.
1) Қандай теңдеу логарифмдік теңдеу деп аталады?
2) Логарифмдердің негізгі қаситеттерін ата.
3) теңдеуі логарифмдік теңдеуге жата ма?
4) теңдігі орындалатындай ең кем дегенде бір х саны табыла ма?
5) теңдігінің анықталу облысын жүйе түрінде жазыңдар.
6) Негізінде де, дәреже көрсеткішінде де белгісіз бар теңдеу қалай шешіледі?
7) Логарифмдік теңдеулердің табылған түбірлерін тексеру міндетті ме?
8) Теңдеулерді шешіңдер:

ІІІ. Сабақты түсіндіру.
Логарифмдік теңдеудің жай түрі
Егер болғанда бұл теңдеудің жалғыз ғана түбірі болады.
Логарифмдік теңдеулерді шешудің тәсілдерінде түбірлер жоғалмай, тек бөгде түбірдің пайда болуына келтіретіндей түрлендірулер ғана қолданылады. Сондықтан теңдеулердің мәндестігі күмәнді болғанда әрбір түбірді міндетті түрде тексерген жөн.
Логарифмдік теңдеулерді шешудің тәсілдеріне тоқталайық.
1. Логарифмдік теңдеулерді логарифмнің анықтамасына негізделіп шешу.

Тексеру:
Жауабы: 2
2. Потенцирлеу әдісі.
Тексеру: 1) x = -3 түбірі болмайды, себебі теріс
сандардың логарифмді болмайды.
2) x = 2
Жауабы: 2.
3. Логарифмдік теңдеулерді квадрат теңдеуге келтіру.

Жауабы: .
4. Бір негізді логарифмнен екінші негізді логарифмге көшу арқылы шешу.

Тексеру:

Жауабы: 3.

  1. Екі бөлігін де бірдей логарифмдеу жолымен шешілетін теңдеулер
    Тексеру: 1)

2)
Жауабы: 0,1; 100.
IV. Қай тәсілмен шығарар едің? (топпен жұмыс)

Деңгейлік тапсырмалар беру.
1)
2)
3)
V. Тест жұмысы.
І нұсқа ІІ нұсқа
1. Теңдеуді шеш: 1. Теңдеуді шеш:
A. 5 B. 2 C. 1 Д. 25 Е. 10 A. 3 B. 2 C. 1 Д. -1 Е. 0
2. Теңдеуді шеш: 2. Теңдеуді шеш:
A. 4 B. 1 C. 2 Д. 5 Е. A. B. 9 C. Д. Е.
3. Теңдеуді шеш: 3.Теңдеуді шеш:
A. 4 B.4;-1 C. 1 Д. -4;1 Е. -1 A. 1 B. 4 C. -1 Д. -4 Е. 2;4
ІІІ нұсқа ІV нұсқа
1. Теңдеуді шеш: 1. Теңдеуді шеш:
A. -5;95 B. -5 C. 95 Д. 5 Е. 5;95 A. B. 2 C. 1 Д. Е. -1
2. Теңдеуді шеш: 2. Теңдеуді шеш:
A.10 B. 10; C. Д. 1 Е. 0 A. B.
C. Д. Е. 1
VI. Әр түрлі деңгейдегі есептерді шешу (үлестірме материалдар бойынша оқушылармен жеке жұмыс)
І деңгей ІІ деңгей

ІІІ деңгей ІV деңгей

VII. Қорытындылау (Блумның сұрақ қою өлшемдері бойынша, интерактивті тақта арқылы)
a) білім Логарифмдік теңдеулерді шешудің негізгі тәсілдерінің көмегі.
б) түсіну күрделірек логарифмдік теңдеулерді шешуде қолданылатын әдістер
в) қолдану осы тәсілдер арқылы есептер шығару қолайлы ма?
г) анализ логарифмдік теңдеулерді шешу тәсілдері аясына не сыйғызар едің?
д) бағалау осы әдістердегі қай тәсіл ұнады?
VIII. Оқушылар білімін бағалау.Рефлексия
ІХ. Үйге тапсырма. 1.Синтез «Мен логарифмдік теңдеулерді шешу тәсілдері туралы не білдім?» әңгіме жазу (шығармашылық жұмыс)
2.Теңдеулерді шешу жоспарын жасаңдар
a)
б) (түсініктеме беру)
Ақпараттық технологиялардың көмегімен әдістемелік және дидактикалық материалдар жасап, электрондық оқулықтарды, интерактивтік тақтаны, т.б. қолдану оқушылардың білім алу процесін жетілдіріп қана қоймай, жаңа материалды толық меңгеруге кепілдік береді.ЭО жүйесін қолдану мектеп пәндерінің оқу сапасын арттырады және білім беруді ақпараттандыру жүйелі түрде іске асады деуге болады. Мектепті ақпараттандыруға мемлекет тарапынан қашанда үлкен экономикалық көмек, қолдау көрсетіліп, оны оқыту, үйрету үнемі назарда. Өйткені, «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» деп, Елбасы атап көрсеткендей, жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны оқу процесінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы өте зор.
Бүгін жасалып жатқан нәрсенің бәрі болашақ үшін. Ертеңін ойламаған елдің болашағы болмайды. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту – бүгінгі таңдағы өзекті мәселе. Ол оқытуды әдістемелік тұрғыдан қайта қарап, үнемі жетілдіруді талап етеді. Осы жағдайда ғана ұстаз алға қойған мақсатқа жетеді.

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жолдауы;
2. Назарбаев Н. Ә «Қазақстан – 2030» (Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы).
3.Учебно-методическая газета «Математика.Первое сентября» 2004 г.
4.Журнал ИФМ №3.2003 ж.
5. http://www.yandex.kz/ “Яндекс-іздеу ақпараты”

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше