«Оқу үдерісіне өзгеріс енгізу мақсатында сабақт ы қалай жоспарлаған тиімді?»

Сейткулова Гаухар Мамбетовна

Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Абай атындағы

№26 орта мектептің тарих пәні мұғалімі

Тақырыбы: Оқу үдерісіне өзгеріс енгізу мақсатында сабақты қалай жоспарлаған тиімді?
Жалпы мақсаты: Оқу мен оқытудағы жаңа тәсілдер туралы білу. Сабақтың әр кезеңінде қолданылатын әдістерге түсініктеме беру. ҚМЖ жасауды үйрену
Оқытуда күтілетін нәтижелер
  • Мұғалімдер құндылықтар мен басымдықтар жүйесіне қатысты өздерінің көзқарастарын дәлелдейді , сыныптағы жағымды атмосфера және ұжымдың сезімнің қалыптасуы үшін ұжымның тәртібі мен ұйымдастырушылығының мәнін бағалайды
  • Білім алушыларға қалай оқу керектігін үйретіп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлелдеулерін нанымды жеткізе біледі.
Дерек

көздер

  • Мұғалімге арналған нұсқаулық ІІІ деңгей.
  • ҚМЖ үлгілері слайд түрінде
  • Видео «Рухани жаңғыру»
Ресурстар Ватман, стикерлер, қаламдар, түрлі –түсті маркерлер мен қағаздар
Түйінді идеялар: 1)Оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру жөніндегі жұмыстағы көпнұсқаулық мұғалімнің кәсіби рөлінің маңызды құрамды бөлігі болып табылады

2)Жетілдіру жөніндегі жұмыс тек қана мұғалімнің өз тәжірибесін жақсартып қана қоймайды,сонымен бірге мектептегі басқа да мұғалімдердің тәжірибесі не әсер ете алады. Сыныпта жаңа әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы мұғалімдер балалардың білім алу сапасына үлкен ықпал ете алады

3)Табысты оқыту мен оқудың маңызды аспектісі ретінде оқуды оңтайландыруға, мұғалім мен оқушыларды өзін-өзі іске асыруды қанағаттану сезімін қамтамасыз етуге, жақсы және ұйымдасқан жұмыс ахуалын сақтап тұруға әсер ететін өзара қарым-қатынас сипатын түсіну

Жаттығулар мен бірлескен жұмысқа негізделген тәсілдер:
Жаттығулар Коучтың іс- әрекеті Мұғалімдердің іс-әрекеті Жұмыс әдісі Уақыт
Шаттық шеңбер «Менің болашағым» ойынын ойнату.

Тәртібі: мұғалімдер музыка ырғағымен өз болашақтарын көзін жұмып тұрып елестетеді.

Өз арманын ортаға салады. Ахуалды жақсарту. 10 мин
Топқа бөлу Туған күн санына байланысты топтастыру

1-7

8-14

15-22

23-31

топқа бөліну. Өз топтарындағы орындарына жайғасу 4 топқа бөлінеді

«Руханият»

«Болашақ»

«Құндылық»

«Жаңғыру»

8 мин
Ашық сұрақтар Сабаққа жоспар жасау кезінде мақсатыңызға жету үшін қандай әдіс- тәсілдер қолданасыз?

Сіз қолданған әдіс- тәсілдердің білім алушының ынтасына, зейініне ықпалы қандай?

Сізге жаңа әдіс-тәсілдерді жиі қолдану қаншалықты тиімді?

3.Әріптесіңізбен бөлісетін тың тәсілдеріңіз бар ма?

Ресурстарды талдайды Пікір білдіру 10 мин
Теория Ресурстарды тарату

ҚМЖ жасауда қандай мәселелерге көңіл бөлу керек?

Ресурстарды игеру 15 мин
Миға шабуыл Видео көрсету

«Рухани жаңғыру»

Интерактивті тақтадан видео көреді. Пікір білдіру 7 мин
Коучингтік тәсіл Н. Назарбаевтың «Рухани жаңғыру, болашаққа бағдар» мақаласын тақырыбын оқушыларға игерту үшін ҚМЖ құрастыру.

ҚМЖ жасауда қандай әдіс-тәсілдерді қолданар едіңіз?

Топтар ҚМЖ құрастырады, ортада талдайды От шашу арқылы бағалау 25 мин
Караоке Видео Өлең айтады 5 мин
Кері байланыс «3 м және 1 ә» әдісі Кері байланыс парағын толтыру 7 мин

Рефлексия

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында орта білім беру саласында үлкен өзгерістер енгізілуде. Осыған орай педагог кадрлардың кәсіби дамуы, оқыту тәжірибесін жетілдіру қажеттілігі туындауда. Мектеп тренері ретінде әріптестеріммен жаңа әдіс-тәсілдерді талқылау, жұмыс барысында үйренгендерімді тәжірибе жүзінде іске асыру жолдарын қарастыру мәселелері қарастырылды.Мектеп мұғалімдеріне «Болашақтың мектебі: құндылықтар, көзқарастар, ықпал ету әдістері» тақырыбында коучинг өткіздім. Коучингтің шаттық шеңбері кезеңі өтте сәтті шықты. Педагогтар белсенді қатысты. 1 тапсырма орындауда «Болашақ» тобынан Кучербаева Майра топтың ҚМЖ талқылауын таныстырды. Бұл топтағылар «Рухани жаңғыру, болашаққа бағдар» мақаласы идеясын ҚМЖ ға кіріктіруде ескі үлгідегі сабақ жоспарына салып жасаған. Сабақ мақсаттары мен әдіс-тәсілдердің тиімділігін аша алмады. Ал екінші «Руханият» тобының ҚМЖ жоспарын Айғасқаева Гүлшат таныстырды. Бұл топтың ҚМЖ жасаудағы әдіс-тәсілдері тиімді. Сабақ мақсаттары нақты әрі айқын, оқушыға бағытталған болды. Соңғы «Жаңғыру» тобындағы мұғалімдер ҚМЖ жасауда көптеген қателіктер жіберді. Сабақ мақсаты айқын болғанымен, тапсырмалары тақырыпқа сай болмай шықты. Осы олқылықтарды жөнге келтіру үшін тәлімгер Нұртаева Шолпан ҚМЖ талаптары мен онда мән беретін мәселелерге толық, дұрыс түсіндірме жасады. Қазіргі талапқа сәйкес ҚМЖ үлгісін интерактивті тақтада көрсетті. Теориялық білім берді.

Әлсіз жағы: коучингте ҚМЖ жасауда жас мамандардың білімінің, тәжірибесінің аздығы. ҚМЖ жасау талаптарын нақты білмеуі.

Тиімді жағы: коучингте педагогтардың былтырғы жыл бойындағы өткізілген коучингтердегі білімдерді, дағдыларды пайдалана білуі

Ұсыныс: коучингке жас мамандардың белсенділігін арттыратын тәсілдерді көптеп қолдану, олардың жауапкершілігін арттыру.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше