Менің сүйікті балабақшам
Ақтөбе қаласы Байғанин ауданы
МКҚК «Рауан» бөбек балабақшасының педагог-психологы
Атчыбаева Оразгул Жолдасбаевна
Тақырыбы: Менің сүйікті балабақшам.
Мақсаты: балабақшаға деген сүйіспеншілігін дамыту, өзінің балабақша ұжымының мүшесі екенін санасына сіңіру,достық қарым-қатынас сезімдеріне тәрбиелеу.
Міндеттері: үлкендердің еңбектерін бағалауға үйрету, балабақшаға деген мақтаныш, құрмет сезімдерін дамыту, айналасындағы адамдарды жақсы көруге тәрбиелеу.
Әдістер: түсіндіру, әңгіме, ойын.
Көрнекілік: балабақша суреті, безендірілген бөлме.
Психолог: Сәлеметсіңдерме балалар? Көңіл-күйлерің жақсы ма? Балалар бүгін ерекше күн. Біздің сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр, олай болса қонақтармен сәлемдесіп алайық.
Балалар:
Сәлем беріп сіздерге,
Бас иеді ұл мен қыз.
Болашағы Отанның,
Азаматы біздерміз.
Психолог: Жарайсыңдар балалар !Балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Менің сүйікті балабақшам!» деп аталады. Балабақша- бұл біздің екінші үйіміз. Біз таңертең балабақшаға келіп күні бойы осы жерде тәлім-тәрбие аламыз, ойыншықтар ойнаймыз, тамақтанамыз, сондықтанда балабақшаны екінші үйіміз деп айта аламыз, солай ғой балалар! Ендеше балалар барлығымыз бір-бірімізге, қонақтар мен ұстаздарға жақсы көңіл-күй сыйлайықшы. Қане шаттық шеңберін құрайық.
Балалар:
Еліміз тыныш болсын,
Отбасымыз аман болсын.
Дастарханнан дәм кетпесін,
Көңілімізден сән кетпесін.
Психолог: Рахмет жарайсыңдар. Балалар, сендер күнде қайда келесіңдер?
Балалар: Біз балабақшаға келеміз.
Психолог: Ертеңгісін балабақшаға келгенде достарымызға не дейміз?
Балалар: Қайырлы таң!
Психолог:Жарайсыңдар балалар. Балабақшада сендер не істейсіңдер?
Балалар: Балабақшада біз білім аламыз, тәтті тағамдар жейміз, ойыншықтар ойнаймыз.
Психолог:Жарайсыңдар балалар. Ендеше сүйікті балабақшамыз туралы қонақтарға тақпақ айтып берейік.
Исмайыл:
Жауқазындай балабақшам бар,
Деп мақтанам бәріне.
Меңгерушісі балабақшамның.
Көріктіде сәндіде,
Шаршамаңыз Саматовна,
Бізге тәлім беруде!
Есенгелді:
Әдіскері бақшамның ,
Жайдары жүз, ай қабақ.
Сайпиева ханымымыз,
Жүреді бізді аймалап.
Димаш:
Бала бақша есігін,
Сәби болып ашқанбыз.
Балапандай өсірген,
Тәрбиешіме мың алғыс.
Тимур:
Тыңдауышы мойнында,
Өлшеуіші қолында.
Ақ халатты дәрігер,
Әр қашан өз орнында.
Айғаным:
Бала, бала, баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Олға, солғаны үйреткен,
Спортшымызға мың алғыс.
Көркемай:
Аспазшымыз ақ жүзді,
Келбетті де, мейірімді.
Бізге тамақ әзірлер,
Тамақтары тәп-тәтті.
Арай:
Еденді кім жуатын,
Жолатпай шаңды қуатын.
Тазалықшыға мың алғыс,
Көрінбей жүріп тұратын.
Фариза:
Бұл екінші үйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз.
Біз осы үйдің гүліміз,
Біз осы үйдің сәніміз.
Психолог: Жарайсыңдар балалар, балабақшаларың туралы әдемі тақпақтар білесіңдер екен.
Орнымыздан тұрайық,
Олға, солға қарайық.
Тақпақ айтып шаршадық,
Біраз сергіп алайық. дей отырып біз сендермен сергіту сәтін өткізейік.
Балалар теледидарға қарап музыкалық сергіту сәтін өткізеді.
Ғажайып сәт: Есік қағылып топқа Қызыл телпекше кіріп келеді.
Қызыл телпекше: Сәлеметсіңдерме балалар, мен бүгін сендердің балабақшаларыңа қонаққа келдім. Балабақшаларың қандай әдемі! Мені білесіңдерме? Мен «Қызыл телпекше» ертегісіндегі Қызыл телпекше боламын. Мен сендерге жол-жөлекей гүлдер тере келдім. Бұл гүлді сендерге сыйға тартамын, бірақ менің бір шартым бар. Бұл гүлдің артында сиқырлы сұрақтар жасырынған, кімде-кім сұраққа жауап бере алса ғана гүлді сол балаға тарту етемін. Қанеки қошақандар көздеріңді жұмыңдар, мен өзімнің қызыл телпекшемді қай баланың басына кийгізсем сол бала сұраққа жауап береді.
Балабақшада сен немен ойнағанды ұнатасың?
Саған балабақшаның қандай тамағы ұнайды?
Сенің балабақшаң қалай аталады?
Балабақшаға деген жақсы тілектер айта аласыңба?
Балалар сұраққа қызыға жауап береді.
Қызыл телпекше: Жарайсыңдар балалар, сендер балабақшаларыңды өте жақсы көретіндерің көрініп тұр, ал енді мен үйіме қайтайын. Достарыма сендердің балабақшаларың туралы әңгімелейтін боламын. Сау болыңдар!
Балалар: Сау бол Қызыл телпекше!
Психолог: Ал енді балалар, біз сендермен «Менің сүйікті балабақшам» тақырыбында құрастыру ойынын ойнаймыз. Мына жерде балабақшаның қырқылған суреттер тұр, осы суреттерді біз өз орнына қойып жапсырып шықсақ, балабақшаның суреті бейнеленеді. Ал ендеше балалар суреттерді жылдам жапсырып шығайық.
Балалар қырқылған суреттерді жылдам құрастырады.
Психолог:Ал енді балалар біз сабақтың соңында балабақшаға деген жақсы тілектерімізді айтайық.
Балалар: Еліміз тыныш болсын, балабақшамыз гүлдене берсін, елбасымыз аман болсын, ауылымызда үлкен балабақша салынсын, достарымыз көп болсын.
Психолог: Ал осымен сабағымыз аяқталды. Келгендеріңізге рахмет!
Сау болыңыздар!
