«Бала тәрбиесіндегі ата-ана» Ата-аналарға арнал ған тренинг сабағы

Ақтөбе қаласы Байғанин ауданы

МКҚК «Рауан» бөбек балабақшасының педагог-психологы

Атчыбаева Оразгул Жолдасбаевна

Тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі ата-ана»

Ата-аналарға арналған тренинг сабағы

Мақсаты:Қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.

Міндеттері:Ата-аналардың мектеппен, мұғаліммен тығыз байланысын арттыру, балаларын білімге, мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеудің жолдарын көрсету. Бала тәрбиелеу саласының аз да болса жоғарылауына ықпал ету.

Қажетті құрал-жабдықтар:Үлестірме қағаздар, А4 формат, қалам, доп, ватман, маркерлер және т.б.

Әдістері:пікір алмасу, сұрақ-жауап, тест, психологиялық жаттығулар.

ТРЕНИНГ БАҒДАРЛАМАСЫ:

  1. «Танысу» жаттығуы;
  2. Топқа бөлу;
  3. Ой жинақтау;
  4. Ситуациялық сұрақтар;
  5. «Үй, жол, жылан, бокал, шалбар және орамал» диагностикасы;
  6. «Ашық айтсам…» жаттығуы;
  7. Рефлексия;
  8. қорытынды.

ТРЕНИНГ БАРЫСЫ:

Психолог сөзі: Сәлеметсіздер ме, құрметті ата-аналар! Бігінгі біздің «Бала тәрбиесіндегі ата-ана» атты тренинг-сабағымызға хош келдіңіздер! Ата-ананың тілегі – баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі табыстары.

Баланы жастан бақпасаң,

Жамандықтан қақпасаң,

Қадірден жұрдай қасқа боп,

Кешкенің өмір босқа тек. – дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Бүгінгі ұл ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз ертеңгі ана, ол шешеге қарап өсіп, бой түзейді. Балаға білім, тәрбие беруде басты тұлға ұстаз болса оны жалғастырушы, демеуші – ата-ана.

  1. «Танысу» жаттығуы:

Ата-аналар шеңбер бойымен тұрып, әрқайсысы өзінің есіміне сын есім қосып және өз бойындағы 1 қасиет кезекпен айтып шығады.

Талқылау: Қандай әсер алдыңыздар? Не қиындық келтірді.

  1. Топқа бөлу:

Ата-аналар сол тұрған күйлерінде түрлі-түсті гүлдерді таңдайды. Түстер бойынша топ құрып, үстелдерге жайғасып отырады.

  1. Ой жинақтау:

Үш топқа тақырып беріледі.

Ата-аналар сол бойынша өз ойларын ортаға салады.

I-топ.Баланың сапалы білім алуы үшін ата-ана тарапынан жасалатын жағдайлар.

II-топ.Балаларды теріс әрекеттері үшін жазалаудың түрлері.

III—топ.Бала үшін мұғалім мен ата-ана арасында қандай байланыс болу керек.

  1. Ситуациялық сұрақтар:

Ата-аналар үстел үстіндегі үлестірме қағаздарды бөліп алып, сұрақтарға жауап береді.

  1. Балаңыздың өнері, қандай да бір іске қызығушылығы, бейімділігі байқалса, не істер едіңіз?
  2. Баламен сөйлесе білу де үлкен өнер. 4-6 жастағы бала күніне көптеген сұрақ қоятын көрінеді. Мысалы, түн неге қараңғы, күн қайда кетті, ұшақ қалай ұшады….деген сияқты таусылмайтын сауалдар көп. Сіздің балаңыз да осындай сауалдарды көп қойса, жауап беруге тырысасыз ба, жоқ әлде, елеусіз қалдырасыз ба?
  3. «Сіздің балаңыз тәрбиеші апай мені ұрады» деген бірнеше шағымды балаңыздан көп естейсіз.Не істейсіз? Балаңызды қалай тәрбиелейсіз?
  4. Кейбір ата-аналардың баласының әрбір іс-әрекетіне көңілі толмай: «Сен сала алмайсың, сен істей алмайсың»,-деп айтып жататынын байқаймыз. Бала іс-әрекетіне теріс баға беруге қалай қарайсыз?
  5. Балаңыз балабақшаға барғысы келмей жылайды, не істейсіз?
  6. Балаңыздың тәртібі жайлы білгіңіз келіп, балабақшаға келіп тұрсыз. Тәрбиеші сізді қатулы қабақ, ашулы күймен қарсы алды. Сіздің әрекетіңіз?
  7. Балаңыздың тобындағы балалар «менің ойыншығым көп» деп мақтанды.Балаңыз үйге келген соң «маған көп ойыншық әкеп бер»деп мазаңызды алды. Сіздің әрекетіңіз?
  8. Сіздің тұңғышыңызды атасы мен әжесі бауырына басқан. Тәрбиесі қиындап кеткен соң, өздерің қадағалаңдар деп әкеп тастады. Ал, балаңыз тәрбиеңізге еш көнер емес, не істейсіз?

Психолог: Құрметті ата-аналар! Тренингке келіп белсене қатысқандарыңыз үшін көп рахмет!

Қош сау болыңыздар!

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше