«Балалармен қарым – қатынаста сіз қандайсыз?» п сихологиялық тренинг

Ақтөбе қаласы Байғанин ауданы

МКҚК «Рауан» бөбек балабақшасының педагог-психологы

Атчыбаева Оразгул Жолдасбаевна

Тақырыбы: «Балалармен қарым – қатынаста сіз қандайсыз?»

психологиялық тренинг

Мақсаты: Балалармен жақсы қарым-қатынаста болу, балалардың балабақшадағы бейімделуіне ықпал жасау, бейімделудегі қиындықтарын танып білу.
Түрі: Психологиялық тренинг сабағы.
Әдісі: Топтық жұмыс, сұрақ-жауап, релаксация, ой бөлісу және пікір алмасу.

Тренинг ережесі: белсенділікті арттыру, тапсырманы орындау арқылы қандай тәрбиеші екенін анықтау, өз ойын ашық айта білуге үйрету.

Психолог:
Сәлеметсіздер ме, құрметті тәрбиешілер, бүгін сіздерді психикалық көңіл-күйлеріңізді көтеруге, өз шығармашылық қабілетіңізді бағалай білуге, бір-біріңізбен сыйластық қарым-қатынаста болуға, балалармен жақсы қарым-қатынаста болу, балалардың балабақшадағы бейімделуіне ықпал жасау, бейімделудегі қиындықтарын танып білуге арналған «Балалармен қарым – қатынаста сіз қандайсыз?» атты тренинг сабағына ұйымшылдықпен қатысуға шақырамын.

Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Суреттегі ой (жеке және топтық жұмыс)
  2. «Бұрыс ойды дұрыс ойға айналдыру» жаттығуы
  3. «Менің үйдегі балам»,«Менің балабақшадағы балам» жаттығуы
  1. Суреттегі ой

Психолог: Бұл ойынды бәріміз бірге орындауға шақырамын. Алдымен екі топқа бөлініп алайық. Сіздерге суреттер көрсетіледі, осы суреттерге байланысты әр топ өзінің ойын, түсінгендерін айтып, суретке қарай отырып балалармен қарым-қатынас орната алуы керек.

  1. «Бұрыс ойды дұрыс ойға айналдыру» жаттығуы
  1. Сенен ешқандай жақсылық шықпайды!
  2. Неге сен басқа балалардай емессің?
  3. Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің, шашың дудыраған, үстің кір-кір!
  4. Тағы осылай істейтін болсаң менен таяқ жейсің!
  5. Берген тамақты да дұрыс іше алмайсың!
  6. Жылауық болып кеткенсін бе?!
  1. Сенің қолыңнан әлі көп нәрсе келеді, мен саған сенемін!
  2. Сенің де басқалардан өзгеше болуыңа құқың бар, сенің де қолыңнан келеді!
  3. Үстіңді ретке келтір, шашыңды тарап, киіміңді ауыстыр!
  4. Мен саған қиыншылықты жеңуге көмек тесемін, екінші мұндай жағымсыз қылық жаса ма т.б.
  5. Тамақты асықпай төкпей ішсең тәртіпті бала боласың!
  6. Сен ақылды балақайсың. Ақылды бала жылауық болмайды.

3. «Менің үйдегі балам», «Менің балабақшадағы балам» жаттығуы

Қағазды екі бөлікке бөлеміз. Бір бөлігіне «Менің үйдегі балам» деп, екінші бөлігіне «Менің балабақшадағы балам» деп сіздің балалармен қандай қарым- қатынаста екеніңізді жазу керек.

  • Ұқсастықтары бар ма?
  • Айырмашылықтары қандай?

  • Қай қатарды жазу оңай болды?

Психолог:

  • «Міне, біз сіздерменен тәрбиеші мен бала арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын тануға, жан-жақты талқылауға тырыстық.

-Қарым-қатынас- ол адамның жеке басының дамуында қалыптасуында үлкен рөл атқарады. Балалармен жақсы қатынаста болсақ, балалар өз бетінше өзара қарым -қатынас жасап, бір- біріне білдірмек болған ойын жеткізіп пікір алысады. Соның негізінде ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбек сүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар. т. б. қалыптасады. Бала әрбір халықтың, әрбір мемлекеттің болашағы. Оларды жақсы қатынаста тәрбиелеу біздің қолымызда.

Қорытынды.

Психолог: Бүгінгі «Балалармен қарым – қатынаста сіз қандайсыз?» атты тренинг сабағым аяқталды. Тренингке белсене қатысқандарыңыз үшін көп рахмет.

Қош сау болыңыздар!

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше