Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар.

Сабақ жоспарлау үлгісі

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: Мектеп:

7.1А Қапшағай қаласы, №12 орта мектеп

Күні: Мұғалімнің аты-жөні:

Зулпухарова Зульфия Баймаханқызы

Сынып: 7 Қатысқандар: 27 Қатыспағандар

Сабақтың тақырыбы Химия пәніне кіріспе. Таза заттар және қоспалар.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 7.1.1.1 Химия ғылымының нені оқытатынын білу.
Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар:

Химия пәні нені зерттейтінін білу.

Оқушылардың көпшілігі:

Зат және дене ұғымдарын білу .

Кейбір оқушылар:

Заттардың қасиеттерін сипаттау.

Бағалау критерийлері 1. Химия пәні нені зерттейтінін атайды;

2.Заттарды таниды, дене мен заттарды ажыратады;

3. Заттардың физикалық және химиялық қасиеттерін әңгімелейді.

Тілдік мақсаттар Пәндік мақсаты Пәндік лексика және терминология Дилогқа /жазуға қажетті сөз тіркестері
оқушылар:

химия пәнінің нені зерттейтінін,міндеттерін білуі.

Химия,зат, дене, заттардың қасиеттері Химия -жаратылыстану ғылымдарының бірі, өйткені………….

1.”Химия”деген сөз сендерге қандай ой-пікір тудырады? Неліктен…….

Құндылықтарға баулу Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу
Пәнаралық байланыс Жаратылыстану, биология, физика, экология
Алдыңғы білім 5.3.1.2 заттардың қатты, сұйық және газ күйіндегі құрылымын түсіндіру.

5.3.1.3 заттардың қасиеттерін: заттардың тығыздығын, аққыштығын, жылу және электр өткізгіштігін,созылғыштығын сипаттау.

Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар
Сабақтың басы 1. Ұйымдастыру.

2.Психологиялық ахуал туғызу

“Маған мен туралы айтып бер” ойыны

( оқушылар бір-бірінінің жақсы қасиетеріне сипаттама береді)

3.Қызығушылықты ояту

“Химия” деген сөз сендерге қандай ой-пікір

туғызады?

Қоршаған ортаның ластануы, жануарлар мен адамдардың азығы, киімдер, улану, дәрілер, отын, қышқыл жаңбырлар, тыңайтқыштар.

Оң: –

Теріс:-

Тапсырманы жазбаша орындау және талқылау.

1. Теріс тізімдерді азайтуға қандай пікір қосасыздар.

2. Сендерге химияны оқу қажет деп ойлайсыздар ма?

АКТ

Интерактивті тақта

Тірек сөздер

Сабақтың ортасы 1. Сабақтың тақырыбы, мақсаты таныстырылады. Оқушыларды топқа бөлу: (суреттер бойынша)

2. Оқулықпен (мәтінмен) жұмыс:

І. Топтық жұмыс (ойлан, жұптас, талқыла)

І топ: “Физика” -Химия пәні нені оқытады?

ІІ топ: “Химия” – Химияның міндеттері.

ІІІ топ: “Биология” – Химия және экология.

(постер қорғау және топтардың бір-бірін екі жұлдыз, бір тілек әдісі бойынша бағалауы)

Дескриптор:

1.Химия ғылымының зерттеу обьектілерін нақты көрсетеді.

2.Химия ғылымының мақсаты мен міндеттерін атайды.

3.Химиялық заттардың қоршаған ортаға кері әсерін постерде көрсетеді.

Химиялық сергіту сәті:

Мұғалім физикалық және химиялық құбылыстарды атайды:

А) егер физикалық құбылыстар аталса, оң қолдарын көтереді.

Ә) егер химиялық құбылыс аталса, сол қолдарын көтереді.

ІІ. Жұптық жұмыс:

№1. Төмендегі келтірілген атаулардың ішінен химиялық заттар мен денелерді тауып, бөліп жазыңдар:

Су, кесе, үстел, қасық, күміс, пласмасса, дәптер, бор, қалам, шыны, қағаз, резеңке, тұз.(жұптардың бір-бірін бағалауы)

Дескриптор:

1. Бір заттан пішіні әртүрлі денелерді жасауға болатынын біледі.

2.Пішіні бірдей денелерді әртүрлі заттардан жасауға болатынын біледі.

3. Денелер заттарды құрайтынын біледі.

4.Заттардың қасиеттеріне сәйкес қолданылатынын біледі.

№2. Заттар мен денелердің қатарындағы бір “артық” сөзді көрсет:

А) Темір, киім, шыны;

Ә) Су, стакан, ас тұзы;

Б) Шеге, ағаш, құмыра;

В) Саз, қалам, мыс;

Г) Ас содасы, темір, пышақ.

ІІІ. Жеке жұмыс (кесте толтыру)

№3. Заттардың қасиеттері:

Заттар Қасиеттері
Агре-

гаттық күйі

Түсі Қатты-лығы Иіл-гіш-тігі Электр-өткіз-тігі
Алюминий
Пластмасса

№4. Бірін -бірі тексеру: “Кім үлкен ойыны”

1. Табиғи заттардың тізімін жазу.

2. Жасанды заттардың тізімін жазу.

7 сыныпқа арналған оқулық,

Бағалау парағы

Сабақтың соңы Кері байланыс

Рефлексия

Саралау -Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Мен оқушыларға “Химия ғылымының нені оқытатынын білу” оқу мақсатына жету үшін, алдыңғы білімдеріне сүйене отырып, оқытудың түрлі әдіс -тәсілдерін топтық жұмыс,жұптық жұмыс, жеке жұмыс орындау барысында қолдау көрсетемін.

Бағалау -Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Бас бармақ жоңары/ төмен, бағдаршам, серіктесті оқыту, мақсаттар бойынша өзін-өзі бағалау

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлері

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше