ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ Ф УНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҰСТ АЗБЕН ОТБАСЫНЫҢ РӨЛІ

А.К.Кабдулданова

ГКУ”Средняя школа №12 с ДМЦ села Заречное” города Капшагай

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл оқу-тәрбие үдерісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Себебі, білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда.

Қазіргі мектепті қайта құруда білім мазмұнының жаңаруы, білім беру жүйесін дамыту парадигмасының «өмірлік білім алу» қағидасының орнына «өмір бойы білім алу» қағидасына көшкені басшылыққа алынады. Жаңа мазмұнды білім беру мектебінің негізгі идеясы – жеке тұлға жетістігі болмақ.Ел үшін маңызды осы стратегиялық міндеттерді шешу жағдайында тұлғаның ынталылығы, шығармашылықпен ойлауы мен дәстүрлі емес шешім қабылдау қабілеттері, кәсіби жол таңдау білігі, өмір бойы білім алуға даярлығы – оның басты функционалдық қасиеттері болып табылады.

Аталған функционалдық біліктер мектеп және отбасында қалыптасады.Функционалдық сауаттылықты дамытудың жалпы бағдары Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында анықталған, басты мақсаттардың бірі – жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады. Қазіргі әлемде табысты тұлғаға айналу үшін, жай сауатты болу ғана емес, функционалды сауатты болу қажет, яғни шынайы өмір жағдайларында түбегейлі білімді қолдана білу керек. «Функционалдық сауаттылық» термині 1956 жылы Уильям Грейдің ЮНЕСКО үшін «Оқу мен жазуға үйрету» зерттеуінде енгізілген болатын. Дегенмен функционалдық сауаттылықты дамыту жөніндегі мәселесі тек 1980 жылдары ақпараттық технологиялардың екпіндей дамуы кезеңінде маңыздылыққа ие болды. Ал бүгінде функционалды сауатты болу – өмірлік қажеттілік, оған елдің амандығы, әлеуметтік мәдени және экономикалық дамуы көп жағынан тәуелді.Оқушылардың функционалдық сауаттылық деңгейін жоғарылату туралы мәселе Қазақстанда жүргізілетін реформалар тізбесінде ерекше орынға ие.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуда балаларды оқыту мен тәрбиелеу процесіндегі маңызды фактор – ата-ананың белсенді рөлі екендігін PISA (Programmer for International Student Assessment) – 15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалау) зерттеулерінде үнемі көшбасшы елдер қатарынан табылатын Австралия, Финляндия, Жапония, Жаңа Зеландия, Италия, Оңтүстік Корея және т.б. нәтижелері көрсетіп отыр.«Отбасы» ұғымына – отбасы тәрбиесіндегі функционалдық сауаттылық, ата-аналардың саналылығы, тәрбие, тәрбиенің бірізділігі, отбасы құрылымы, отбасының жіктелуі, тәрбиенің оң тәжірибесі, құқық, заң, құқықтық тәрбие, тәрбиенің ауытқуы, әлеуметтену, сауықтыру, отбасы мәдениеті жатады.Отбасы тәрбиесі мазмұнын анықтайтын ең маңызды құндылықтар: отбасы, отбасы әдет-ғұрпы мен дәстүрлері, баланың отбасына құқығы, қарашаңырақ, шежіре, әке және ана, әкенің және ананың беделі, ата-ана махаббаты мен қамқорлығы, баланың отбасында қорғалғандығы, қарттарға, кішілерге, науқастар мен мүгедектерге қамқорлық болып табылады.

Отбасы бала бойында балалық кезеңнен адамгершілік құндылықтарды, парасатты және тиімді өмір дағдыларын құру бағытын қалыптастыруы тиіс.Осыған байланысты, ата-аналарды мектеп өміріне белсенді түрде қатыстыруға бағытталған шаралардың тұтас жүйесін: қамқоршылық кеңесін, ата-аналар қауымдастығын, ата-аналар университеттерін құру қажеттігі туындап отыр.Білім беру нәтижелері оқушыларды мектепте оқыту процесінің соңғы өнімі болып табылады және білім алушы тұлғасындағы сапалы өзгерістерді дәлелдейді, оның мінез-құлқында, әлеуметтік ортамен өзара іс-әрекет етуінде көрініс табады.Білім беру нәтижесін көрсету деңгейінің бірі – функционалдық сауаттылық, ол тұлғаның білім, білік және дағдылар негізінде әлеуметтік қатынастар жүйесінде қалыпты қызмет ету, нақты мәдени ортаға барынша жылдам бейімделу қабілеті ретінде анықталады.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылдың 27 қаңтарындағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Жолдауында: «Білім жүйесі тек білім ғана емес, сонымен қатар, оны әлеуметтік бейімделуде қолдану білігін беруі тиіс», − деп атап көрсетілген. Осыған орай, Мемлекет басшысы мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын одан ары дамыту қажеттілігін атап өтті.Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту процесін мазмұндық және оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар кешенін «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» қамтиды. Өскелең ұрпақтың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруды тәрбиелеу процесінде отбасы мен мектептің ынтымақтастығына үлкен рөл бөлінеді. Отбасы мектепке оқушылардың іс әрекетін ұйымдастыруында «Білім туралы» Заңды ойдағыдай жүзеге асыруына көмек көрсетеді. Алайда ата-аналардың педагогика негіздерін нашар білуі қазіргі кезеңде әлеуметтік тәрбиелеу мен мектепке бейімдеу ісіне кедергі келтіріп отыр. Сондықтан дәл қазір отбасы мен мектептің өзара әрекетін нығайту, бала тәрбиесіндегі әкелер мен аналардың жауапкершіліктерін арттыру қажет. Және бұл шараны мектеп ұйымдастыруы тиіс. Осыған орай бұл істі ұйымдастыруда мектеп мұғалімі, психологы, әлеуметтік педагог, сынып жетекшісі жұмысының маңызы артады, көптеген маңызды мәселелер мен сұрақтардың шешімі осыған байланысты.Ол үшін мына қағидаларды әрбір педагог ата-аналармен жұмыс жүргізгенде ұстанғаны жөн:– ақыл үйретпей, кеңес беру керек. Бірлескен іс-әрекеттер туралы бірге ойласу, кеңесу;– ата-аналармен қарым-қатынас жасай отыра, олар бізге қажет, біздің одақтасымыз, олардың көмегі мен кеңесіне мұқтаж екенімізді көрсету;– ата-аналық сүйіспеншілік пен құрметке үндеу;– балаларды сипаттай отыра, ең алдымен бала туралы жақсыны ғана айту қажет;– ата-аналардың тұлғасына, олардың еңбектегі жетістіктеріне жоғары құрмет көрсету;– ынтымақтастық, ортақ шығармашылық.Мамандар баланың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы отбасымен іс-әрекеттің барлық түрлерін пайдалануды ұсынады. Педагогтер ата-аналарға іс-әрекеттің бірдей түрлерін күштеп ұсынбастан, негізінен, ата-аналарды шыдамдылықпен мектеп және сынып жұмыстарына қатыстыра отыра, олардың қажеттіліктеріне, сұраныстарына, отбасылық тәрбиенің ерекшеліктеріне бағдарлануы қажет. Отбасымен жұмыстың негізгі түрлері – дербес және топтық жұмыстар.Жақсы отбасы көрсеткішінің бірі – ондағы қолайлы ахуал болып табылады. Мектептің отбасымен өзара іс-әрекет формалары оқушылардың функционалдық сауаттылығын, бала мен ата–ана арасындағы қарым–қатынасты нығайту мен сауықтыру үшін қажет іс-әрекеттің оңтайлы түрлері мен әдістерін қалыптастыруда белгілі қызмет атқарады.Бұл үшін отбасында бала тұлғасының қалыптасуына және дамуына кері әсер ететін әлеуметтік–педагогикалық және психологиялық проблемаларды диагностикалау және анықтау қажет.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы іс– әрекеттің негізгі басым бағыттары: отбасына практикалық көмек және педагогикалық қолдау көрсету; ата–аналарды отбасы тәрбиесі мәселесі бойынша оқыту, бала тәрбиесіндегі оң тәжірибемен таныстыру; отбасындағы сәтсіздіктің себептерін, отбасындағы балаға деген қарым–қатынасты зерттеу; қамқоршы, қабылдайтын отбасыларын және т.б. құру бойынша ақпарат тарату, көмек көрсету.

Бұл үшін қажет:

Тиімді технологиялар: балалар мен ата–аналардың тұтынушылық- құндылық аясы туралы деректер банкін құру, топтық кеңестер жүйесі, мақсатты конференциялар, іскерлік ойындар, баспасөз–конференциялары, бейнежазбалар талдауы, отбасыішілік қатынасты ұйымдастыру.

Ерекше жағдайлар мен ерекшеліктер: ата–аналардың, мектепке дейінгі мекемелерінің тәрбиешілері, әлеуметтік педагогтері, практикалық психологтері, мектеп және басқа оқу орындары педагогтерінің, қоғамдық–мемлекеттік мекемелері мен социум қызметінің күшін біріктіру. Аса маңызды мәселе – мектеп және отбасы тәрбиесін, білім алушылар тәрбиелілігін және функционалдық сауаттылығын диагностикалау.Еліміздің білім беру ұйымдарында өскелең ұрпақтың сауаттылығын қалыптастырудағымектеп және отбасы өзара іс-әрекеттерінің тиімді де нәтижелі сан қырлы түрлері қолданылады. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектептің отбасымен өзара іс-әрекеттерінің түрлері: Ата-аналар жиналысы. Педагогикалық практикум. Отбасыларына бару. Психологиялық-педагогикалық кеңестер. «Сенім телефоны» қызметі. Психологиялық-педагогикалық консилиум. Баспасөз конференциясы. Дөңгелек үстел. Тәжірибе алмасу. Клубтың отырысы. Педагогикалық ринг. Ата-аналар лекторийлері. Ата-аналар хабаршысы. Ашық есік күні. Кіші педагогикалық кеңес. Ата-аналар комитеті. Мектеп кеңесі. Бірлескен мәдени-көпшілік шаралар. Ата-аналар конференциясы.Ата-аналар активі – бұл педагогтердің тірегі, өзара дұрыс іс-әрекетте олардың ойының жолбасшысы болады.

Жұмыстың топтық түрінен біз ең тиімдісі деп ата-аналар жиналысын атай аламыз. Әр ата-аналар жиналысы мұқият дайындалады, ол қызықты да, ата-аналардың белсенді қатысуы жағдайында өтуі үшін арнайы «сценарий» әзірленеді.

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектептің отбасымен өзара іс-әрекеттерінің жоғарыда аталған түрлері:

– педагогтерге, оқушылар мен ата-аналарға бірін бірі жақсы білуіне;

– отбасылардың бала тәрбиелеудегі мүмкіндіктерін анықтауға;

– педагогтық ұжым мен ата-аналардың өзара іс-әрекетінің міндеттерін анықтауға;

– ата-аналардың педагогикалық көзқарастарын түзуге;

– ата-аналардың педагогикалық оқытуын ұйымдастыруға;

– оқушылардың ата-аналарын оқыту-тәрбиелеу процесіне қатыстыруға;

– мектептегі өзін-өзі басқару органдарының жұмысына оқушылардың ата-аналарын қатыстыруға;

– оқушылардың сапалы білімін қамтамасыз етуде, балалардың саналы түрде кәсіп таңдауында кәсіби мүддемен даярлығын дамытуда, адамгершілік және мәдени мінез-құлқын, салауатты өмір салты қажеттілігін тәрбиелеуде, мектеп оқушыларын отбасылық өмірге дайындауда педагогтер мен ата- аналардың бірдей көзқарасын қалыптастыруда;

– оқушыларды тәрбиелеу процесінде, біртұтас педагогикалық көзқарас негізінде мектеп және отбасының өзара іс-әрекетін ұйымдастыруда педагогтер мен ата-аналардың шынайы ынтымақтастығын құруға көмектеседі.

Көптеген мектептерде тәрбиенің әлеуметтік институты ретінде отбасымен өзара әрекеттесудің формалары және әдістерінің жүйесі қалыптасқан. Тақырыптық ата-аналар жиналысы, ата-аналар комитетінің мәжілістері, ата-аналар университеттері, ата-аналармен мақсатты кездесулер, «Сенім телефоны» қызметінің жұмысы, ата-аналар үшін психологиялық-педагогикалық кеңестер олардың психологиялық-педагогикалық, функционалдық және құқықтық сауаттылығын арттырады.

Мектеп пен отбасының ынтымақтастығы жарасқан күнде ғана ертеңгі үлгілі отбасы, білікті азамат, салауатты ұрпақ, елін сүйген патриот, арлы бойжеткен, намысшыл бозбала тәрбиеленері хақ.

Қолданылған әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы / Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығы // ресми мәтін. – Астана, 2012. – 114 б.

  2. Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары: / Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №832 қаулысы // ресми мәтін. Астана: Әділет, 2012. – 14 б.

  3. Назарбаев, Н. Ә.: Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай жиырма қадам / Н.Ә. Назарбаев // Егемен Қазақстан. – 2012. – 10 шілде.

  4. Назарбаев, Н. Ә. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауы / Н.Ә. Назарбаев // Егемен Қазақстан. – 2012. – 28 қаңтар.

  5. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері. Әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше