Аңыз-әңгімелер
Алматы облысы Қапшағай қаласы
Заречный ауылы № 12 орта мектеп
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Молдабаева Элмира Жаненовна
Сабақтың тақырыбы: Аңыз-әңгімелер
Қысқа мерзімді жоспар
| Сабақтың тақырыбы: Аңыз-әңгімелер | Молдабаева Элмира Жаненовна | ||||||||||||
| Сыныбы: 6 | Қатысқандар: | Қатыспағандар: | |||||||||||
| Сабаққа негізделген оқу-мақсаттары | 1.Аңыз-әңгімелер туралы мәлімет беру сөйлеу тілін дамыту
2.Оқушылардың тіл байлығын арттырып, сөйлеу тілін дамыту 3.Аңыз-әңгімелер арқылы оқушылардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, ізденімпаздыққа баулу |
||||||||||||
| Барлық оқушылар : Аңыз-әңгімелер туралы біледі.Сұраққа жауап береді.
Көпшілігі: Әңгіме бойынша сұрақтар құрастырады. Жоспар құра алады Кейбір оқушылар: Аңыз-әңгімеге өзіндік талдау жасай алады.Аңыз-әңгімелерді түрлеріне қарай ажырата алады. |
|||||||||||||
| Сабақ типі | Аралас сабақ | ||||||||||||
| Сабақ нәтижесі | Оқушылардың барлығы орындай алады: оқулықта берілген тапсырмаларды орындай алады, сұрақтарға жауап бере алады
Оқушылардың көбісі орындай алады: өз бетінше және қосымша ресурстармен жұмыс жасай алады Оқушылардың кейбірі орындай алады:оқулықтан тыс материалдарды пайдалана алады |
||||||||||||
| Сілтеме | қазақ әдебиеті оқулығы 6-сынып | ||||||||||||
| Әдіс-тәсілдер | түсіндіру, сұрақ-жауап, бейнеролик, “Сыйлық сыйлау”, баяндау, | ||||||||||||
| Сабақ жоспары | |||||||||||||
| Жоспарланған уақыт | Сабақ барысы: 40мин | Ресурстар | |||||||||||
| Сабақ басы | I.Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлемдесу -Сабаққа дайындықтарын тексеру Психологиялық ахуал: “Сыйлық сыйлау” -Оқушылар шеңберде тұрып, кезекпен бір-біріне қандай сыйлық сыйлайтынын айтады. |
||||||||||||
| II.Үй тапсырмасын сұрау
Бірнеше оқушылар кезекпен ауызша үй тапсырмасын айтып өтеді |
|||||||||||||
| Сабақтың ортасы | III.Мақсат қою
“Алдар көсе мен ұры ” бейнеролигі көрсетіледі -Аңыз-әңгімелер туралы не білесіңдер? |
бейнеролик | |||||||||||
| Сөздікпен жұмыс
аңыз-әңгімелер-легенды кейіпкерлері-герои, персонажи ғажайып-чудо тапқыр-находчивый тапқырлық-находчивость сөзге шешен-красноречивый ру-род |
|||||||||||||
| IV.Жаңа білімді меңгерту
Аңыз-әңгімелер халық ауыз әдебиетінің бір саласы. Аңыз дегеніміз-тарихта болған әйгілі адамдар не елдің, рудың шыққан тегі туралы әңгіме.Немесе нақтылы бір жерде өткен оқиғалар жайлы тариха шындыққа негізделген, бірақ уақыт өте келе, көркем шығармаға айналып кеткен әңгіме. Аңыз-әңгімелердің түрлері: тариха аңыздар, топонимикалық аңыздар, батырлар туралы аңыздар, ғашықтар туралы аңыздар. Тарихи оқиғаларға , тарихта болған адаидардың іс-әрекетіне байланысты туған аңыздар тарихи аңыздар тарихи аңыздар деп аталады. Мұндай аңыздарға Қорқыт, Ахмет Йассауи, Әбу Насыр әл-Фараби, Шыңғыс хан, Асан қайғы, Жәнібек, Жиренше туралы аңыздар жатады. Сонымен қатар абылай, Қабанбай, Бөгенбай, Махамбет, Исатай және тағы да басқа қазақ батырларының ерлігіне байланысты туған аңыздар да тарихи аңыздарға жатады. Аңыз мазмұнындағы тарихи оқиға белгілі бір мекенмен, тау-таспен, өзен-көлмен байланыстырыла айтылса, мұндай аңыз-әңгімелер топонимикалық деп аталады. Себебі олар белгілі бір географиялық нүктенің неліктен солай аталатынын түсіндіреді. Топонимикалық аңыздарға Бурабай, Шайтанкөл, Марқакөл, Екібастұз және тағы басқы көптеген жер-су аттарымен байланысты аңыздар жатады. Ата-бабаларымыздың қаһармандығы туралы баяндалатын батырлар туралы аңыздар да ауыз әдебиетімізде айрықша орын алады. Бұлардың қатарынан массагеттер патшайымы Томирис (Тұмар), Отанын құтқару жолында өз өмірін құрбан еткен бақташы Шырақ жайындағы аңыз-әңгімелерді жатқызамыз. Қазақ аңыздарыныңүлкен бір тобын ғашықтардың махаббат хикаялары құрайды. Бұларға Зарина ханшайымның, Айша бибі арудың, Балқаш қыздың бастарынан өткен оқиғалары жатады. Қазақ ауыз әдебиетіндегі көптеген аңыз-әңгімелер ақылды, дана, әділ, шешен адамдар ретінде халықтың сүйікті кейіпкерлеріне айналға Жиренше шешен мен Қарашаш туралы. |
|||||||||||||
| 1-қадам “Білу” | V.Жаңа білімді меңгергенін тексеру
1.Аңыз дегеніміз не? 2.Аңыз-әнгімелердің қандай түрлері бар? 3.Тарихи аңыздарға қандай аңыздар жатады? 4.Тарихи аңыздар дегеніміз не? 5.Топонимикалық аңыздар дегеніміз не? 6.Топонимикалық аңыздарға қандай аңыздар жатады? 7.Батырлар туралы аңыздарда не туралы юаяндалады? 8.Ғашықтар туралы қандай аңыздарды атап бере алады? 9.Қазақ аңыздарының көбі кімнің есімдерімен байланысты? |
||||||||||||
| 2-қадам “Талдау” | VI.Бекіту
Аңыз-әңгімелер мен ертегілердің айырмашылығы мен ұқсастықтарын көрсетіңдер.
|
Оқулық,
дәптермен жұмыс |
|||||||||||
| Сабақ соңы | VII.Қорытынды
Артық болмас білгенің Алғаш рет тарихқа қатысты әңгімелерді, тарихи оқиғалар мен тарихи қайраткерлер туралы аңызды жеке дара бөліп алып, “тарихи аңыз” деп атаған Шоқан Уалиханов.Ғалым “XVIIIғасырдағы қазақ батырлары туралы тарихи аңыздар” деген мақаласында Абылай хан мен оның айналасындағы қазақ батырларының ерліктерін баяндайтын он төрт аңызға тоқталған. Олардың әрқайсысына анықтама беріп, өз пікірін білдірген. |
||||||||||||
| VIII.Үй тапсырмасы
Аңыз-әңгімелер |
|||||||||||||
