Өсімдіктер туралы не білеміз?
| САБАҚ: қазақ тілі | Мектеп: «Заречный ауылындағы № 12 орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығымен» МКМ | ||||||||||||
| Күні: 30.11.2017 | Мұғалімнің аты-жөні: Оспанғалиева Шырай Турсунғалиқызы | ||||||||||||
| Сынып: 5 сынып | Қатысқан оқушылар саны: 23 | Қатыспағандар:- | |||||||||||
| Бөлім атауы | Жануарлар әлемі мен өсімдіктер дүниесі | ||||||||||||
| Сабақтың тақырыбы | Өсімдіктер туралы не білеміз? | ||||||||||||
| Сабақтың түрі | Жаңа сабақ | ||||||||||||
| Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары | 5.ӘТН3.Омоним,антоним, синонимдерді көркемдік ерекшеліктеріне сай қолдану. | ||||||||||||
| Сабақтың мақсаттары | Барлық оқушылар:1) мәтін мазмұнын түсінеді; 2) мәтіннен омоним,антоним, синоним сөздерді табады;
Көптеген оқушылар:1) омоним,антоним, синоним сөздердің мағынасын түсіндіреді; Кейбір оқушылар:1)омоним,антоним, синоним сөздерді көркемдік ерекшеліктеріне сай орынды қолданады. |
||||||||||||
| Бағалау критеийлері | Тыңдалым, айтылым мақсаты бойынша:
Қарапайым, анықтауыштық сұрақтар құрастырады. Әдеби тілдік норма бойынша: Сөздердің синонимдерін табады, омонимдерді түсіндіреді. |
||||||||||||
| Тілдік міндеттер | Тақырыпқа байланысты тірек сөздер:ботаника,бақ, қорық, түр, зерек т.б.
Диалог және жазылым үшін қажетті сөз тіркестер: менің ойымша…, мен бұл пікірмен келісемін / келіспеймін |
||||||||||||
| Осыған дейін меңгерілген білім | Жануарлардың өмір сүру ортасы | ||||||||||||
| Пәнаралық байланыс | жаратылыстану | ||||||||||||
| АКТ-мен байланыс | интерактивтік тақта | ||||||||||||
| Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент) | туған жерге сүйіспеншілік, қоршаған ортаны қорғау, өмір бойы білім алу | ||||||||||||
| Жоспар | |||||||||||||
| Жоспарланатын уақыт | Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер | Дереккөздер | |||||||||||
| Сабақтың басы
6 минут (3 минут) (3 – минут) |
Психологиялық ахуал:
Сәлемдесу, сабаққа дайындық(Сыныбымызда өсімдіктер аттас есімдер бар ма?) Топқа бөлу: Гүлдер арқылы 4 топқа бөлу Қызығушылықты ояту Бейнематериал тамашалау. (Жәндікпен қоректенетін өсімдіктер) Сұхбат: – Өсімдіктердің қандай ерекшеліктерін білесіңдер? (Мысалы: Жаркент қаласындағы киелі «Керім» ағаш, жуандығы, 7 адамның құшағы жетпейді) Тақырыпты ашу: Сонымен балалар, бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыздар? Сабақтың тақырыбымен, мақсаттары мен бағалау критетийлерімен танысу. |
https://www.youtube.com/watch?v=J6jh2jsxIGU&t=30s | |||||||||||
| Сабақтың ортасы
29минут (10 минут) (5 минут) (3 минут) (5 – минут) (2 – минут) (4 – минут) |
Мағынаны тану
(ТЖ) Оқылым алдындағы тапсырма. Дискриптор
Топтардың бірін – бірі бағалауы: «Гүлдер арқылы бағалау» Оқылым тапсырмасы. Алтай ботаника бағы 1935 жылы Шығыс Қазақстан облысы Лениногор қаласында құрылған. Ауданы 176 гектар, теңіз дең гейінен 760–860 метр биіктікте тау етегінде орналасқан. Оның 50 га-дан астам жері табиғи қорық ретінде сақталған. Алтай ботаника бағының негізгі жұмыстары: Алтайдағы өсімдіктер дүниесін қорғау; пайдалы өсімдіктер түрлерін өсіріп, халық шаруашылығына пайдалану; басқа жерлерден әкеліп отырғызылған өсімдіктерді жерсіндіру; өлкедегі өндіріс орталықтарын көгалдандыру. Ондағы өсімдіктердің 4000-ға жуық түрінің 2000-ы жергілікті флораға жатады. Соның ішін де ағаш және бұталардың 570-тен астам түрі, қылқан жапырақтылардың 47, раушангүлділердің 90, зеректің 17, ал жеміс-жидек өсімдіктерінің 10-ға жуық, гүлді және дәрі-дәрмек өсімдіктерінің 1000-нан астам түрлері өседі. Алтай ботаника бағы өндірістік орталықтарды көгалдандыру үшін ағаш-бұталардың 100-ден артық түрін, жеміс-жидек өсімдіктерінің ондаған сорттарын, малға жемшөптік өсімдіктің 25 түрін, бал-шырынды өсімдіктің 34 түрін халық шаруашылығына пайдалануға енгізді. Сондай-ақ, Алтай ботаника бағы табиғатты қорғау бағытында Шығыс Қазақстанда сирек кездесетін өсімдік түрлерін зерттеу жұмысын жүргізеді. Қазақстанның «Қызыл кітабын» құрастыруда да үлкен үлес қосып келеді. («Қазақстан ғылымы» кітабынан) 1 – тапсырма (ТЖ) Мәтін бойынша сұрақтар кұрастыру арқылы мәтіннің мазмұнын ашады.
3. Қорықтың ауданы қанша гектар? 4. «Қызыл кітапқа» қандай өсімдіктер енеді? Дескриптор
Оқушылар сұрақтарды қаншалықты дұрыс құрастырғандарын топта бағалайды. «Бағдаршам » арқылы бағалау (ӨЖ) 2-тапсырма. Оқулықпен жұмыс Мәтіннен омоним,антоним, синоним сөздерді тауып жаз. Жетістік критерийі
Бағалау: «Смайлик » арқылы бағалау Сергіту сәті: «Әр елдің амандасу» дәстүрі бойынша (ТЖ) 3- тапсырма: Мәтіндегі сөздермен жұмыс. Мәтіннен іріктеп алған омоним,синоним сөздердің мағынасын түсіндіріп кестені толтырыңыздар
Бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» топтар бірін – бірі бағалау |
Шырша, үй гүлі, адыраспан,арша
Оқулықпен жұмыс 63 – 64 бет 64 – бет А4 қағаз |
|||||||||||
| Сабақтың соңы
5 минут |
«Түсінік ағашы» арқылы рефлекция жасау
Критерийі Менде бәрі сәтті шықты … Мен үйрендім … Сабақта мен орындай алдым … Бәрінен маған ұнағаны … Бәрінен маған қиын болғаны … |
Стикер, «Үміт» ағашы | |||||||||||
| Қосымша ақпарат | |||||||||||||
| Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? | Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? | Пәнаралық байланыс
Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс |
|||||||||||
| Жеке,деңгейлік тапсырмалар | Жұптық бағалау | Пәнаралық байланыс: ботаника, елтану
Қауіпсіздік ережелері: гербарийлер таратқанда, оқушылардың өсімдіктердің дәмін тату, иіскеуге болмайтынын ескерту АКТ-мен байланыс: интерактивтік тақта |
|||||||||||
| Ойлану
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. | ||||||||||||
| Жалпы баға
Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: |
|||||||||||||
