100-ге деиін санау
| Мектеп : Қапшағай қаласы Заречный ауылы №12 орта мектеп | ||||||
| Күні: | Мұғалімнің аты-жөні: Даутова Рыскул Сапархуловна
Бастауыш сынып |
|||||
| Сынып: 2 | Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
| Сабақтың тақырыбы | 100-ге деиін санау | |||||
| Оқу мақсаты | Көп таңбалы сандардың құрылымы және жаңа санау бірлігі – 100 туралы түсініктерін қалыптастыру; көп таңбалы сандарды оқи алуға үйрету | |||||
| Сабақтың мақсаттары | 2.1.1.1 100 шегінде сандардың түзілуін түсіну; 100 шегінде тура және кері тәртіптерде санау; санның натурал сандар қатарындағы орнын анықтау | |||||
| Бағалау критерийлері | 100 көлеміндегі сандарды тура және кері санайды, натурал сандар қатарындағы орнын анықтайды. | |||||
| Тілдік мақсат | Оқушылар заңдылықтарды айтып, диалог құрайды: бірінші жолда тек бір таңбалы сандар, екінші жолда екі таңбалы сандар, үшінші жолда үш таңбалы, ал ең соңғы жолда дөңгелек сандар орналасқан.
Сөздер және сөз тіркесі: көптаңбалы сан, үш таңбалы сан, кластар, разряд, разряд құрамы. |
|||||
| Құндылықтарды дарыту | Жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік, жанашырлық, қамқорлық жасай білу құндылықтарды тәрбиелеу. | |||||
| Пәнаралық байланыс | Сергіту сәтін өткізіп, үш таңбалы санды естуі бойынша тани білуге жаттықтыру барысында дене шынықтыру пәнімен байланыс жүзеге асады. | |||||
| Алдыңғы білімдер | Түзу және кері ретпен бірліктермен, ондықтармен, екіліктермен санайды; біртаңбалы, екітаңбалы сандарды қосу мен алуды орындай біледіу. | |||||
| Сабақ барысы | ||||||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
| Сабақтың басы | (Ұ) Сабаққа дейін әр оқушының партасының үстінеқұттықтау ашықхаттарын таратып қою. Ашық хаттың мәтіні:
Қымбатты жас дос! Сені жаңа оқу жылының басталуымен құттықтаймыз. 2 сыныптың математикасы өтеқызықты болады! Ал, енді бастайық!Сенің достарың: Өшіргіш, Сызғыш және Циркуль. Оқушылармен ашықхаттың мәтінін талдау.Олардан 2-сыныптың математика сабақтарында немен айналысатындары туралы не ойлайтынын сұрау. Талқылау кезіндегі оқушылардың барлық ұсыныстарын ватман қағазына жазып отыру. Оқушылармен сабақ мақсатын қою. Оларға құттықтау хатындағы өздерінің сандарын берілген кестеге орналастыруын сұрау. Тапсырманы орындау кезінде кестедегі сандардың орналасу заңдылығы туралы талдау жасау. Оларға сұрақтарды қою: • Кестеде қандай сандар бар? • Кестедегі ең кіші сан қайсы? • Кестедегі баған бойынша ең кіші санның астында қандай сандар орналасқан? • Кестедегі ең үлкен сан қайсы? • Кестедегі баған бойынша ең үлкен санның үстінде қандай сандар орналасқан? • Бұл кестеде қандай сандар көп? • Кестедегі ол сандар басқа сандардан несімен ерекшеленеді? • Бұл сандар қалай аталады? Жазуында үш цифр (үш таңба) қолданылатын сандарды үш таңбалы сандар деп атайтынын айту. Оқушыларға кестедегі бос торкөздерге түсіп қалған үш таңбалы сандарды толтыруды ұсыну. Ойна да, ойла» |
Ресурстар:
• 100-ден 1000-ға дейінгі сандар кестесі; • бір, екі, үш таңбалы сандары бар кеспеқағаздар салынған құттықтау хаттары; • ламинатталған парақтар, ватман қағазы, маркерлер. |
||||
| Сабақтың ортасы | (Ұ) Сыныппен жалпылай әңгіме өткізу. Оқушыларға иллюстрацияға қарауды ұсыну. Оларға сұрақтар қою:
• Суретте не бейнеленген? • Сендер суреттен қандай сандарды көріп тұрсыңдар? • Спортшылардың жейделеріне екі таңбалы сандар не үшін жазылады? • Жанкүйерлер отыратын орындарға неше таңбалы санда жазлған? • Сендер күнделікті өмірде үш таңбалы сандарды тағы қайда кездестірдіңдер? Оқушылардың жауаптарын тыңдап, үш таңбалы санның қолданылуы туралы білімдерін жинақтап қорыту. Сергіту сәтін өткізіп, үш таңбалы санды естуі бойынша тани білуге жаттықтыру. Бұйрықтар сандар түрінде болады. Егер жаттықтырушы екі таңбалы сандарды айтса, спортшылар бір орнында жүгіреді. Егер жаттықтырушы үш таңбалы сандарды айтса, онда спортшылар қарғуы тиіс. Разряд кестесін қолдана отырып 206, 135, 400 сандардың разрядтарын қарастыру (қосымшадағы кесте бойынша). (Ж) Жұптық жұмыс ұйымдастыру. Оқушыларға сандық қатардағы түсіп қалған сандарды анықтауға мүмкіндік беру. Егер олар қиналса, 100-ден 1000-ға дейінгі сан кестесін қолдануды ұсыну. 1000-ға дейінгі сандарды жақсы санайтын оқушылар бірден ламинатталған қағаздарға түсіп қалған сандарды жаза алады. (Ұ; Қ) Сан қатарын жалғастыр (2-слайд) «Шығарып көр» тапсырмасын ұсыну. Оқушыларға сан аралығындағы үш таңбалы сандардың санын анықтауды ұсыну. Санауға қиналған оқушыларға сандық сәулені қолдануды ұсыну. Тапсырманы орындап болған соң, өзара тексеру өткізу. 1000-мыңдық 100-жүздік 10-ондық 1-бірлік Жүз сан былай жазылады: 1000. Оқулықпен жұмыс: № Мына сандардың әрқайсысында неше жүздік бар. |
. | ||||
| Сабақтың соңы | Адасқан жақшалар» 17 – 11 – 5 = 11 75 + 4 – 30 = 49 80 – 13 – 5 = 72 96 – 40 – 6 = 50 19 – 9 + 2 = 12 75 – 16 + 4 = 55 Есептерді шығар. Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін анықтау үшін оларға сұрақтарды қою: • Қандай сандарды екі таңбалы сандар деп атайды? • Ең кіші екі таңбалы санды ата. • Ең үлкен екі таңбалы санды ата. • • Нөлмен аяқталатын үш таңбалы сандарды ата. • Сен күнделікті өмірде үш таңбалы сандарды қайда кездестіресің? |
|||||
| Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | ||||
| Қиналатын оқушылардың қасына барып, жетекші сұрақтар қою немесе бағыт беру арқылы көмек көрсету. Санауға қиналған оқушыларға сандық сәулені қолдануды ұсыну. | Мадақтау айту, комментарий беру арқылы бағалау. Жауаптары мен жасаған жұмыстарын бақылау арқылы бағалау. | Белсенді тақтаны
сабақта7 минут қолдану. |
||||
