“ОҚУШЫЛАРҒА САПАЛЫ БІЛІМ БЕРУДЕГІ ТОПТЫҚ, ЖҰПТЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ”

Алматы облысы, Қапшағай қаласы «№12 орта мектеп мектепке
дейінгі шағын орталығымен» МКМ
орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Кударова Жулдызай Абдрахмановна
.

Елбасымыз Н.Ә Назарбаевтың халыққа жолдауында айқанындай «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанда 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін-білім. Қазіргі заманда жастарға ақпаратты техникамен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет »деп атап көрсеткеніндей, инновациялық әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану жаңаша білім берудің бір шарты.
Қазіргі таңда сапалы білім беру мәселесі қоғамды толғандырып отыр. Өйткені қарыштап дамып келе жатқан технологиялық прогресс кезеңінде өскелең ұрпақтың білім деңгейі замануи талапқа сай болуы қажет.
Сол себепті ұстаздар әр сабағын сапалы түрде ұйымдастырып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуі шарт. Мектепте алған білімін өмірде қолдана алатындай етіп сабақты құру мұғалімдерден көп шығармашылық ізденісті талап етеді. Ол үшін ең алдымен, әр ұстаз үнемі өз білімін жетілдіру және өз шәкірттерін тұлға ретінде тану керек.Ұлы Абайдың «Адамның қасиеті үш-ақ нәрсе: нұрлы ақыл, ыстық қайрат, жылы жүрек» демекші, шәкірттің алдына бару үшін жеткілікті білімің болу керек, сол тәжірибеңді ұғындыру үшін тиімді тәсілдерді қолдана білу және ұстаз мамандығын таңдаған соң, этикалық әрі моральдік құндылықтарды ұстану қажет. Мұғалімнің бұл үш көмекшілері сапалы әрі табысты оқытуына жол ашады.
Әлемдік деңгейдегі білім берудің қазіргі парадигмасы оқытудың нәтижеге бағдарлануы, оқушының жеке тұлғасына бағытталуы, ал оқыту әдістерін тұлғааралық қарым-қатынастарға бейімдеу болып отыр. Демек, оқушы білімді дайын күйінде мұғалім түсіндірмесінен алмай, өзінің өмірлік тәжірибесіне сүйену арқылы танымдық “жаңалық” ашуы, шығармашылық тапсырмаларды орындау негізінде әр түрлі өнімдер жасауы тиіс. Нәтижесінде оқушының дүниетанымы кеңейіп, өзіндік пікірі мен көзқарасы қалыптасуы керек.
Оқытудың маңызды факторы оқушының тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Біз сабақ беріп жүрген сыныптарда топтық және жұптық жұмыс түрлерін көп пайдаланамыз. Мұндай тәсіл оқу үдерісіне оқушының өзінің де қатысуын талап етеді. Осылайша оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды.
Оқушылар жұпта немесе топтарда жұмыс істегенде, олар «мұғалім-оқушы» сұхбаты түріндегі өзара іс — қимылға қарағанда, мейлінше «симметриялы» болып табылатын өзара іс-қимылға «оқушы — оқушы» қатынасына түсе отырып, негізделген дәлелдерді әзірлеуде және қадағаланатын оқиғаларды сипаттауда түрлі мүмкіндіктерге ие болады.
Оқушыларды топтарға бөлуде түрлі әдістерді қолдануға болады: суреттер, сандар, түстер арқылы, бойларымен тұрғызып, туған күндері бойынша, есімдерінің әріптері арқылы, мозайка т.б. тәсілдер қолданамын.
Топтық, жұптық жұмыста оқушыларға берілетін тапсырма бір сарынды емес, әр түрлі сипатта болуы керек. Топтық және жұптық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, анағұрлым күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді.
Әр сабақтағы дұрыс ұйымдастырылған топтық және жұптық жұмыста оқушылар:
• Өздігінен тапсырманы орындайды, топ мүшелерімен немесе жұбымен өз пікірін бөліседі, алмасады;
• Жоспарланған тапсырмалар туралы айта алады;
• Өз мүмкіндігін біледі;
• Өзінің оқуы үшін үлкен жауапкершілік алуға қабілетті болады;
• Назарын бақылай алады және алаңдамайды;
• Өз тәртібі мен өзгенің тәртібі туралы және оның салдары туралы айта алады;
• Нені қалай жасағаны туралы немесе нені үйренгені туралы айта алады;
• Өз сезімі мен өзгелердің сезімі туралы біледі, көмектеседі және тыныштандырады;
• Жаңа тапсырманы сеніммен қолға алады;
• Өзін оқушы ретінде жағымды жағынан көргісі келеді;
Топтық және жұптық жұмыстың нәтижелері:
1.Топтық, жұптық жұмысты пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі.2.Оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады.3.Олардың әрқайсысының деңгейін анықтай аласың.4.Оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік аласың.5.Оқушыларды ізденіске баулып, жұппен, топпен жұмыс істеуге үйретеді.6.Оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады.7.Жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауда, өзіне деген сенімін қалыптастырады.
Сабақтарға қатысқан мұғалімдер топтық, жұптық жұмыс оқушының ұжымда бірлесіп жұмыс жасауына мүмкіндік беретіні, соның негізінде көшбасшылық қасиеті дамитыны, оқушының өзіне сенімді болуына, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артатындығын, танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың (сабақтардың) қызықты өтетіндігін баяндайды.Мектеп өмірінде оқушылардың өздігімен білім алу үдерісіне дейінгі және кейінгі кезеңін (аралығын) салыстырғанда, оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығын, рухани-адамгершілік жақсы қасиеттердің қалыптасқандығын, мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады. Бүгінгі қоғамға, білім беру саласына керегі де осылар. Оқытудың осындай жаңа педагогикалық әдіс-тәсілдерді сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, бәсекеге қабілетті ұрпақ қажет деген талапқа сай топтық, жұптық жұмыс өзінің тиімділігін тәжірибеде дәлелдеу үстінде. Мәселен, орыс тілі сабағында «Приставка» тақырыбы бойынша жүргізілген топтық жұмыс сәтті өткізіледі.Тема «Приставка».
Игра «Поляна цветов».Задание: при помощи приставки образуйте новые слова по готовому алгоритму.Алгоритм:1. Прочитай слово в середине цветка.2. Возьми один лепесток.3. Образуй новое слово с помощью приставки.4. Запиши на листок свое слово (приставку пиши слитно с корнем).5. Обсудите в группе, какое слово нельзя образовать.

Тема «Однокоренные слова».Задание: каждой группе даны слова,нужно за 3 минуты выполнить задание по данному алгоритму.1я группа: вода, водичка, водитель,водный, подводный.2я группа: липа, липовый, липка, липонька, липучий.3я группа: сосна, сосняк, сосенка,сосунок.4я группа: осина, подосиновик, посинеть, осинка.5я группа: белка, белый, белизна,белила.Алгоритм: 1. Прочитай все слова.2. Выдели корень.3. Подумай, все ли слова являются од нокоренными.4. Подбери однокоренные слова.
Қорыта айтқанда, жаңартылған бағдарламаның іске асыру негізінде топтық және жұптық жұмыстарды сабақ барысында интербелсенді әдіс-тәсілдер арқылы қолдану тиімді екенің практика барысында дәлелденді.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше