Қазақтың болған танымал ұлы ол-Шоқан!
Есімі ел ішіне таныс болған,
Атақты, саяхатшы,ақын Шоқан.
Жастайынан еңбексүйгіш болып өскен,
Елім үшін маңдайдың терін төккен.
Ақын аға-өзіміздің қанымыз,
Біздер оны әр қырынан танимыз.
Ел өмірін зерттеп жүрген Шоқанға,
Қалайда болса,ашиды біздің жанымыз.
Шоқан аға-талантты өмір иесі,
Іздегені өмірде- білім белесі.
Үйретері басқа да, жат адамға,
«Білім алу,іздену» берер кеңесі.
Халқым менің ұмытпайық ешқашан,
Қазақтың болған танымал ұлы ол-Шоқан!
CҚО, Петропавл қаласы, «Қожаберген жырау атындағы
№ 6 орта мектеп» КММ
9-сынып оқушысы Токушева Мадина
Жетекшісі: Күзембаева Галия Амангельдиновна
