Тәуелсіздікке – 26 жыл
БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ
САРТАЕВА ИНДИРА
«№ 152 мектеп- гимназия»КММ
Тақырыбы: Тәуелсіздікке – 26 жыл
Мақсаты:
Оқушыларды еліміздің тәуелсіздік алғалы 26 жыл ішінде жеткен үлкен табыстарымен таныстыру,өнерлерін ортаға салу.
Отанын, жерін, тілін сүюге, болашақта Қазақстанды өркендетуге өз үлестерін қосатындығын түсіндіру.
Тіл байлығы мол, сауатты да шығармашыл жас жеткіншекті тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Еліміздің рәміздері, Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың фото суреті, қанатты сөздер, слайд, интерактивті тақта
Түрі:
Сабақта қолданатын әдіс – тәсіл: Әңгімелеу, сұрақ – жауап.
Барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі:
Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы:«Тәуелсіздікке 26 жыл».
2.Кіріспе:
- Оқушылар, тәуелсіздік деген не екенін кім айтады? /жауап/
-
Біз тәуелсіздігімізді қай жылы алдық? ( жауап/
-
Сендердің осы тәуелсіз елге қосып жатқан үлестерің қандай? (Оқушы өз ойын айтады).
ІІІ. Негізгі бөлім:
- Біз тәуелсіз мемлекет болғандықтан біздің өзіміздің рәміздеріміз бар. Олар: Әнұран, ту және елтаңба.
Тәуелсіз елдің шуағы-
Әруақтардың шырағы.
Мәңгі өшпей жалындап,
Шапағын төгіп тұрады.
Әнұраным – біздің Отанымыздың салтанатты үні. Өр үні. Оның қалықтай көтерілген әуенінде туған жердің рухы мен сазы шымырлай шалқиды. Балалар барлығымыз орнымыздан тұрып, Қазақстан мемлекетінің әнұранын орындайық.
Әнін жазғандар: Шәмші Қалдаяқов ал, сөзін жазған Н.А.Назарбаев
- Енді оқушылар біздің ту жайлы кім айтып береді? (Оқушының өз ойы айтылады)
Ту – көгілдір түсті. Мемлекетіміздің ресми ерекшелік белгісі, еліміздің егемендігінің нышаны. ҚР – ның мемлекеттік туы 1996 жылы 24 қаңтардағы ҚР – ның Президентінің Конституциялық Заң күші бар ҚР-ның Мемлекеттік нышандары туралы Жарлығымен белгіленген. Ол бірлік пен ашық аспанды, тыныштықты көрсетеді, ортасында сәулесін шашқан күн тыныштық пен байлықтың белгісі.Тудың авторы: Шәкен Ниязбеков.
Жарасқан байрақтың мәні бар:
Көк аспан, күн, қыран – сәні бар.
Көк байрақ – ашық көк кеңіс,
Алтын күн – белгісі жемістің.
Көк байрақ туымыз халқымыздың қасиетті киелі белгісі.Туымыздың көк теңбілі – аспан көк болуы шексіз кеңдікті көрсетеді. Ту ортасындағы алтын күн –халқымыздың азаттық күні. Алтын күнді қанатымен жебеп, өрге ұшып бара жатқан ақиық қыран құс ерлік белгісі.
- Ал, енді елтаңба жайлы не біледі екенсіндер? (Оқушылардың өз ойлары айтылады)
Елтаңба – деген термин немістің “Erbe”-мұра деген сөзінен шыққан. Дәл осы ұғымымызды өз тіліміздегі таңба сөзі анық жеткізеді, яғни мұралық ерекшелік белгі. Көгілдір түсті бояудың үстінде салынған шаңырақ бейнесімен тұрады. Одан күн сәулесі тәріздес уықтар тарайды. Осы шаңырақ пен уық біздің Отанымыздың көптеген ұлттарға деген бірлігін көрсетеді. Қанатты тұлпар көшпенділердің бүкіл өмірі атпен байланысты екендігін білдіреді. Елтаңбанын авторы: Жаңдарбек Мәлібеков, Шота – Аман Уалиханов. Елтаңбанын суреті1992 жылы 4 маусымда белгіленді.
Алтын қанат көмкерген,
Шаңырақ бар, уық бар –
Әсем бейне сен көрген,
Жай бейне емес ұғып ал.
- Міне біз елтаңба, ту және әнұран жайлы білеміз. Әр адамның өзінің бір бақыты бар. Ол қандай бақыт. Бақыт сөзінің моделіне назар аударайық балалар.
«Ең бірінші бақытым – халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ал екінші бақытым – тілім менің,
Тас жүректі тілімнен тілім дедім.
Бақытым бар үшінші – Отан деген,
Кім мықты? – десе біреу, – Отан дер ем,» -деп
Мұқағали Мақатаев өзінің үш бақыты жайлы айтқан, ал сендердің оқушылар бақыттарын не соның моделін көрелік.
Сендердің білімдерінді тексеру үшін бірнеше сұрақтар қойылмақ:
- Қазақстан ең бірінші астанасы қай қала?
Конституция күні нешесі?
Тудың авторы кім?
Елтаңбаның ше?
Біздің әнұранның сөзін жазған кімдер?
Отан туралы жер туралы қандай мақалдар білесіндер? (Бірнеше мақалдар айтылады.
Отан, туған жер туралы оқушылар өз жаттаған өлеңдерін оқиды.
1- Оқушы:Сен де арманда едің –ау, мен де арманда,
Сол арманға қол жетті,арман бар ма?
Өзімізді өзіміз таба алмастан,
Адасқанбыз , сан тарап ормандарда./
Аспан түстес туымыз желбіреді,
Шықты және теңгеміз -ел біледі.
Әнұран да,Елтаңба –өзімдікі,
Қара аспанды қай саяқ төндіеді?/
«Қазақ биі»
2-Оқушы:Тәуелсіздік болмаса ұғар ма едің ?
Тоқтар менен Талғаттар шығар ма еді?
Абай әнін ғарыштан қазақ айтып,
Әлем шырқап, қосылып тұрар ма еді?/
3- Оқушы:Енді кімнің қаламыз жүлдесінен,
Тандырмады таңданып кімді есінен.
Кең маңдайы жарқырап Назарбаев,
Сөйлеген жер жүзінің- мінбесінен./
Би «Балапан» /
4- Оқушы:Қан төгізсіз дербестік алған едік,
Тәуелсіздік жемісін сау көрелік.
Ауыр боп тұр,мұнан да қиын болған,
Қынжылмайық,халайық,тәубе дейік!!! /
«Менің республикам»
5- Оқушы:Мен оның тауын сүйем, күнін сүйем,
Ағынды өзен ,асқар тау, гүлін сүйем.
Мен оның қасиетті тілін сүйем,
Мен оның құдыретті үнін сүйем./
Ән «Бала тілегі» 3 «ә» сыныбы /
6- Оқушы:Тауды көрсең күн көзімен таласқан,
Аспан көрсең Ай мен Күнге жол ашқан.
Менің байтақ Республикам таулары,
Менің көгім мөлдіреген көк аспан./
7- Оқушы:Республикам арай тұнған күншуақ,
Кең төсінде ырыс, бақыт, ынтымақ.
Келелі іске,кең өріске ұмтылып,
Жаңаруға таба білдің тың қуат./
Би. «Қазақ биі» 3 «б»
8- Оқушы:Республикам мейірімді мәрт ана,
Тосқауылды бұзып өттің қаншама.
Қазыналы ұлан байтақ өлкеге,
Бүкіл ғалам көз тігеді тамсана. /
9-оқушы:Топырағыңмен тамырласып кіндігім,
Қуаныштан жүрек толқып тұр бүгін.
Нығайтамыз елдігімнің тұғырын,
Берік ұстап Тәуелсіздік тізгінін./
Би. «Шарара»
10- Оқушы:Шежіресін шертсе күй ңып көне жер,
Ертеңіне, өркеніне сене бер.
Дүниені дүбірімен таңдантқан,
Міне, осындай Қазақстан деген ел./ /
11- Оқушы:Әлемге атың жайылсын жарқын,
Жасай бер жаса, Қазақстан!
Баянды болсын бақытың, халқың.
Жасай бер, жаса, Қазақстан!/
Ән. «Ертегілер әлемі»
Оқушылар:
Қазақстан қаиетті ұғым бұл,
Ей, келешек,жан тәніңмен ұғын біл.
Он бір әріп не маығна береді,
Ал, толғайық, жеткенінше қызыл тіл.
Т- білдіреді теңдікті.
Ә- әдептілік, әлдікті.
У- уайымсыз уақытты.
Е- егемендік,елдікті.
Л- дейді лағып лепірме.
С- сенімділік секілді ең.
І- ілтіипат пен ізет қой.
З- зиялылық тілек қой.
Д- шақырады достыққа.
І- шақырады ізетке.
К- дейді күн боп көктегі
Көз алартпа,көршілерге қол сұқпа.
Сүгірдің биі.
Қорытынды: – Баршамыздың бейбіт өмірде, еркіндікті аңсаған ақ ниет, ақ тілеумен өзіміз тіккен ортақ шаңырағымыздың тәуелсіздігі жасасын!
Қош сау болыңыздар!
