«Өмірдің мәні – өткеннен үлгі алу »
БАСТАУЫШ СЫНЫП МҰҒАЛІМІ
МАХАНОВА ЖАНАР
«№ 152 мектеп – гимназия»КММ
Тәрбие сағаты
Тақырыбы: «Өмірдің мәні – өткеннен үлгі алу »
1- Жүргізуші: – Ертеңгі ел болашағы – бүгінгі мектеп оқушылары болғандықтан, мектептердің бүгінгі даму бағыттары бүкіл қоғамның,мемлекеттің назарында болып отыр.
2 – жүргізуші: -Әрине, «Елді түзетуді – бала оқыту ісін түзетуден бастау керек»- деген Ахмет атамыз .
1- Жүргізуші : – «Өткенге қарап басымызды исек,ертеңге қарап білек сыбанамыз».
2- Жүргізуш :-Өйткені,бүгінгі бала- ертеңгі азамат. Азамат- қария, қария- ертеңгі елес.Ал, өмірдің өзі- бір мектеп.
1- Жүргізуші:-Олай болса,Өмірдің мәні не?-екендігін қоңырауымызға қонақ бола келген қариядан сұрайықшы?
2- Жүргізуші :-Иә, «Қартты сыйлаған қыдырға жолығады».
«Жасы үлкенді қадірлесе құт болады» .-дейді халқымыз.Атаның жауабын тыңдайық.
Ата:- Аманбысыңдар,балалар.Құрметті қонақтар, ұстаздар!/Балам,сұрағыңа жауап берейін./
Өмірдің мәні- өткеннен үлгі,ұлағат алу. «Адам ұрпағымен мың жасайды» , ал «Артында қалар ізі- өнегелі ұрпағы»-дейді халқым.
Сендердің мектептерің- ұлағат пен үлгінің ордасы.
Олай дейтінім,Жақсылыққа бастайтын жарық жұлдыз- оқу.
«Әр бала – бір жұлдыз», оның жарқырауына жәрдем берген,қарасаң көңілің өскен қаладағы бұл мектепті жұрт көп мақтайды.
Өз басым,осы мектептің сондай өнегелі ұрпақ тәрбиелеп отырған, жүрегі жұмсақ,пейілі кең, биік асуларды бағындырған,айналасына шуақ шашып,пайымды ой айтар басшысына ризамын.
Салтанатты жиындардың да өте тамаша өтетінін естимін,бүгін мен де немеремді осы мектепке әкеліп,қонақ бола келдім.
1- Жүргізуші:- Рахмет, ата.Сіздің ойыңыздан шығатын үйренуден жалықпаған шәкірт, үйретуден аянбаған ұстаздар,білікті басшысы бар біздің мектебіміз сіздің сеніміңізді ақтайды-деп ойлаймын.
