«Химиялық элементтердің периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттамасы»

Пән мұғалімі: Ашимова Мөлдір Жарқынбекқызы

Сабақ түрі: Дағды мен білікті машықтандыру сабағы

Тақырыбы «Химиялық элементтердің периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттамасы»

Мақсаты: Білімділік: Химиялық элементтердің периодтық жүйедегі орнымен танысады, периодтық кестенің заңдылықтарына сипаттама бере алады. Дамытушылық: Оқушылардың өз бетінше тапсырмаларды орындауын, өмірмен байланыстыра отырып, сыни тұрғыдан ойлауға дағдыландыру, ой – өрістерін дамыту Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, химиялық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушыларды ұқыптылыққа, тазалыққа баулу.

Күтілетін нәтиже Бағалау критерийлері: -Барлығы: Химиялық элементтердің периодтық жүйедегі орнын біледі, молекулалық массаларын таба алады. -Көбісі: Химиялық элементтердің атомдық, молекулалық массаларын таба алады, протон, нейтрон және электрон сандарын таба біледі. -Кейбірі: Химиялық элементтер жайлы толық мағлұмат біледі, реакция теңдеулерін жазып, теңестіре алады. Сандық есептер шығарып, мұғалімге ассисенттік көмек көрсете алады.

Қолданылатын әдістер: Сұрақ – жауап, топтық жұмыс, «Мина алаңы» әдісі, «Джигсо» әдісі, «Куммулятивтік диалог» әдісі

Қолданылатын ресустар: Д.И.Менделеев кестесі, кеспе қағаздары, тақта, плакаттар, маркерлер, стикерлер, АКТ, ноутбук.

Сабақ кезеңдері Тапсырма Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс – әрекеті

Білу

2 мин

10 мин 1.Ұйымдастыру кезеңі 2. Үй тапсырмасын сұрау Периодтық жүйге байланысты 4 топқа бөледі «Мина алаңы» әдісін қолданады. І топ «Периодтар» тобы ІІ топ «Қатарлар» тобы ІІІ топ «Топтар» тобы ІV топ «Топшалар» тобы Миналар жатқан алаңқайға жиналады. Қарсы бетке өте сақтықпен, миналарды баспай жүріп өтулері тиіс. Егер де басып кетсе, мина жарылып, ішінен химияның ғажайып сұрақтары шығады.

Түсіну 5 мин «Химиялық элементтердің периодтық жүйедегі орны бойынша сипаттамасы» Оқушыларға ой қозғау мақсатында, жаңа сабақтың тақырыбын анықтау мақсатында бірнеше сұрақтар қояды. Видеоролик көрсетеді. Оқушылар сыни тұрғыдан ойлай отырып, сұрақтарға жауап бере отырып тақырыпты анықтайды. Топқа бөлінеді. Өз қызметтерін бөлісіп алады.

Қолдану

10 мин «Джигсо» әдісі Тапсырмаларды бөліп береді. Оқушыларға бағыт – бағдар бере отырып, сырттай бақылайды. Уақытты қадағалайды. Флипчарттарын сағат тілімен ауыстырып отыруларын талап етеді Тапсырманы оқып дайындалуға кіріседі. Ойларын жинақтап, флипчартқа түсіреді. Барлық оқушы белсенді атсалысады.

Талдау

8 мин Топтық жұмыс Оқушылардың өз ойларын, түсінгендерін айтуға мүмкіндік береді. Оқушылардың жауабын мұқият тыңдайды, түсінбеген тұстарына шолу жасайды. Жаңа тақырыпты оқып, түсінгендерін айтады, тақырыпты талдайды, өткен сабақтармен байланыстыра отырып, салыстырады. Дәптерлеріне түсіріп алады.

Жинақтау

2 мин «Куммулятивтік диалог» әдісі Жаңа тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергендіктерін анықтау мақсатында, «куммулятивтік диалог» әдісін қолданады. Оқушылар сұрақтарды мұқият тыңдап, «иә» немесе «жоқ» деп қысқа жауап береді.

Бағалау Әр топтың көшбасшысы «Бағалау» парақшасына түсіріп отырады. Топтарға бағалау парақшасындағы мәліметтерді мұқият талдауға, топтың әрбір мүшесіне сипаттама беруге ұсыныс айтады. Соңынан мұғалім өз бағасын қояды. Әрбір көшбасшы өз тобындағы мүшелердің сабаққа қатысу деңгейін бақылайды. Балдық жүйемен белгілеп отырады. Сабақ соңында әр топтың көшбасшылары, топ мүшелеріне сипаттама береді. Мұғалімге ассисенттік көмек көрсетеді.

Кері байланыс

яғни рефлексия Стикер толтыру Стикерлер таратады Өз ұсыныс тілектерін жазады, ізгілік ағашына іледі.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше