Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеті

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 2A бөлім – Екі таңбалы сандарды қосу және азайту. Жүздіктер. Мектеп: Ақмола облысы, Бурабай ауданы Первомай орта мектебі

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Ахметова К.Б.

Сынып: 2 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеті

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 2.1.2.3 Тиімді есептеу үшін қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиетін қолдану.

Сабақтың мақсаты Тиімді есептеу үшін қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиетін қолдану.

Бағалау критерийі Тиімді есептеу үшін қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиетін қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар: – Жазбаша қосу және азайту алгоритмді айтады, математикалық терминдерді сөйлеу барысында қолдана алады. Қосу, азайту, бірліктер, ондықтар, қосынды, айырма, т.б. сөздерді қолданады

Құндылық

тарға баулу

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының 4-ші құндылығы «Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу» арқылы өндірісті, білім мен ғылымды біріктіру, өмір бойы оқуға дайын болу.

Пән аралық

байланыс АКТ пәнімен байланысты Дене шынықтыру жаттығуларын кіріктіру Дүниетану пәнімен байланысты

Алдыңғы білім

Екі таңбалы сандардың разрядтық құрамы

Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин

І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал «Көңіл-күй ағашы» – Оқушылар, тақтада ілініп тұрған сұрықсыз ағашқа қараңыздаршы. Бұл ағаштың жапырақтары жоқ. Осы ағашты алдарыңызда жатқан түрлі-түсті жапырақтардың ішінен өздеріне ұнаған түсті алып, ағашқа жабыстыруларыңызды сұраймын. Ағаш суреті, стикерлер,

(оқушылар жапырақтарды жабыстырады) ü Жасыл түсті таңдаған оқушыларды бүгінгі сабақта сәттілік күтіп тұр; ü Сары түсті таңдаған оқушылар сабағымызда белсенділік танытады; ü Қызғылт түсті таңдаған оқушылар қайсарлық таңытады; ü Қызғылт сары түсті таңдаған оқушылардың көңіл-күйлері тамаша болады. Ағаштың сұлулығы сіздердің сабаққа деген ынталарына, сабақта атқарған жұмыстарына байланысты екенін ұмытпаңыздар. IІ. «Домино» әдісі арқылы өткен тақырыпты тексеру Оқушыларға сұрақтар мен жауаптар жазылған үлестірме материалдары таратылады. Домино ойынының шарты бойынша құрастырады.

Сабақтың ортасы

32 мин

Ой қозғау №1 Суреттерге қарап, қай баланың тиімді әдісті қолданып отырғанын анықтау. Зерттеу жүргізу. «Жұптық теннис» әдісі бойынша тақтада тұрған есептерді орындау 9+6+1= 7+5+3= 18+2+9= 5+9+5= 10+2+8= 16+10+4= 6+30+4= 45+7+3= 75+6+14= ü Осы есептерді шығару барысында қандай әдістерді қолдандыңдар? ü Тиімді әдіспен шығару дегенімізді қалай деп ойлайсыздар? (тақырыпты түсіндіру) Қосудың ауыстырымдылық және терімділік қасиеті Сабағымыздың мақсаты: Тиімді есептеу үшін қосудың ауыстырымдылық және Интербелсенді тақта, магнитті тақта А.Е.Әбілқасымова, Т.П.Кучер, З.Ә. Жұмағұлова\Алматы «Мектеп»- 2017/

терімділік қасиетін қолдану. Қосудың ауыстырымдылық қасиеті: а+в= в+а Қосудың терімділік қасиеті: а+(в+с)= (а+в)+с=(а+с)+в Топтық тапсырма «Түрлі – түсті конверттер» әдісі бойынша әр түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындау Есептеу үшін тиімді қасиетті қолдан. 54 +(25+16) 43+ (26+17) (22+17)+18

Сабақтың соңы

4 мин

«Бес саусақ» әдісі бойынша рефлексия жасау

Өзін-өзі бағалау «Бағдаршам» әдісі арқылы

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау

көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті Бағалау – Сіз оқушылардың Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Саралау оқушыға дербес қолдау көрсету, оқу

материалдары мен ресурстарын оқушылардың жеке

қабілеттерін есепке ала отырып іріктедім. Топпен

жұмыс кезінде мұғалім өзі дайындаған үлестірме

материалдарды үлестіреді. Әрбір тапсырма

оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес, әрі оқу

бағдарламасына сай дайындалды. Тапсырмаларды

жылдам орындап болған оқушыларға логикалық

тұрғыдағы қосымша тапсырмалар дайындалған. Бағалау критерийлері бойынша әр тапсырма бағаланады; өзін-өзі және бірін-бірі, сонымен қатар топты бағалау және қалыптастырушы бағалау іске асырылады. . Ширату жаттуғулары. Сабақ басында оқушылар қауіпсіздік техникасымен таныстырылады

Сабақбойыншарефлексия

Сабақмақсаттарынемесеоқумақсаттарышынайы,

қолжетімдіболдыма?

Барлықоқушылароқумақсатынақолжеткіздіме?Егер

оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп

ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?

Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және

неліктен? Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары

туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше