Иррационал теңдеулер жүйелерін шешу.

Ақтөбе облысы Темір ауданы Кеңқияқ орта мектебі
Математика пәнінің мұғалімі Далина Гульнур Кикбаевна

Ашық сабақ жоспары. САБАҚ: Алгебра

Күні: 21.11.2017 жыл Оқытушының аты-жөні: Далина Гульнур Кикбаевна

СЫНЫП: 11ә Барлық оқушы саны: 20 Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы: Иррационал теңдеулер жүйелерін шешу.

Сабақ негізделген оқу мақсаты Иррационал теңдеулер жүйелерін шешу әдістерін меңгеріп, теңдеулерді шешу дағдыларын қалыптастыру.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсат 1. Иррационал теңдеулер жүйесімен танысу; 2. Иррационал теңдеулер жүйесін жаңа айнымалы енгізу тәсілімен шығара білуге үйрету; 3. Иррационал теңдеулер жүйесінің нақты мәндерін таптыра білу.

Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар: Иррационал теңдеулер жүйесімен танысады. Оқушылардың басым бөлігі: Иррационал теңдеулер жүйесін жаңа айнымалы енгізу тәсілімен шығара білуге үйренеді. Кейбір оқушылар: Иррационал теңдеулер жүйесінің нақты мәндерін таба біледі.

Бағалау

критерийлері Оқушылар: -Натурал көрсеткішті дәреженің негізгі қасйеттерін меңгереді Топтық жұмыстар арқылы есептерді шығарады; Қасиеттерін пайдалана отырып маңыздылығын түрлендіреді;

Тілдік мақсат Негізгі сөздер мен тіркестер: негізі, дәреже көрсеткіші; Сыныптағы диалог/ жазылым үшін тілдік бірліктер: · 1.а санының n-ші дәрежелі түбірі дегеніміз не? · 2.Көбейтіндіден түбір шығару қалай орындалады? · 3.Бөлшектен түбір шығару қалай орындалады? • Теңдеуді шешіңдер: • √х=2 √х=4 √х=5 √х= 11 Талдауға арналған тармақтар: Теңдеулер жүйесін мысалдар келтіру арқылы шығару. Жазылым бойынша ұсыныстар: Есептер шығарады.

Ресурстар “Алгебра және анализ бастамалары” оқулық, әдістемелік нұсқаулық, өзіндік жұмыс жинақтамасы, тест кітапшалары, жұмыс дәптері, интербелсенді тақта, смайликтер, кеспелер.

Алдыңғы білім Иррационал теңдеулерді шешу.

Жоспарланған әрекеттер

Басы

7 минут

І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу, психологиялық тренинг, журналмен жұмыс, оқушыларды сабаққа дайындау, сабақтың мақсатын қою. ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. “Кір жайғыш жіп” әдісі арқылы. Оқушылар жіпке ілінген дұрыс және бұрыс жауаптардың ішінен бұрыстарын алып тастап дұрыс жауаптарды қалдырады. Бағалау жұптар арасында жүреді.Әрбір дұрыс жауапқа 1 балл.№120 2) 7 4)3;6 №121 2) 19 4) 8 №122 2)2 4)-3;3. Сұрақ-жауап әдісі:

· 1.а санының n-ші дәрежелі түбірі дегеніміз не? · 2.Көбейтіндіден түбір шығару қалай орындалады? · 3.Бөлшектен түбір шығару қалай орындалады? .Көбейтіндіден түбір шығарыңдар: ; ; ; ; .

Ортасы

8-32 минут

«Сен ғылымға болсаң ынтық, Бұл сөзімді әбден ұқ. Білгеніңнің жақсысын қыл, Білмегенді біле бер». Шәкәрім Құдайбердіұлы Жаңа айнымалы енгізу тәсілі (есептерді жеңіл түрге келтіру немесе ықшамдау) арқылы шығарылатын иррационал теңдеулер жүйесін көрсету: немесе a=2 b=3 және a=3 b=2 мәндерін аламыз Енді және бұдан =8, =27 және бұдан =27, =8 Жауабы: (8;27) және(27;8) IV. Жаңа материалды бекіту ( 12мин №124 2) =а =в белгілеулерін енгіземіз (5-в)²+=13 в²-5в+6=0 =2 =3 =3 =2

=3 =2 х=9 х=4 =2 =3 у=4 у=9 Жауабы: (9; 4), (4; 9) № 130 u= және v= 4-u)+(4-u)=7 u²-4u+3=0 және =3және =1 = ==1 ==27 ==27 ==1 Жауабы: (1 ; 27) , (27; 1) №131 =-1 Х=-1 у=-27 х=27 у=1 Жауабы: (-1; -27) , (27; 1) Кеспе:

Ι нұсқа ΙΙ нұсқа Теңдеулер жүйесін шешіңіз: 1. а. (36;4), ә. (4;36), б. (32;6), в. (40;8), е. (30;2), 2. а. (9;25), ә. (25;9), б. (24;8), в. (22;10), е. (25;12), 3. а. (80;15), ә. (82;17), б. (84;12), в. (81;12), е. (81;16) Теңдеулер жүйесін шешіңіз: 1. А. (5;4), ә. (4;4)б. (3;5), в. (4;5), е. (3;6) 2. А. (25;9), ә. (22;10), б. (25;8), в. (23;11), е. (9;25) 3. А. (15;3), ә. (18;2), б. (16;4), в. (17;5), е. (16;6) Қосымша тапсырма: 1. Теңдеуді шешіңіз: А) 1;-4 В) 4;-1 С) 8;-2 D) 1;4 Е) 3;5

  1. Теңдеуді шешіңіз: А) х = 5 В) х1 =7, х2 = -2, С) х1=5, х2= -2, х3= 7D) х = 7 Е) х = 3 3. Теңдеуді шеш: А) -2 В) 1 С) 0 Д) түбірі жоқ. Е) 2 Бағалау: Топтар арасындағы бағалау максимум 3 балл. Өзара бағалау ( дескриптор бойынша) Бағалау Есептердің шығару нәтижелерін көрсету Оқытудың мақсаты бойынша.

Бағалау критериі Дескриптор Кез келген есептерді шығару тәсілдерін мен анықтамаларды пайдаланады Жаңа айнымалыныенгізу әдісіпайдаланаотырыпшығарған Шығарылғанесептердіңдұрыстығынбақылаған Тапсырмалардың нәтижесін тексеру Шығарылған есептердің жақсы үлгілерін көрсетеді

Соңы

33-40 минут І. Қорытынды.Тест тапсырмалары 1.Теңдеулер жүйесін шеш: А) (16;2), (2;16). В) (1;9), (9; 1). С) (-1;-9), (-9;- 1). D) (0;1), (1;0) Е) (2; 8),(8;4). 2. Теңдеулер жүйесін шеш: А) (6;34). В) (7;14). С) (9;4). D) (4;2). Е) (1; 0). 3. Теңдеулер жүйесін шеш: А) (16; 1) В) (81; 16) С) (625; 1) Д) (256; 81) Е)(64;25) Үйге тапсырма 1) Иррационал теңдеулер жүйелерін шешу. 2) №124 (1), 130(2 ), 131(2) есептерді аяқтап шығару Бағалау. Сабақ барысында жиналған: “5” – 17-20 балл “4” – 12-16 балл “3” – 5-11 балл

Рефлексия Сабақ мақсаттары/оқыту мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма? Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен?

Қорытынды бағалау

Ең жақсы өткен екі тапсырманы атап көрсетіңіз (оқытуға және үйренуге қатысты)

1:

2:

Қандай екі нәрсе немесе тапсырма сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (оқытуға

және үйренуге қатысты)?

1:

2:

Осы сабақтың барысында барлық сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі

сабағыма қажет болуы мүмкін қандай ақпаратты білдім?

1:

2:

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше