Р дыбысын буында және сөзде автоматизациялау.

Дефектолг-логопед Д.С.Таджибаевна

Коррекциялық мақсаты; Р дыбысын буында және сөзде автоматизациялау.

Коррециялық міндеттері;

  1. Р дыбысын артикуляциялық жаттығуларда жатықтыру.
  2. Р дыбысын буында, сөзде дұрыс айтуға үйрету.

  3. Зат есімді жеке және көпше түрде жаттықтыру.

  4. Балалардың ойлау, көру қабілеттерін, ұсақ маториканы дамыту.

Сабақтың әдісі; Сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын, жұмбақ шешу.

Қолданылытын құралдар;

-Р- дыбысының артикуляциясы, артикуляциялық жаттығуларға арналған ойыншықтар (ақ желкен,ине,саңырау құлақ, әткеншек, ат, сылақшы, кеме, сағат, чашка,тарақ), айналар, жаттығуға арналған суреттерқ, құыршақ қарындаштар, саусақтарға арналған жаттығуға (доп, моншақ,шар,ойынға арналған түрлі желім ойыншықтар)

Сабақтың барысы;

  1. Ұйымдастыру кезеңі; Сәлемдесу.

Армысың, досым,

Кел маған қосыл.

Алақанға салып алақан.

Шеңберге бірге тұрайық.

Қолымызды көтеріп,

Күннің нұрын алайық.

Ортамызда күн нұры,

Құшаққа оны алайық.

Мұғ; Ал қандай жылы лебіздерің бар балалар бір біріңе?

Аяздан мықты бол!

Қардай аппақ бол!

Судай таза бол!

Мұздай мөлдір бол!

Мұғ; Ал қонақтарымызға не дейміз?

Үлкенгеде сіз.

Кішігеде сіз.

Сәлем бердік сіздерге,

Құрметпенен біз.

  1. Артикуляциялық жаттығу жасау.

«Ақ желкен», «Ине», «Саңырау құлақ», «Әткеншек», «Ат», «Сылақшы», «Кеме», «Сағат», «Чашка», «Тарақ»

3 Блалар енді ернімізге жаттығу жасайық.

А)Екі ерінді ауыз ішіне тарту 1-4 рет

Ә)Үстіңгі және астынғы ерінді уқалау 1-4 рет

Б)Ерінді алдыға созуын үйрету.

Түйіскен еріндерді алдыға түтікше тәрізді созу 1-5 рет

4.Тыныс алуға арналған жаттығулар.

Қуыршақ қарындашымыздың шашын үрлеп қоямыз

  1. Саусақтарға арналған жаттығуларды жасайық.

Қарындашты алақандарымызбен уқалап қоямыз.

Қарындашпен саусақтарымызды жатықтырамыз.

«Бес саусақ»

Бас бармағым алғашқы

Балан үйрек жалғасы

Ортан терек ағасы

Шылдыр шүмек нағашы

Кішкентай бөбек балапан

Бәріне ортақ алақан

«Жаңбыр»

Бұлт қабағын түйіп ап

Бүркеп алды аспанды

Тырс-тырс-тырс тырсылдап

Жаңбыр жауа бастады

«Доп»

Айналдырғын добыңды,

Қытықтасын қолыңды.

Енді көтер партадан,

Жаса солай қайтадан.

«Моншақ»

Саны болар он шақты

Шашып алдым моншақты.

Теріп, теріп аламыз

Жіпке өткізіп қоямыз.

  1. Жаңа сабақ;

Жарайсыңдар балалар, ал енді жұмбақты шешейік.

Қай әріп екенін айтыңдар

Раушанда өлең жаттады,

Русланда өлең жаттады

Қай, әріптен басталады

Екеуінің аттары «Р»

Дұрыс-ақ өткен сабағымызда –Р- дыбысын өткенміз. Олай болса бүгінгі сабағымыз –Р- дыбысы мен әріпін буында сөзде дұрыс айтуға машықтанамыз.

Сұрақ жауап; мұғ-Дыбыс пен әріптің қандай айырмашылығы бар?

Оқу; Дыбысты естиміз, айтамыз, ал әріпті көреміз, оқимыз, жазамыз.

Балалар ендеше –Р- дыбысын басқа дауысты дыбыстармен достастырып оқымыз.

А-р Р-а

О-р Р-о

У-р керісінше Р-у

И-р Р-и

Е-р Р-е

Мұғ; дыбыс сөздің қай жерінде кездеседі?

Оқұ; Сөздің басында, ортасында, аяғынды кездеседі

Сергіту сәтті;

Ал, балалар турайық

Белімізді жазайық.

Онға қарай иіліп

Алақанды ұрайық

Бір отырып, бір турып

Бір тынығып алайық

Үрлеу ойыны;

Мақсаты; Шарды үрлеу арқылы тынысты реттей отырып, сұрақтарға жүйелі жауап беру.

Ойын шарты; Шарды рлеп жарады, ішінен шыққан қағаздағы сұраққа жауап береді.

  1. Керісінше ойыны-мен бір сөз айтамын, сен соны көпше түрде атасын.

Раушангүл, ара, гитара, домбыра, тарақ, қораз, орындық, шырын, бұрыш,

  1. –Р- дыбысы бар заттарды алып шедектің ішіне сал.

Қарындаш, сиыр, зебра,өрмекші, жолбарыс, картоп, арыстан, қасқыр,шеңбер. барыс.

  1. –Ар- буынын қосып сөзді аяқта.

Шалбар, теледидар, шар, дастарқан, анар, қарбыз, балалар, сарбаз, қарға, қармақ.

  1. Сөздердің арасында жасырынған –Р- дыбысын тауып астын сызыңдар

Парта, карта, араба,сарбаз, шаршы, терезе, үйрек, торғай, күрек, Бәйтерек, бор, өрік.

  1. «Не артық» Қай суреттің атауында –Р – дыбысы жоқ артық суреттерді тап.

Шарбақ, шырша, сырнай, алмұрт, краска, көгершін, компьютер, төрт, өрнек, көрпе.

  1. «Сөз ойла, тез ойла»

-Р- дыбысы бар түстерді атап өт-сары, қара, қоңыр, сарғылт.

-Р- дыбысы бар геометриялық фигураларды атап өт-шеңбер, шаршы, тікбұрыш, үшбұрыш, трапеция.

-Р- дыбысы бар мамандықтарды атап өт-суретші, шаштараз, дәрігер, өрт сөндіруші, слесарь, құрылысшы, фермер.

Сабақты қорытындылау;

Бүгін біз қандай дыбыспен жұмыс жасадық? Дұрыс айтасыңдар –Р- дыбысын буындарда сөздерде айтуға машықтандық. Ал ендеше балалар сабақты қорытындылай келе –Р- дыбысы бар кісі аттарын атап кетейікші; Раушан, Рита, Рамазан, Раиса, Роза, Мирас т.б

Үйге тапсырма; -Р- дыбысы бар қала аттарын тауып келуге

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше