Мүмкіндігі мол «Lesson Study» тәсілінің тиімділігі
Искендерова Тамара Азирбаевана
Қарағанды қаласы Теміртау қаласы №9 мектеп-лицейі
Мүмкіндігі мол «Lesson Study» тәсілінің тиімділігі
«Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауына Ұлт Көшбасшысы Н.А Назарбаев білім беру саласының басты міндеттерін айқын белгіледі.
· Біріншіден , барлық дамыған елдердей сапалы бірегей білім беру жүйесін қалыптастыру. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсарту Орта білім беру жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс, және ағылшын тілдерін жетік білу. Тілдерді оқыту нәтижесі бойынша оқушылар сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игерулері қажет,-деп көрсеткен болатын.
Lesson Study бүгінгі таңда бұл сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеу жұмысының ерекше түрі, ол мұғалімдер топтарының Lesson Study –ді бірлесіп жоспарлауын, оқуын, қадағалауын және талдауын көздейді.
Lesson study – дің басты мақсаты:
Оқушыларға білім алуға көмектесу Топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету.
Lesson study – дің ерекшеліктері жеке оқушылардың қажеттіліктеріне қарап оқыту, мұғалімдермен біріге отырып жұмыс істеу.
Мұғалімдердің зерттеуі оқытудағы жаңашылдықты бағалау. Іс –әректтегі зерттеу кәсіби жұмыстың кейбір аспектілерін жақсартады .
Нәтижеде Lesson Study тәжірибелік білімді әріптестерімен бөліседі. Оқушылардың маңызды білім алуына жағдай туады.
Lesson Study-ді қандай мақсатпен жүргізу қажет?
Lesson Study тәсілі тиімді, себебі ол мұғалімдерге: әдеттегіге қарағанда балалардың білім алғандығының анағұрлым анық,әртүрлі қырларынан және егжей-тегжейлі дәлелін көруге, мұғалімнің пікірі бойынша балаларды оқыту барысында қандай екендігі, арасындағы айырмашылықты көру,сол арқылы оқушылардың сауаттылығын арттыра түсу болып табылады.Сынып дегеніміз–кәсіпқойларға қызмет етуге тура келетін барынша күрделі жұмыс жағдайлары:шамамен бір сағатқа жуық уақыт ішінде сабақта жұмыс істеп отырған 20-25 және одан да көп оқушы үлкен көлемді ақпарат беру. Бұл ақпараттың мұғалімге жетуінің жылдамдығы да үлкен, соның салдарынан сабақ, жапондықтар айтқандай, ағыны қатты өзен сияқты болып шығады. Мұғалімдер өз сыныбында жеке түрде жұмыс істейтіндіктен, басқа мұғалімдерде әріптесінің «болжамды» білімін тәжірибеде көруге мүмкіндік бола бермейді. Ал мұғалімнің жұмысын басқа маман бақылаған кезде оның
жұмысының нәтижелілігі бағаланатын болғандықтан, ол сол баға мен пікірдің үдесінен шығуға тырысып, өзінің «жасырын» білімдерін көрсетуге ұмтылды, яғни тәуекелге бармауды жөн көріп,«қауіпсіз» оқытуды көрсетеді. Мысалы, нақты«еститін» дыбыстардың ішінен біз олардың аздаған бөлігіне ғана мән береміз, өзімізді сырттан келетін ақпараттан қорғаштап,тек маңыздысынан емесе оқыстарына ғана көңіл аударамыз.
Lesson Study: . Сыныпта қомақты сыртқы оқиғалар мен ақпаратты елемей, белгілі бір сәтте болған маңызды нәрселерді ғана ескереміз. Біз маңызды деп санаған ақпаратты лезде меңгеріп,бірден өзімізге ыңғайлы түрде сақтап аламыз, бұл күрделі әрі жылдам сабақ жағдайында біз басымдық берген басқа да маңызды нәрселерді өңдеу үшін жұмыс жадымызды бос ұстауға мүмкіндік береді.Lesson Study тәжірибелі мұғалімдермен қатар, еңбек жолын жаңабастаған мамандарға да кәсіби жетілуге көмектеседі.Себебі бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау арқылы біз оқыту туралы бірлескен пікір қалыптастырамыз. Бұл жағдайда біз оқыту аспектілерін өзіміздің ұстанымымыз тұрғысынан ғана емес,Lesson Study дайындаған әріптестеріміздің көзімен де қарастырамыз. Соның нәтижесінде біз Lesson Study барысында бақылаған нақты сабақты өзіміздің жоспарлаған сабағымызбен салыстырамыз.Бұл біздерге өзіміз әдетте мән бермейтін, елемейтін, әдетте «шеттетіп тастайтын» немесе болжамды білім ретінде сақталып қалатын нәрселерді аңғаруымызға түрткі болады. Lesson Study тәсілі,зерттелетін жекелеген оқушылардың оқудағы қажеттіліктері мен мінез-құлықтарына назар аударып, сол арқылы олар туралы көбірек біле отырып, біз өз оқушыларымыздың әрбіреуін анағұрлым жақсы тани бастаймыз. Lesson Study мұғалімге өз жұмысын болмашы ақпаратпен шамадан тыс жүктемей, барлығынан хабардар болып, өмірбойғы тәжірибесінде әрбір оқушының қажеттілігін ескеріп отыруға мүмкіндік береді.Lesson Study-дің рефлексивті, қайталамалы және бірлескен тәжірибесі күрделі оқу ақпаратын іріктей алатын тәжірибелі ұстазға екінші дәрежелі ақпаратты елеп тастап, тек қажеттісін ғана іріктеп алуға көмектесетіндігін көрсетіп отырады.
Lesson Study – бұл сыныптағы іс-әрекеттегі зерттеу жұмысының ерекше түрі, ол мұғалімдер топтарының Lesson Study –ді бірлесіп жоспарлауын, оқуын, қадағалауын және талдауын көздейді.
Бұл тәсілдің мүмкіндігі мол, тиімділігі жақсы екеніне көзімізді жеткізу үшін мектептегі тәжірибе кезінде өзгерту енгізу барысында осы тәсілді енгізіп, қаралды. Біз өз мектебімізде Lesson Study циклін өткізу үшін зерттеу жұмыстарын жоспарлап мектеп мұғалімдерінен топ құрылды. Lesson Study тәсілін жүзеге асыру үшін топ мүшелерімен 7 «А», 7 “Ә”, 4 “А”, 4 “В” сыныптарында сабақ үрдісінде “Диалогтік оқытудың тиімділігі» тақырыбы бойынша Lesson Study жүргізуді жоспарланды. Сыныптардың білім деңгейі мен сыныптың белсенділігі мен бәсекелесе, жарыса оқу деңгейі орташа . Сондықтан осы сыныпта диалогтік оқытуды басты назарға алғандағы мақсат – диалогтік оқыту арқылы сыныпта оқу мен оқыту үрдісінде белсенді,
бәсекелестік атмосфера тудыру болды. Сонымен қатар оқушылардың таным белсенділігін арттыру, қызығушылығын ояту, білім сапасын көтеру.
Өйткені оқушылардың таным белсенділігін арттыруда, сұрақты түрлендіре қою арқылы белсенділік оятуда, оқушылардың жауап берудегі бәсекелестігін тудыруда сындарлы оқыту бағдарламасы бұл оқыту түрін тиімді әдіс ретінде дәлелдеп отыр.
Lesson Study тобы, зерттеудің басты мақсаты мен міндеттерін анықтап алғаннан соң әр пән мұғаліміне негізгі нысандарды анықтау міндеттелді. Айталық,
- осы сыныптардан әр мұғалімге зерттелетін үш оқушыны анықтау;
-
Lesson Study бағытында жұмыс істейтін әрбір оқушының деңгейін анықтау;
-
Lesson Study-дің аяғында әр оқушыдан қандай нәтиже күтілетіні туралы қысқа да нұсқа жазу.
Бірінші Lesson Study циклі 7 –сыныпта биология пәнінен басталды. Мұнда сыныпты топқа бөліп, үй тапсырмасын сағат тілімен үй тапсырмасын, тексерді және бағалау критерийлері бойынша өзара бағалау жүргізілді. Жаңа тақырыпқа көшпес бұрын өткен тақырып бойынша ауызша тапсырмалар орындатылып, жетелеуші сұрақтар берілді. Сабақта жиі сұрақ қою әдісін қолданылы. Бұл жерде белсенді диалог орнамаса да, топтың бірігіп жұмыстануына мүмкіндік берілді. Әрқайсысы өз деңгейлері жеткенше тапсырманы қызығушылықпен орындап, жұмыстанды.
Бақылауда болған оқушылар күтілген нәтижеге сай жұмыстанғандары байқалды.
Бірінші Lesson Study -ді талдап, оқушылар пікірін білгеннен кейін, екінші Lesson Study биология пәнінің жоспары құрылды. Оқушылардың пікірлерін ескере отырып, жаңа тақырыпты өз беттерімен меңгеру тапсырмалары ұйымдастыру жоспарланды. Себебі, оқушылар тақырыпты өз беттерімен талдап, бір-бірімізге өзіміз түсіндірсек және сергіту сәті болса деген ұсыныс жасаған болатын.
Жаңа тақырыпты меңгертуде оқушылар мәтінді бірінші өздері оқып, топта талдап, басқа топтарға барып өз мәтіндерін түсіндіріп, кейін өз топтарына оралғаннан кейін басқа топтан түсінгендерін қайта ортаға салды. Бұл жерде белсенді диалог орнады, барлық оқушылар диалогқа қатысты. Әрине, кітапқа қарап айтқан, жеткілікті түсіндірмеген оқушылар да болды. Бірақ, әрқайсысы өз деңгейлері жеткенше жұмыстанды. Бекітуде берілген тапсырмаларды да оқушылар қызығушылықпен орындады.
Мұнда оқушылар өз топтары талдамаған деректер бойынша да сұрақтарға жауап берді. Бақылауда болған С және А деңгейлі оқушылар күткен нәтижеге сай жұмыстанды. Ал, В деңгейлі оқушы үй тапсырмасы бойынша күткен нәтижеге жете алмады, бірақ сабақтың қалған бөлімдерінде белсенді болды, дегенмен бұл оқушыларда өз біліміне сенімсіздік байқалды. Сабақ соңында оқушылармен сұхбаттасқан кезде бақылауға алынған оқушылар сабақты меңгеруге әр түрлі әдістердің тиімді болғанын айтты.
Үшінші Lesson Study кезеңінде қазақ әдебиеті пәні.
Әдебиеттің сынын, теориясын, тарихын оқушыға меңгерту қажет, сондықтан сабақ үдерісінде сұрақ-жауап, дәлелдеу, талдау, салыстыру, жинақтау, қайта қорыту әрекеттері арқылы жүзеге асыруды жоспарланды. Осы бағытты ұстана отырып, зерттеушілік әңгімені енгізілді. Өйткені зерттеушілік әңгіме қарым-қатынас жасаудың барысында идеялар екі жақты бағытта жүріп, соның негізінде оқушының білім алу үдерісі алға жылжиды, әркім өз пікірін ұсынады. Алайда жұмыс барысында кейбір оқушылардың тиісті білім-білік дағдысы толық болғанмен, топ алдында дәлелдеу, сөйлеу дағдылары жетпей жатқаны байқалды. Оқушылардың зерттеу жұмысына төселмегені, бұл әдіс оларға күрделі болғаны байқалды.
Жалпы белсенділік, бәсекелестік – екі жақты үдеріс. Рефлексивтік–практик ретінде теориялық тұжырымдамаларға сүйене отырып, тәжірибе барысында диалогтік оқытуды негізгі нысанға алып, сыныпта, оқу және оқыту үдерісінде белсенділік, бәсекелестік жағынан өзгеріс енгізіп, «іс- әрекеттегі толғаныс» жүргізіп отырсақ, бұл біздің тәжірибемізге сын қарауға, неге осындай іс-әрекет жасағанымызға мүмкіндік беретініне, тәжірибемізге қатысты бірқатар ойлар мен сұрақтар анықтауға мүмкіндік беретініне көз жеткіздік.
Тәжірибедегі «белсенді емес сыныптың» мәселесі бірден шешілмейді, бірақ оқушыны топтық жұмысқа тарта отырып, ашық сөйлесу, пікірін тыңдау арқылы ортаға бейімдеуді және «оқушы-мұғалім», «оқушы-оқушы» үдерісін үнемі дағдыға айналдырсақ, үнемі оқушы пікірімен санаса отырып, оларға ұнайтындай әдістерді қолдана отырып сабағымызды жоспарласақ ғасырдың талабына сай сындарлы ой айта алатын жеке тұлға тәрбиелей аламыз деген ойға келдік.
Бұрынғы тәжірибемізде сабақ жоспарларын бірігіп құру, сабақты бірігіп зерттеу, бақылау, проблемаларды бірігіп шешу деген бұрын болмаған еді, Lesson Study мұғалімдердің кәсіби біліктілігін көтерудің, білім жетілдірудің, тәжірибе алмасудың оңтайлы әдісі екендігіне көзіміз жетті. Оқушы тақырыпты жақсы меңгеруі үшін бірнеше сабақ бойы түрлі әдістерді қолданып, бақылап, зерттеп, соңында тиімді тәсілді анықтау арқылы жетістікке жетуге болады.
Қай кезде де мұғалім мектептегі негізі тұлға болып қала бермек, себебі оқушы білімді өз бетімен меңгеруі үшін оған жетекшілік қызмет атқаратын мұғалім. Мұғалім тек өз сабағында өз шәкірттерін жетелеуші ғана емес, кәсіби құзіретті, жан-жақты білімді, заман ағымына сай жаңашыл болса, өз идеялары мен ой-мақсаттарын әріптестерінің де санасына сәуледей сіңіріп, еріксіз еліктіріп, соңынан ілестіріп көшбасшы бола алады.
Lesson Study- оқушыға саналы білім беруді көздеген бір мақсатқа жұмылған ұстаздар шеберханасы десек артық айтқандық емес.
