Химиялық әскери барлау аспабы.

Жамбыл облысы Шу ауданы Бөлтірік ауылы
Ә.Молдағұлова атындағы шағын орталықты орта мектебінің
ІІ санатты Бастапқы әскери дайындық пәні мұғалімі
Қанафин Қанат Жасланұлы

Тақырыбы: Химиялық әскери барлау аспабы.

Сыныбы: 11 сынып Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушыларға химиялық әскери барлау аспабының жұмыс істеу қызметін үйрету.

Дамытушылық: білім мен тәрбие бере отырып,оқушының ой-өрісін,ойлау қабілетін дамыту,өз бетінше ізденуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: оқушы бойында патриоттық сезім қалыптастыру,Отанын, елін құрметтеуге, елінің болашағын ойлауға баулу.

Өтетін орны: АӘД кабинеті.

Көрнекілігі: плакаттар, АӘД оқулығы, «Азаматтық қорғаныс журналы», АӘД ӨҚН журналы, Химиялық жамылғы ХӘБА, газ тұтқыш, автомат.

Уақыты: 40 минут.

Пәнаралық байланысы: химия, тарих.

Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер: топтық жұмыс,ойлан, жұптас,талқыла, кім жылдам, АКТ, екі жұлдыз бір тілек.

Ұйымдастыру кезеңі: 2 мин

Взводты бір қатарлы сапқа тұрғызу.

Взвод командирінің баяндамасы.

Сәлемдесу.

Оқушыларды түгендеу.

Киім үлгісін қадағалау.

Оқушыларды екі топқа бөлу, топқа ат қою.

Топ ережесінің сақталуын қадағалау.

Сілтеме: жаңа сабаққа сілтеме.АӘД оқулығы, сабаққа арналған таныстырылымдар, химиялық барлау аспабы,АКТ, сурет, плакат.

Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Күтілетін нәтиже

Білу

3мин Кім жылдам? Ойлан. І-топ- «Айбын». 1.Химиялық қарудың шығу тарихы. 2. Жүйкені жансыздандыратын УЗ. 3.Теріге әсер ететін улы зат. 4. Тұншықтырғыш улы зат. ІІ-топ: «Ақсауыт». 1.Ертедегі химиячлық қаруды қолдану жолдары. 2.Жалпы УЗ. 3.Тітіркендіргіш улы зат. 4.психологиялық әсер ететін улы зат. Оқушыларға химиялық әскери барлау аспабы туралы көрсетілім көрсету,қысқаша мағлұмат беру. Екі топ оқушылары топпен ақылдаса отырып өз бетінше ізденіп,берілген тапсырмаға флипчартқа сурет салу және жазу арқылы өз ойларын білдіреді. Ойлау қабілеті артады,бүгінгі жаңа тақырыпқа өз бетінше ізденіп өз ойларын қосады.

Түсіну

10 мин Интерактивті тақтаға химиялық әскери барлау аспабының шашылған түрі, химиялық жамылғы газ тұтқыш көрсетіледі. Оқушылар химиялық барлау аспабының бөліктерін мұқият қарап шығады, жеке бөліктермен танысады, түтікшелерге және т.б. назар аударады,жұмыс Оқушылар тақырыптың мазмұнын аша біледі,өз бетімен ізденеді,бір-бірімен ынтымақтаса отырып шығармашылықпен айналысады.

істеу тәртібін дәптеріне жазады.

Қолдану

5 мин Химиялық әскери барлау аспабының жұмыс істеу тәртібін ретімен түсіндіреді. Екі топ оқушылары бірлесіп химиялық әскери барлау аспабын қолмен ұстап көзбен көреді.Іске қосу әрекетін жасайды. Мақсатқа жету үшін өз бойындағы барлық қабілеттерін толық беруге тырысады, жинақтайды.

Талдау

10 мин Оқушыларға тақырыптық тапсырма беріледі практика жүзінде қолдан. І-топ «Айбын» талдау жасайды. Бу улы газ түтін шық ХУЗ улы жаңбыр ІІ-топ «Ақсауыт» химиялық жамылғы мен газ тұтқышты киіп химиялық әскери барлау аспабының жұмыс істеу тәртібін көрсетеді. 2- топ «Ақсауыт» Оқ өткір радиация Эл импульсі Сәуле ауа Толқының соққысы Топтық талқылауға салады, ойланады, ізденеді,қолдану тәсілін үйренеді.

Жинақтау

5 мин Өмірдегі проблемалық жағдай. Өмірде кездесетін улы затты білесіңбе?(көмір қышқыл газы). Алған білімін өмірмен байланыстыра алады, қыс айларында пешке от жаққанда көмір қышқыл газынан уланбауға қарсы іс-әрекет жасай алады, пештің мұржасын үнемі таза ұстау керек екендігін,пештің астыңғы есігін үнемі жабық ұстау керек екерндігін біледі,жатар Тапсырмадан тыс өмірде кездесетін проблемалық жағдайды біледі.

алдында бөлмені желдетеді.

Бағалау

2 мин «Екі-жұлдыз, бір-тілек». Оқушылар бүгінгі алған білімдеріне топпен талдау жасайды, «Екі- жұлдыз, бір-тілек» әдісімен екі топ бірін-бірі бағалайды. Әр топ бағалау парағына ұпай жинайды.

Рефлексия

3 мин Оқушылар сабақтан алған әсерлерін көңіл-күйді білдіретін «Білім ағашына» смайликтер іледі.

Үй

тапсырмасы

2 мин Химиялық әскери барлау аспабы 7.12 347-350 бет.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше