Мәнерлеп сөйлеуге үйрету

Толеуханова Г.Т,логопед-мұғалім
Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы
«ЖББ №20 ОМ»КММ

Мәнерлеп сөйлеуге үйрету

Мақсаты:1. Логопад оқушылардың тіл кемстігін түзету.Дұрыс сөйлеу мәнерін қалыптарыстыру,сөздік қорын молайту , ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру;ұсақ моторикасын дамыту. Фонематикалық есту қабілетін жетілдіру. 2.Ойын жинақтап,асықпай,ырғақпен мәнерлеп сөйлеуге үйрету,сұраққа толық, анық жауап беруге дағдыландыру;

  1. Тілдің грамматикалық құрылымын арттыра отырып, сөздік қорын молайту.Ойлау,есту , есте сақтау қабілетін дамыта отырып, дыбыстарды дұрыс айтуға және өзін-өзі қадағалауға дағдыландыру;ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: суреттер,ұсақ моторикаға пайдаланатың қуралдар,дыбыс сызғыш.

Сабақтың өту барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі:

Амандасу.

Логопед: Біз , қандаймыз?

Балалар: Біз , қандаймыз, қандаймыз?

Шұғылалы таңдаймыз,

Күлімдеген күндейміз.

Ережені ұмытпай.

Дұрыс анық дыбыстап,

Дыбыстарды ренжітпей,

Бәріміз дұрыс сөйлейміз,

Ренжуді білмейміз.

Логопед: Жарайсындар, балалар!

2.Тыныс алу жаттығулары:

«Тоңған колды жылыту» т. б.

  1. «Дауыс ырғағын қалыптастыруға арналған жаттығу түрлері» А – а – а У – у – у – у О – о – о – о И – и – и – и А___________ У___________ АУ__________

ААА ООО УУУ ааа ооо ууу

Логопед: Жарайсыңдар ,балалар!

4.«Жоғалған буынды табайық»:

Ас…на

ұс…

мұ…лім

ма…на

ша…

пар…

(та),(таз),(ға), (ши),(на),(та)

тақтаға

  1. «Қосып оқы , тез оқы»

Қа, да, ла, қа,қо, ша, са, ра, ба, ла,ба, ға, та, рақ

6.Артикуляциялық жаттығулар:

7.Мимикалық гимнастика Көзімізді ашып – жұмамыз (қатты – жай); Ернімізді түтікше тәрізді алға созамыз; «Жымию» 8.Алфавиттік жұмбақтарды шешіңдер. Қарда бар, Мұзда жоқ Жарда бар, Құзда жоқ. «Р» Дәптерде бар, Кітапта жоқ. Пәтерде бар, Үйде жоқ. «Р»

Қырқада бар, қырда бар, Айранда бар, сүтте жоқ. «Р».

9.Дәптермен жұмыс. Тапсырма: Буындардан сөз құра Қа, ра, да, за, ра, ты, ар, па, са, ры, ра, зы.

10 Ойын «Мен бастаймын, сен аяқта!»

  • мен саған қазір бір сөз айтамын сен сол сөздің көпше түрін маған айтасың. Әр сөзді айтқанда мен саған доп лақтырып отырамын. -Шар -Шарлар -Шана -Шаналар -Шырша -Шыршалар -Жарайсың!

ІІ Негізгі бөлім: 1.Жаңа сабақ

«ғой» шылауы арқылы жаңа сөздер айтып үйрену.

«ғой» шылауы өтініш білдіретін сиқырлы сөз «мархабат»:

«Есту, көру дегенде,

Анық біліп алайық.

Енді жаңа сөздерді,

Жаттап ,талдап, қарайық»

(балаларды назарын тақтаға аудару)

Ал-а ғой, бер-е ғой, кел-е ғой, тұр-а ғой

  1. Дыбыстармен жұмыс: « Жасырынбақ» ойыны

Ойын шарты: оқушылар әріптер кассасынан әріптер жасырып ,сол әріптерге сөз, сөйлем құрау керек.

Мысалы: «Г» әрпі, гүл. Гүлге су құя ғой.

«М» мал. Малды суара ғой.

  1. Әңгіме айтып үйренейік: «Шөлдеген бәтеңке».

Тәңертеңгі әкесі Мәдиді көшеге алып шықпақшы болып, киіндірді де енді бәтенкесін іздей бастады. Міне, ғажап. Бәтенкенің іші суға толып тұр.Мұны кім құйған?

-Мәди, әй, Мәди.

-А,а…

-Мына бәтеңкеге су құйып жүрген өзің бе?

-Ия, өзім.

-Су құятындай бәтенкеңнің не жазығы бар?

-Ия, саған! Өздерің ғой, «бәтеңкең шөлдеп қалыпты», деп қоймаған.

а) Мәди бәтеңкеге неге су құйып койды?

ә) «Бәтеңкең шөлдеп қалыпты»деген сөзге қалай түсінесіңдер?

Б)Осы әңгімеге «ғой» шылауын жалғап, сөздерді, сөйлемдерді өзгеретіңдер.

(Мәди киіне ғой, бәтеңкеңді кие ғой)

4.Рефлексия:

  • Сабақ ұнады ма?
  • Қандай сиқырлы сөз бар екен?

5.Бағалау. Мадақтау.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше