Қозғалыс траекториясы дегеніміз не?

Сабақ тақырыбы: Қозғалыс траекториясы дегеніміз не? Мектеп: №46 орта мектебі
Күні : Мұғалімнің есімі: Загиялова Зауреш Жунисбековна

СЫНЫП: 1-сынып ПӘНІ: Жаратылыстану Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты: Барлық оқушылар:әртүрлі қозғалыс траекторияларын зерттеу, оларды сурет түрінде көрсету;

Оқушылардың басым бөлігі:табиғаттағы және адам өміріндегі қозғалыстың маңызын анықтау; Кейбір оқушылар: жаңа сабақта алған білімдерін өмірде қолданады.

Ресурстар: жайпақ төртбұрышты пластмасса немесе темір табақша; топтардың санына байланысты ойыншық мәши нелер, металл шарлар; құм салынған ыдыс. Интернет-ресурстар: әртүрлі көлік құралдарының қозғалысы туралы бейнежазба, мысалы, https://www.youtube.com/ watch?v=H91_YUxcYVA

Күтілетін нәтижелер: Оқушылар: Траекторияның не екенін біледі. Ол үшін әр­-түрлі нысандардың қозғалыс траекториясын көрнекі етіп көрсететін тәжірибе жасайды; түзу сызықты және қисық сызықты қозғалыс траекториясын­ ажыратады. Сондықтан траектория түрін анықтауға арналған жаттығуларды орындайды. Сонымен қатар шарт бойынша көлік құралының траекториясын сызады.

Сабақтың мақсаты: 1.5.1.1 түрлі денелердің қозғалысынан мысалдар келтіру; 1.5.1.2 қозғалыстың адам өміріндегі және табиғаттағы маңыздылығын анықтау;

Сабақтың кезеңдері Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті Бағалау Ресурстар

Ұйымдастыру

2 мин

Ынтымақтастық атмосферасын құру Сәлемдесу Әр түрлі түсті таңдау арқылы топқа бөлу, топ басшыларын сайлау. Сәлем- сөздің анасы, Сәлем берді, Мына қазақ баласы. Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Ұстаздарды құрметтеп, Бас иеміз біз. Топқа бөлініп отырады Басбармақ Ширату жаттығулары

Негізгі бөлім Қызығушылықты ояту 5 мин Ой қозғау 5 мин Таныстырылым Оқулықпен жұмыс І т – көк: «Тапқырлар» Ерекшелігі: Сабырлылықты, тыныштықты, көңілді жүруді, достарын сыйлайтын, басқаға үлгі болатын, қуаныш сыйлайтын тапқырлар. ІІ т –қызыл: «Алғырлар» Сабаққа деген қызығушылықтары өте жоғары, қызбалық ерік күштері керемет, жігерлі алғырлар. ІІІ т – сары: «Ойшылдар» Белсенді, талпынысты, ашық жүзді басқаларға жылы лебіздерін білдіретін қайырымды ойшылдар. ІV т – жасыл: «Зеректер» Сенімді, қайсарлы, өз орталарында жайлы, басқалардың алдында беделді зеректер. Сабақтың тақырыбын және мақсатын таныстыру. Бейне суреттерді көрсету. Көрсетілген бейне-суреттер бойынша дене қозғалысының әр түрлі бағытына назар аударту. – Не көрдіңдер? Топ ережесін еске түсіру: Тыңдау, бір-бірін сыйлау, өз ойын жеткізе білу, бәсекеге қабілетті болу. Жауап: Ұшақ, шаңғышы, аю машина, Із көрінді, сызықтар. Қозғалыстағы денелердің журген жолындағы белгі немесе сызықтар. Қайық – суда; поезд – теміржолда.; машина-тас жолда; ұшақ-әуеде. Ұшақ, шаңғышы, аю, қоңыз , қайық. Жоқ. Машина және құста із қалған жок. (тек жаңбырлы күні, соқпақ жолда, қар жауғанда) Көліктің қалай жүргенін. Ауызша мадақтау Шапалақ От шашу Слайд Құм салынған ыдыс, табақша, ойыншық машина, шарлар.

Топпен жұмыс 5 мин Зерттеу жұмысы Мағынаны тану 6 мин Сергіту сәті 1 мин – Қозғалыстағы денелердің жүрген жолында не көрінді? – Із дегеніміз не? – Қай көліктің қандай жолмен жүргенін көруге болады? – Қай суреттен қозғалыстағы дененің ізін көрдіңдер? – Қозғалыстағы денелердің бәрінде із қалды ма? – Жолдағы машинаның ізін көруге бола ма? – Ізіне қарап нені білуге болады ? Кез-келген нысан жәй көзге көріне ме, жоқ па соған қарамастан белгілі бір сызық бойымен қозғалады. Бұл сызық – траектория деп аталады. Дененің траекториясы – дененің кеңістікте қозғалыста болған кезінде жүріп өткен бірнеше нүктелерін қосатын сызық. Көлік құралы — адамдарды немесе жүктерді тасуға­ (тасымалдауға) арналған және осы мақсатта пайдаланылатын құрылғы. Жол — бұл қозғалыстағы дене траекториясының ұзындығы. Дене түзу немесе қисық сызықты траектория бойымен қозғалады. Бір дене әртүрлі траекториямен қозғала алады. Жауап: Тәжірибе жасаймыз Төбешікке” ойыншық машинаны қойып, итеріп жіберу. Құмда ойыншықтың ізінен қалған сызықты салу. “Төбешікке” металл шарды орналастыру. Шардың ізінен қалған сызықты салу. Тәжірибені бірнеше рет қайталау. Сызықтарды салыстырып, айырмашылықтарын көрсету. Түзу және қисық сызықтар қозғалыс траекториясы Бағдаршам Слайд

Жеке жұмыс Жұмыс дәптері 5 мин Дененің қозғалысын суретпен көрдік.Осыны зерттеу көрейік. Зерттеу жұмысын ұсыну. Топқа тапсырма: – Зерттеу үшін не істейміз? – Кішкене шар мен ойыншық машинаның қозғалысын зерттеу. – Олар қандай траекториямен қозғалады? – Өзін-өзі бағалау Доп, машина, шар.

Нұсқау Жайпақ табақшаға құм себу. Еңістеу келген төбешік пайда болу үшін бір жақ шетіне кітаптарды немесе ағаштарды қойып, табақты сәл қисайта орналастыру керек. Оқушылар топта тәжірибе нәтижесін салыстыра отырып, машина, көбінесе түзу траекториямен, ал шар әртүрлі траекториямен қозғалатынын байқайды. Жұмыс барысында оқушылар бақылау мен салыстырулардың жазбаларын жүргізу қабілеттерін дамытады. Жұмыс барысын бақылау, бақылау нәтижесін рәсімдеуге көмектесу. Бағдар парағымен жұмыс: Үй мен мектеп арасындағы жолының траекториясын бейнелеп беруін ұсыну. Сұрақ: – Қандай сызық шықты ? – Неге тек түзу жол бойымен қозғалуға болмайды? Траекторияның өзгеруі Суреттегі Бауырсақтың қозғалыс траекториясына назар аударту. – Оның траекториясы неге өзгереді? – Түзу сызық бойымен қозғалуға не бөгет болуы мүмкін? – Үнемі түзу сызық бойымен қозғалуға бола ма? Неліктен? Практикалық жұмыс: Сынып бөлмесінде қозғалыс траекториясын жасау. Қозғалыс кезіндегі сызық түрін анықтау.

Пәнаралық байланыс Дүниетану. 5 мин Қосымша тапсырма: Траекторияны таңда. Оқушылар әртүрлі көлік құралдарының: ұшақтың, катердің және мәшиненің қозғалыс траекториясын анықтайды. Тапсырманы күрделендіру және оқушылардың әртүрлі көлік құралдары туралы білімдерін бекіту мақсатында суда қозғалатын көлік құралының су ретін бояуды көрсету. Жауабы: Түзу жол — қозғалыс траекториясы. Доға тәріздес қисық сызық — толқындар үстімен қозғалатын катердің траекториясы. Бұрыш жасай жоғары бағытталған сызық — ұшақтың­ ұшу траекториясы Мултьфильмнен көрініс Бағдаршам Бейне көрініс Слайд

Бағалау

1 мин Табыс критерий Көңіл күй смайлігі Менің сабақтан алған әсерім Керемет . Стикер Кері байланыс: Қандай жаңа сөзбен таныстық? Қозғалыс траекториясы қалай бейнеленеді ? Смайликтер Стикер

Рефлекция

Сабақтың мақсаты мен оқу

міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренд?

Сабақ қалай өтті, қандай

деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау

жақсы іске асты ма? (

тапсырмалар сәйкес

болдыма?) Уақытты қалай

пайдаландым?

Жоспарыма қандай

өзгерістер енгіздім және

неге? Бұл сабақта тақырыптың мақсатттары мен міндеттері орындалды. Сабақ өз нәтижесіне жетті. Оқушылар алған білімдерін көрсете білді. Сабақ жоғары деңгейде өтті. Жоспарланған жұмыстар ісек асты. Тақырыпқа байланысты тапсырмалар сәйкес болды. Уақытты тиімді пайдаландым. Жоспарыма жаңа ресурстар пайдаландым, өзгерістер енгіздім. Мысал оқушылардың мультфильм көргенде қоғалыстағы денелер қоян мен қасқырдың қар үстінде жүрген жолындағы іздер. Шаңғымен, мұз айдынығдағы жүргендегі іздері. Із – сызық-түзу сызық- қисық сызық. Математикамен байланыс болды. Қажетті ресурстар қолданылды.

Қорытынды бағамдау: 1: Оқушыларды сабақтың әр кезеңінде бағалау. 2: Дарынды және үлгерімі төмен оқушылардың ерекшелігіне көңіл бөлу. Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады ( оқытуды да, оқуды да ескеру)? 1: Сабақтың нәтижесіне көңіл бөлу. 2: Рефлексия. Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім ?

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше