«Айна патшалығында» (топтық сабақ )

Батыc Қазақстан облысы Казталов ауданы, Казталов ауылы
Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті
Педагог-психолог Нурпейсова Гульзада Алимжановна

Тақырыбы: «Айна патшалығында» (топтық сабақ )

Сабақ мақсаты:1. Түзете-оқыту:ойын-жаттығулар арқылы баланың сенсорлық дамуын кеңейту.

  1. Түзете дамытушылығы:Ойлау қабілетін, зейін тұрақтылығын, ұсақ моторикасын дамыту

3.Түзете тәрбиелілігі:баланы достыққа, ынтымастыққа тәрбиелеу

Құрал жабдықтар: мозайка, құрғақ бассейн, сиқырлы доп, айналар, құм терапиясы,

Сайқымазақ, күн, бұлт, терек, қолғаптардың суреттері.

Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру бөлімі:

бүгін біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Қонақтарға қарап амандасайық. Бізге қонаққа сайқымазақ келді. Ол өте қөңілді. Ол өзін айнадан қөргенін жақсы көреді. Ал айнаға қарағанда кімді көреді. Әрине өзің. Бізде айнаға қарайықшы. Кімді көріп отырмыз? Бір күні сайқымазақ айнаға қарап отырғанда ол өзін көрмей қалды. «Менің шағылысым қайда кетті», «Қайдан іздеймін» – деп өзінен сұрады. Ойлап,ойлап «Әрине айна патшалығынан» деді. Ал бізде барамыз ба айна патшалығына. Оңда кеттік. Ал бізге жолды сиқырлы доп көрсетеді.

ІІ Негізгі бөлім

  1. Суреттерді жапсырту
  • Ал доп бізді тақтаға алдып келді. Бұнда шағылыс барма? Жоқ. Бірақ мында әдемі суреттер бар, кәне суреттерді дұрыстап орналастырайық. Күн қайда тұрады? (жоғарда) Оның түсі қандай. Күннің бізге пайдасы қандай. Күннің қасында не бар? (Бұлт) Күн неге шуағын шашады? (терекке)
  1. Құрғақ бассейнда тапсырмалар
  • Сиқырлы доп бізді бассейнге апарды. Бассейінде шағылыс барма. Жоқ. Бірақ мында әр түрлі түсті доптар бар. Қәне (сары, көк, жасыл қызыл) допты алайықшы. Сары доп айнаға қарағанда сары допты көреді, қызыл доп қызыл допты көреді, біздер өзімізді көреміз, ал сайқымазақ болса жылап отыр. Өйткені ол өзін көрмейді. Сайқымазаққа көмектесемізбе? Ал онда тізелеп жүрейік, домалап айналайық. Сары үш допты алшы, екі қызыл доп, бір көк доп. Жарайсын
  1. Сыңарын тап
  • Балалар алдымызда нелер шашылып жатыр? Қараңыздаршы!

Жолымызда қолғаптар мен аяқ киімдер шашылып жатыр. Оларды жинақтап сыңарын тауып алайық.

  1. Құм терапиясы
  • Біздің сиқырлы добымыз бізді құмға апарды. Құмда шағылыс барма? Жоқ. Кәне онда құмды қолымызға алып сурет салайық. Дөнгелек салайық. Дөнгелегімізді күнге айналдырайық. Күннін түсі қандай? (сары) күннін көзін салайық жарайсын. Құмда саған ұнадыма? Бірақ оңда сайқымазақтын шағылысы жоқ болды.
  1. Балықтарды тамашалайық

Қарашы қандай әдемі, түрлі түсті балықтар жүзіп жүр, кәне кел отырып аздап демалып алайық.

  1. Құрғақ душ

Доп бізді айна патшалығына әкелді.

-Айнадан не көріп тұрсыздар балалар?

-Дұрыс балалар, өзіміздің көленкемізді көріп тұрмыз.

-Қарандаршы балалар сайқымазақтын көленкесі барма?

-Иә балалар, айна патшалығы сіздер тапсырмаларды дұрыс орындағасын, сіздерге риза болып сайқымазақтын көленкесін қайтарып берді.

Сайқымазақта сіздер өз рахметін айтып, ризашылығын білдіріп жатыр.

  1. Ойын «Не екенін тап»

Ж\б: Дорбаға қолымызды салып, саусақтарымызбен ұстап, ішінде не бар, қандай зат екенін тауып беру.

ІV Қорытынды

-Балалар бүгін сабағымызда кім қонақ болып келді?

-Қайда саяхатқа бардық?

-Қаңдар жақсы іс жасадық?

-Бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстыңдар. Көп-көп рахмет сіздерге. Сау болыңыздар.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше