Оо дыбысы мен әрпі.
Атырау облысы. Атырау қаласы.
Ж.Нәжімеденов атындағы жалпы білім беретін №2 орта мектептің
бастауыш сыныбының мұғалімі: Құдайбергенова Ақырыс Нұрдаулетқызы.
Күні:23.10 .2017ж. Сынып:1 «Ж» Қатысқандар саны: 25 Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы: 2.9. Оо дыбысы мен әрпі.
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) 1.2.9.1. Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру; 1.1.7.1. Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру; 1.2.1.2. Оқудың түрлерін буындап оқу, жиі кездесетін сөздерді тұтас оқу, түсініп оқу, қолдану. 1.3.10.1. Заттың атын, санын, сынын, қимылын білдіретін сөздерді ажырата алу және оларды қолдана білу. 1.3.8.1. Жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жолдың жоғарғы және төменгі сызығын, әріп таңбасын калиграфиялық талаптарға сай жазу. Саралау мақсаты: сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшеліктерін меңгерту, сыни көзқарастарын қалыптастыру.
Сабақтың мақсаттары Барлық оқушылар орындай алады:Барлық оқушылар әріпті таниды, ажыратады, басқа дыбыспен сәйкестендіріп оқи алады. Оқушылардың көпшілігі орындай алады:Оқушылардың көпшілігі оқудың түрлерін оқиды, сөйлем ішіндегі сөздерді ажырата алады және қолдана алады. Кейбір оқушылар орындай алады:кейбір оқушылар әріп элементтерін талапқа сай жазады, талдайды, дәлелдейді, тұтас оқиды.
Бағалау критерийлері О дыбысын таниды, басқа дыбыспен сәйкестендіреді. О дыбысы бар сөздерді тауып, сөздерден ажыратады, қолданады. О әрпінің таңбаларын талапқа сай жазады.
Құндылықтарды дарыту Денсаулық, достық және айналасындағыларға қамқорлық көрсету.
Пәнаралық байланыс Музыка, дүниетану, математика.
АКТ қолдану дағдылары Компьютер, интер тақта.
Тілдік құзыреттілік Мектеп-школа- schoolәріп-буква-letter Дыбыс-звук- sou доп-мяч- ball
Сабақ барысы
Сабақтың
жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы
1 мин
І. Псих-лық ахуал. Кел, балалар, күлейік! Күлкіменен түлейік. Қабақ түйген не керек, Көңілді болып жүрейік! Бірге қосылып айтады. Қима суреттер.
Сындарлы оқыту теориясы. Алдыңғы оқу. 4 мин ІІ. Топқа бөлу. «Мозайка» әдісі арқылы топқа бөлу, тапсырма беру. 1 топ- Р әрпін құрастырады. 2 топ-Раушан гүлін құрастырады. 3 топ- Орамалды құрастырады. Ынталандыру:Смайлк
Сабақтың ортасы
5 мин
Спираль тәріздес
құралымға негіделген.
Белсенділік
Айтылым.
Таңбалық.
5 мин
Тыңдалым.
Бейнелік.
5 мин
Оқылым.
5 мин. Жаңа сабақ. «Кім тапқыр» әдісі бойынша. Оюда» бармын, «Допта» бармын. Күнде жоқпын Мен қандай дыбыспын? О дыбысымен әрпімен таныстыру. О дыбысы-тілдің қатысына қарай жуан, жақтың қатысына қарай ашық, ерін мен езудің қатысына қарай еріндік дауысты дыбыс. Ол О әрпімен таңбаланады. « Батпырауық» әдісі(батпырауық ұшып келіп әр топқа қонады). Сөздерді оқу. Буынға бөлу. 1топ- ОР. ОН. ОЙ. 2-топ-ОРА. ОҚУ. ОРУ. 3 топ-ОРАЛ. ОТАН. ОРЫН. Критерий: О дыбысының дауысты дыбыс екенін біледі, ажыратады және оқудың түрлерін нақты түсінеді, қолданады. Дескриптор: -О дыбысын тілдің қатысына қарай айтылуын меңгерді. – сөздерді оқып, буынға бөлді. Ынталандыру: «Жарайсыңдар» 1тапсырма.Аудио үнтаспадан тыңдалады. Топтық жұмыс. Сұрақтар талқыланады. 1топ- Балалар кешірім сұрау үшін қандай сөздер қолданды? 2 топ-Арал мен Оралдың мұндай іс-әрекеттеріне қалай қарайсыздар? 3 топ- жол ережесін білесіздер ме? Дескриптор: -тыңдалған мәтінге өз қарасын білдіреді. – мәтінге жай сөйлем құрайды. Ынталандыру: «Шапалақ» 2 тапсырма: Сөздерді буындап, тұтас оқу. ОР. ОРАЛ. ОЛ. ОЛАР. ОН. ОРА. Суреттер. Батпырауыққа жазылған сөздер. Үнтаспа. Сюжетті суреттер. Суреттер.
Жазылым. 5мин Сурет бойынша сөйлем құрау. 1 топ- Орал, ал. 2 топ-Арал тартты. 3 топ- Анар он ора. Сызбаға сәйкес сөйлем құрастыру. 1 топ- Олар – әншілер. 2топ- Олар- бишілер. 3 топ-Олар- оқушылар. Дескриптор: -Оқудың түрлерін қолданып буындап және тұтасоқыды. -Заттың атын, қимылын, сынын білдіретін сөздерді ажырата алды. Ынталандыру:«Басбармақ». Сергіту сәті. «Ақ бұлақ» 3 тапсырма. Дәптермен жұмыс. · О әрпін жазу. · Сызба арқылы сәйкестендіру. Дискриптор: -О әрпінің жазылу таңбасын жазды. – сызба арқылы сәйкестендіруді үйренді. Ынталандыру: «Керемет» Бейнероликтен би қимылдарын қайталайды
Сабақтың соңы
5 мин
Қорытынды бөлім. Постер қорғады. 1 топ-Мәтінді сахналау. 2 топ-Мәтінді өз сөзімен айту. 3 топ-Мәтін желісі бойынша сурет салу. Дискриптор: Мәтінді сахналады. Мәтінді өз сөзімен айтты. Мәтін желісі бойынша сурет салды. Кері байланыс:«Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы топтар бір-бірін бағалайды. Екі жетістігін көрсетіп, бір ұсынысын айтады. ҚБ«Жетістік баспалдағымен» бағаладым. Атрибуттар. Суреттер. Бейнелеу құралдары.
Дифференциация (саралау)-оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалауды – калай жоспарлайсыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы.
Саралауға
тапсырмалар:
- Торғай атауында О
дыбысы қай буында
келеді?
2.Одыбысынан баста-
латын 6 адам атын айт.
3.Оәрпінен бастал-атын
суретті тап, белгіле.
- Үш буынды
сөзді тап.Отан.Орамал.
Орман
Ынталандыру: «Тамаша» Қалам, қарындашпен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережесін сақтау.
