Ашық қаралым

№45 «Алтын бала» бөбекжайы
Өткізген тәрбиеші:Қожақова А.Ж.

Білім беру саласы: Шығармашылық

Бөлімі:Мүсіндеу.

Тақырыбы:Балық.

Мақсаты:Балық туралы мағлұмат беру.Ермексаз кесектерін үзу,жаншу,созу тәсілдерін қолданып балықты мүсіндеуге үйрету.Тілдерін дамыту.Саусақтың ұсақ бұлшықеттерінің қозғалысын жетілдіру.Табиғатты аялауға үйрету.

Қажетті құрал-жабдықтар:түрлі-түсті ермексаз,ермексаз кесуге арналған құрал,сулық,мүсіндеуге арналған тақтайша,жұмыстың дайын үлгісі.

Барысы:

Тәрбиеші:Балалар,біздің бүгінгі мүсіндеу оқу іс-әрекетіміз ерекше болмақ.Өйткені біз жәй балық емес,ертегідегідей біздің тілегімізді орындай алатын балықты мүсіндейміз.Алдымен қонақтармен амандасып алайық.

Амандасу.

Бәріміз енді тұрайық,

Сәлемдесіп алайық.

Жақсы,жақсы сөздерді,

Қонақтарға сыйлайық.

Сұрақ-жауап.

1.Балықтар қайда тіршілік етеді? « суда»

2.Сусыз өмір сүре алады ма? «жоқ»

3.Балықтарды үйде қалай өсіреміз?

Ендеше, балық туралы тақпақ тыңдайық.

Алабұға ала балық, Айжұлдыз

Көрінеді адамға анық.

Арқасында тікені бар,

Жүрмесінші қадап алып.

Толағайы,толағай Малика

Және мешкей қомағай

Түсе қалса қармаққа

Әрең тартар он ағай.

Айқайлама,ұрспа Ізбасқан

Тіпті ақырын тыныста.

Сазан нағыз сақ балық,

Жоламайды дыбысқа.

Тәрбиеші:Жарайсыңдар,ендеше жұмысқа кіріспей тұрып,саусақтарымызды жаттықтырып алайық.

Саусақ жаттығуы:

Оң қолымда білезік

Сол қолымда білезік

Саусағымда сақина

Санап көрші қанекей

Бір,екі,үш, бір,екі,үш

Дем алайық жинап күш.

Тәрбиеші:Балаларға балық туралы түсіндіріп тұрып,ермексазды бірнеше бөлікке бөлу арқылы балықты мүсіндеу тәсілдерін көрсетіп,түсіндіреді.Бірінші балықтың денесін жасау үшін ермексазды алақанға салып,айналдыра отырып домалақ пішінге келтіріп,домалатылған пішінді екі алақанның арасына салып жаншу арқылы,ал құйрығын есу,жалпақтау арқылы жасайды.Денесіне қанаттарын,құйрығын өз қалаулары бойынша әсемдеу.

(Бөліктерді бір-біріне ұқыпты жапсыруды,жұмысты ұқыпты орындауды қадағалау).

Ермексаздан балықты мүсіндеу жұмысы.

Сергіту сәті:

Балық суда жүзеді,

Жып-жылтыр боп бүйірі.

Қолға түспей қашады,

Ұстағым кеп шаршадым.

Жұмысты жалғастыру.

Осы кезде «Су перісі»келеді.

Балалармен амандасады.

Балалар,мен су перісінің қызымын,суда ғана өмір сүремін.Мен сендердің балықты мүсіндеп жатқандарыңды естіп,аквариум ала келдім.Өйткені балық суда ғана өмір сүреді ғой.

Тәрбиеші:Біз жәй балықты емес,тілегімізді орындайтын балықты мүсіндедік,аквариум үшін рахмет.

Балалар тілектеріңді айтып,балықтарыңды жібере қойыңдар.

Балалар тілектерін айтады.

Қимылды ойын: «Балық аулау»

2 тақпақ,2 жұмбақ.

Білем десем,біліп көр Нұрай С.

Қармағыңа іліп көр.

Жайын үшін сөз бе екен

Бақа,шаян,сүліктер.

Қармақ салсаң сазанға Әдемі

Бар өзенге азанда.

Оңайлықпен сазанның

Түскісі жоқ қазанға.

Су перісі балаларды мадақтап,жұмыстарына баға беріп,риза болады.

Тәрбиеші:Балалар,бүгін ермексаздан нені мүсіндедік? Балықты.

Қандай балық? Тілек орындайтын балық.

Балық қайда тіршілік етеді?Суда.

Балық туралы не айттық?тақпақ,жұмбақ,балық ауладық.

Ендеше,бүгін барлығың да жақсы қатыстыңдар.Сендерге көп-көп рахмет.Бәріміз бір-бірімізге қол соғайық.Апайлармен қоштасайық.

Шеңберді біз құрайық,

Шеңбер болып тұрайық.

Көріскенше,күн жақсы,

Сау-саламат болайық.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше