Қажымұқан
Ақмола облысы,Көкшетау қаласы
№17 орта мектеп-гимназиясы
Бастауыш сынып мұғалімі
Тасанова Ақерке Оразбаевна
Ашық сабақ жоспары Пәні: Әдебиеттік оқу Сынып: 2 «Б»
Сабақтың атауы Қажымұқан Сілтеме Әдебиет оқулығының әдістемесі
Сабақтың жабдығы Мәтін,сөйлем құрауға қажетті тапсырмалар,интерактивті тақта.
Жалпы мақсаттар Мақсаты: Оқушыларға Қажымұқан туралы мағлұмат беру. Мәтінді оқу арқылы оқушыны көркем шығарманың мазмұнын түсінуге жетелеу. Міндеттері: 1. Түсініп оқу, мәнерлеп оқу дағдыларын қалыптастыру. 2. Талдау қабілеттерін дамыту. 3. Патриоттыққа тәрбиелеу. Сабақтың әдісі: топпен жұмыс,әңгімелеу, сұрақ – жауап, сызба, шығармашылық тапсырма.
Оқыту нәтижесі
Топқа бөлу «ЭКСПО-2017» жайлы мәлімет.Әр мемлекетке байланысты топқа бөліну. 1- топ: ҚХР 2- топ: РФ 3- топ: АҚШ 4- топ: ҚР
Мұғалімнің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті
Ынтымақтастық
атмосферасы Қайырлы күн,досым, Қайырлы күн ,құрбым. Бүгінгі жұма күнің, Сәттілікке толсын. Бүгін алған бағаң, Кілең беске толсын. Шырылдады қоңырау, Біз сабақты бастаймыз. Жаңа білім алуға Алға қадам аттаймыз. Оқушылар мұғаліммен қосылып тақпақты айтады
Үй тапсырмасын сұрау
«Таза тақта» әдісі бойынша үй тапсырмасын тексеру 1.1841-1889 ж.ж
2.Ыбырай ата кім? 3.Кел,балалар,оқылық! 4.Ы.Алтынсарин әңгімелері 5.Ерасыл,Әбілмансұр,Сабалақ. 6.Есік қаласы 7.1991жыл 2-қазан 8. «Болашақ энергиясы»
Қызығушылықты ояту Сөзжұмбақ шешу. « Балуан» сөзін шығару «Балуан» сөзін айтқанда сендердің ойларыңа қандай сөздер келеді? «Топтастыру» стратегиясы Балуан- төзімді,шыдамды,батыл,алып,қайсар,күшті,дәу,ірі т.б «Ой қозғау» стратегиясы Суретті көрсету арқылы сұрақтар қою. -Бұл кім? Қажымұқан Мұңайтпасов туралы не білеміз? Бүгінгі сабақтың тақырыбы Нұрлан Есеновтың « Қажымұқан» шығармасы. Сабақтың мақсатын белгілеу. Бүгін сабақта не үйренеміз деп ойлайсыңдар? Қажымұқан жайлы қысқаша деректер: Қ. Мұңайтпасов – тұңғыш қазақ балуаны, кәсіби күрескер, әлем чемпионы. Ақмола облысы Қараөткел аймағы Қоспа ауылында 1871 жылы 7 сәуірде дүниеге келген. Бала кезінен ол қайратты, алып болып өседі. Ол 24 мемлекетте күресіп, 48 алтын, күміс, қола медальдарын әйгілі сигизмунд белбеуін алған. Ұлы Отан соғысы жылдарында көшпелі циркпен өнер көрсетіп, өзі жинаған 100 мың сом қаражатына ұшақ жасатып көмек ретінде береді. 1978 жылы «Қажымұқан» атты екі бөлімді көркем фильм түсірілді. Қ. Әбдіқадыровтың «Қажымұқан» кітаптары бар. «Қазақ даласының батыры» атағы берілді. «Құрмет белгісі» орденімен марапатталды. 1948 жылы Шымкент облысының Арыс ауданы Ленин туы колхозында қайтыс болды. Бейнеролик тамашалау. «Күш атасы-Қажымұқан» Оқулықпен жұмыс: «Қажымұқан» мәтінін оқушыларға тізбектей оқыту. Әр топ бір-біріне мәтін бойынша сұрақтар қояды. 1.Мәтін тақырыбын басқаша қалай атар едің? (Амандық атайдың әңгімесі) 2.Әңгіменің таңданыс сезімін тудырған тұсын айтып бер. 3.Мәтіндегі кейіпкер туралы не білесің? 4.Мәтінге қандай жоспар құруға болады?(Көктөбедегі тас. Амандық атайдың әңгімесі.Тас туралы әңгіме) «Сиқырлы сандық» Сөздік жұмыс : Жасыл құрақ-жас қамыс,балауса шөп. Тәнті етті- таңдандырды,сүйсіндірді. Алақанының табы қалған- бір кезде қолына ұстаған,алақаны тиген. Біздің сыныпта да өнерлі оқушылар бар.Енді бәріміз сергіп ән тыңдайық.
Мағынаны тану
Мәтінді тізбектеп оқу
Сергіту сәті Айғанымның орындауында
«Әнші балапан» әнін тыңдау Оқушылар сергіп демалады.
Ой толғаныс Топпен жұмыс: 1-топ: Спорт түрлерін ата. 2-топ: Өлең құрастыр. Спорттың пайдасын білеміз, Спортты бәріміз сүйеміз.
