Д дыбысы мен әрпін таныстыру.

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы
«Аршалы негізгі мектебі» КММ
Мектепалды даярлық сыныбының
тәрбиешісі Амирханова Аймангуль Курмашевна

Оқу іс-әрекетінің мақсаты: өткен оқу іс-әрекетін пысықтау. Д дыбысы мен әрпін таныстыру.

Д дыбысы бар сөздерге талдау жасау, айтылуы мен жазылуын үйрету.

Дамытушылығы: дидактикалық материалды пайдалана отырып, балалардың ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелігі: балаларды қамқорлық жасауға, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

Түрі: аралас сабақ.

Әдісі: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: оқулық, суретті әліппе, қима әріптер, слайд.

Оқу іс-әрекетінің барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

  1. а) сәлемдесу, балаларды түгендеу

ә) психологиялық дайындық

Шаттық шеңбері:

ІІ. Өткен оқу іс-әрекетін қайталап пысықтау:

«Бауырсақ ертегісін» тыңдау.

Бауырсақты қояннан құтқару үшін тапсырмасын орындау.

Қоянның тапсырмасы:

  • Бір аптада неше күн бар?
  • Бір жылда неше мезгіл бар?

  • Бір жылда неше ай бар?

  • Қазір жылдың қай мезгілі?

Қасқырдың тапсырмасы:

  • Қазақ тілінде неше әріп бар?
  • Дыбыс дегеніміз не?

  • Әріп дегеніміз не?

  • Аюдың тапсырмасы:

    • Дыбыстар нешеге бөлінеді?
  • Дауысты, дауыссыз дыбыстарды қандай текшемен белгілейміз?

  • Түлкінің тапсырмасы:

    • Әріптерден не құралады?

    Сөздерді буынға бөліңдер

    Шана, торғай, қарға, науа, балапан, айна.

    Буындарды оқыңдар та, на, ға, ра, ла, уа, ша, ор, ол, ау, қа.

    Сергіту сәті:

    ІІІ. Жаңа оқу іс-әрекетін таныстыру

    Жұмбақ жасыру:

    Бала біткен соғады

    Жеңіл шарды домалақ.

    Ұрсаң, ұшып жоғары

    Жерге түсер домалап.

    Ол не? (Доп)

    Бір түймелі, екі желілі,

    Күйдің көрігі, әннің көлігі. (Домбыра)

    Балаларға доп пен домбыра сөздерін қайталап айтқыза отырып, д дыбысының орны анықталады. Суреттерге сүйене отырып, олардың атын атату керек. Алғашқы екі дыбысты біріктіре оқыту арқылы толық сөзді табуға үйрету (дауылпаз, домбыра, дуадақ).

    Балалармен оқулықтағы тақырыптық сурет бойынша әңгіме жүргізу. Доп пен домбыраның суретін көрсету. Суреттегі балаларға ат қою. Дала, доға, долана туралы балаларға сөйлем құрату. Дала қандай әдемі. Долана тауда көрінеді т.б.

    • Дала деген сөздегі таныс емес дыбыс қандай дыбыс?
  • Д дыбысы. Д дыбысының артикуляциясын дұрыс қолданып,

  • д дыбысын дұрыс айтуға үйрету.

    • Д дыбысы тақтаға ілініп, Д-бас әрпі, д-кіші әрпі деп ажыратып айтып, оны балаларға хормен қайталап айтқызу.
  • Д әрпі интерактивті тақтадан көрсетіледі.

  • Добым, добым- домалақ,

  • Тоқтамайсын домалап.

  • Доп, да-ла, до-ға, до-ла-на , до-да сөздерін оқытып, буынға бөліп айтқызу.

  • Д дауыссыз дыбыс, көк текшемен белгіленеді.

  • Балалар, доп сөзінде д- әрпі сөздің басында, бидай сөзінде д -ортасында, велосипед сөзінде соңында кездеседі

    Долана, дән, доға, бидай, велосипед, дала, домбыра сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

    Осы сөздерді алақанмен шапалақтап ұра отыра буынға бөледі.

    Дәптермен жұмыс:

    Дәптерімізді ашайық,

    Салақтықтан қашайық.

    Қолға қалам алайық,

    Көркем етіп жазайық.

    Үлгі бойынша д әрпінің баспа түрін жазады. «Сөйлем құра» тапсырмасын орындайды. Сөз жұмбақ шешеді. Торкөздің ішіндегі сөздерді табады. Үш, төрт дыбыстан тұратын сөз құрайды.

    Сергіту сәті:

    Ду, ду,ду!Дүк, дүк!

    Пойыз келеді.

    Ду,ду,ду!Дүк,дүк!

    Бәрі жол береді.

    Ду,ду,ду!Дүк,дүк!

    Тұра тұршы шетте.

    Ду,ду,ду!Дүк,дүк!

    Пойызды өткіз.

    Қол бұлғап қалайық

    «Жол болсын!»-деп біз.

    Дидактикалық ойын: «Буынға буын қос». Мақсаты: басталған буынға сызық арқылы буынды қосып, сөз құрастырып айта білуге, шапшаңдыққа, зейінділікке баулу.

    Да ға Дәп быс

    До ла Ды тер

    Ойын: «Анаграмма».

    Шарты: Геометриялық пішіндер бұрышындағы сандарды тура санау ретімен тұсындағы әріптерден сөз оқу.

    2 о 3 л 2 а 4 а

    1 б 2 и

    1 д 3 п 1 д 4 а 3 д 5 й

    4 а

    1 б 2 и

    3 д 5 и

    IV. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

    • Балалар біз бүгін қай әріппен таныстық?
  • Д дыбысы қандай дыбыс? Қандай текшемен белгілейміз?

  • Д дыбысы сөздің қай буынында келеді?

  • V. Бекіту кезеңі. «Кім тез?» ойынын ойнату арқылы балалардың білімін бекіту.

    Д дыбысына байланысты қандай сөздер білеміз.

    VI. Сабаққа белсенді қатысқан балаларды мадақтау.

    • Балалар, сендер бүгін өте жақсы жұмыс жасадыңдар, жарайсыңдар.

    • Балалар, сендер – Қазақстан Республикасының кішкентай азаматысыңдар. Келешекте біздің Қазақстан еліміздің белгілі жұлдыздары болыңдар, сондықтан мен сендерге мынадай жұлдызша сыйлаймын.

    Ответить

    Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

    Больше на

    Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

    Читать дальше