Менің отбасымдағы адамдар.

САБАҚ: Менің отбасымдағы адамдар. Ә. Нұршайықов. Немере. Мектеп: №46

Күні: 11.10.2017ж Мұғалімнің есімі: Дарменова Сара Калыковна

СЫНЫП: 2 «А» Қатысқандар саны: 26 Қатыспағандар: 0

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) 2.1.1.1 тыңдаған материал бойынша түсінбеген сөздерін белгілеу, мәтін мазмұны бойынша қойылған сұрақтарға жауап беру 2.2.6.1 – кейіпкердің сыртқы келбетін сипаттау, мінез-құлқы мен іс-әрекетін бағалау 2.3.3.1 – шығармашылық жұмысын мұғалімнің көмегімен сурет, каллиграмма, аппликация, фотосуреттер арқылы ұсыну

Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар: · Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді. Оқушылардың басым бөлігі: · Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады. Кейбір оқушылар: · Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады. Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.

Ресурстар Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар және әртүрлі заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.

Әдіс-тәсілдер Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық

байланыс Музыка, қазақ тілі,дүниетану

Жоспарланған

уақыт Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз) Ресурстар

Басталуы 5

минут

Сәлемдесу: Сәлем – сөздің анасы Сәлем- сөздің сарасы Сәлемдесер үлкенге Бұл сыныптың баласы -Балалар, көңіл-күйіміз қандай? Ендеше осындай жақсы көңілмен сабағымызды бастаймыз. Топқа бөлу2 минут Конферттегі суреттерді таңдау арқылы оқушылар 4 топқа бөлінеді. Психологиялық ахуал қалыптастыру: – Біз қандай баламыз? – Кімдерді жақсы көреміз? – Сабақты қалай оқимыз? – Мектепте қалай жүреміз? – Бүгін күн қандай? – Біз қандай бөлімді аяқтадық? – Жаңа қандай бөліммен танысамыз? – Балалар, бүгін біз жаңа бөліммен танысамыз. Бұл бөлім « Менің отбасым және достарым» деп аталады. 1-топ «Сыйластық» 2-топ «Қайырымдылық» 3-топ «Сүйіспеншілік» 4-топ «Татулық»

Ортасы 20 минут Ой қозғау: Сөзжұмбақты шешу 1. Не отбасынан басталады? 2. Әкеңнің әкесі кім болады? 3. Сен әкеңе кім боласың? 4. Мейірімді жан кім? 5. Ағайынды адамдар бір-біріне не болады? 6. Ұлдан кіші қыз бала? – Отбасы дегенді қалай түсінесіңдер? – /Оқушы ойларын тыңдау/ Музыка тыңдау : « Немере» әні – Немере дегеніміз кім? – Сендердің ата-әжелерің бар ма? Білу және түсіну 10 минут Ендеше,бүгін Әзілхан Нұршайықовтың «Немере» атты мәтінімен танысамыз. Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады. Әзілхан Нұршайықов (15 желтоқсан, 1922 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Ақбұзау ауылы – 12 ақпан, 2011 жылы Алматы) — жазушы, Ұлы Отан соғысының ардагері. Қазақ КСРнің Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1978). Қазақстанның халық жазушысы (1990). А.А.Фадеев атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты (1987). Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы Оқушылар мәтінді тізбектей оқиды. Топтарға арналған тапсырма: 1-топ: Баяндаушылар : Мәтін мазмұнын әңгімелейді 2-топ: Сұрақ қоюшылар: Оқушылар тақырып аясында сұрақтар құрастырады. Сұрақтар тақтаға ілінеді. Оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді. 3-топ: Сипаттаушылар: Мәтіндегі отбасы мүшелерін атау, сипаттау. 4-топ: Ізденуші топ: Мәтіннен әжесінің,анасының Ақайды еркелеткен сөздерін табу.Сендерді қалай еркелетеді,сол туралы айту. Әр топ берілген тапсырмалары бойынша сөйлейді. Топтарды жеке-жеке бағалау. 1 топ: Смаилик арқылы 2топ: Бағдаршам арқылы 3топ: Үш шапалақ арқылы 4топ: От шашу арқылы «Әлемді шарлау» әдісі арқылы түсіндіріледі. . сөзжұмбақ Автордың портреті Смаилик бағдаршам

Сергіту сәті

2 минут « Таныстырайын ойыны» ойнату

Аяқталуы 20

минут Жұптық жұмыс: 1. Дайын тақтадағы суреттер арқылы диалог құрау арқылы қимылмен көрсету. Оқушылар үш

А) Анасы мен баласы Ә) Әжесі мен немересі Б) Әкесі мен баласы суретпен жұмыс жасайды

Үйге тапсырма: оқу, дәптермен жұмыс.

Рефлексия

Сабақ / оқу

мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар

не білді?

Сыныптағы ахуал

қандай болды?

Мен жоспарлаған

саралау шаралары

тиімді болды ма?

Мен берілген

уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма

қандай түзетулер

енгіздім жəне

неліктен? «Шеңбердегі жүрек» 1топ: Жүректі жылжыта отырып сабақ туралы ойларын айтады «Иық тірескен шеңбер» 2топ: Қолдарын иықтарына қойып өз пікірлерін айту 3топ: «Менің отбасым» ағашына стикерлерге тілектер жазып жапсырады 4топ: Отбасындағы адамдарға деген аяулы сөздерін жеткізу

Бүгінгі сабақтағы оқу мақсаттары шынайы болды. Бүгінгі сабақта оқушылар отбасындағы адамдар және отбасы мүшелері туралы білді. Сонымен қатар немере деген кім екенін,немеренің кімге жақын екенін білді. Сабақтағы оқушылардың көңіл-күйі өте жақсы,барлық топтағы оқушылар белсене қатысты.Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды.Берілген уақытты тиімді пайдаландым. Сабақ уақытымен аяқталды.Сабақ сәтті өтті деп ойлаймын. Оқушылармен жекелей,жұптық,топтық жұмыстарды көрсете білдім.Оқушыларға жекелей көмек пен қолдау көрсетіп отыру қажет.

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше